• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: мамыр 2024

    «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі басталды

    Павлодарда көрнекті геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Ұлы дала жорығы» кең ауқымды республикалық марафон-бәйгенің үшінші маусымы басталды. Марафонның ашылу салтанатына «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, марафон-бәйгенің тең ұйымдастырушысы Әлібек Әлденей, «JORYQ» ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков қатысты. «AMANAT»-тың атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек партия ұлттық спорт түрлерін ...

    Read More »

    Elorda Cup: 14 боксшымыз жеңіске жетті (ВИДЕО)

    Астанада бокстан 12 мамырда басталған III Elorda Cup турнирі мәресіне жетті. Жарыста 24 салмақта жеңімпаз анықталып, 8 боксшы былтырғы жеңімпаз атағын қорғап қалды. Олар: Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг),  Хавасбек Асадуллаев (71 кг, Өзбекстан), Тоқтарбек Таңатқан (80 кг, Қытай), Сағындық Тоғамбай (92 кг),  Ю Ву (50 кг, Қытай, былтыр басқа салмақта топ жарған), Виктория Графеева (60 кг, ...

    Read More »

    Цифрландыру — бүгінгі білім берудегі жаңа негізгі бағыт

    Алматыда «Цифрлық жаңғыру-2024» атты форумы өтті. Бизнес-форум ірі коммерциялық компаниялар мен мемлекеттік органдардың өкілдерін бір алаңға жинады. Қатысушылар цифрлық бұлттық технологиялар, монетизацияның негізгі құралдары, Қазақстандағы инновациялық даму барысы мәселелерін талқылады. Цифрландырудың негізгі трендтерінің ішінде форум спикерлері генеративті жасанды интеллекттің дамуын ерекше атап өтті. Мұндай шешімдер қазірдің өзінде компанияның процестерін оңтайландырып, оған құндылық бере алады, ал болашақта олардың инвестициялық тартымдылығы одан ...

    Read More »

    Қазақстан индорхоккейден  Азия кубогының күміс жүлдегері атанды

    Индорхоккейден әйелдер арасында Таиландтың Чонбури қаласында өтіп жатқан Азия кубогында Қазақстан құрамасы күміс жүлдені иеленді, деп хабарлады ТСМ Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құрама финалда алаң иесі – Таиландтың командасынан 2:6 есебімен жеңілді. Жабық ғимараттағы көгалдағы хоккейді индорхоккей  деп атайды.  Биылғы Азия кубогында спорттың осы түрінен әйелдер құрамасы топтық кезеңде А тобында сынға түсті. Жарыста құрама команда Вьетнамды 28:0, Малайзияны 5:1, ...

    Read More »

    Elorda Cup: әйелдер боксынан жеті спортшымыз финалға шықты (ВИДЕО)

    Бокстан Астанада өтіп жатқан «Елорда кубогы» халықаралық турнирінде финалға шыққан спортшылар анықталды. Қазақстан сапындағы 52 келіде Жазира Орақбаева, Әнел Сақыш (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Виктория Графеева (60 кг), Милана Сафронова (66 кг), Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) мен 60 келі салмақтағы Виктория Графеева қарсыластарын жеңіп, финалға шықты. Енді финалда Виктория Графеева жартылай финалда Әсем Таңатарды жеңген үнді боксшысы Маниша ...

    Read More »

    Гимнасшы Милад Карими — Азия чемпионатының күміс жүлдегері!

    Спорттық гимнастикадан Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Милад Карими күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz. Карими көпсайыстан 84.632 ұпай жинап, жалпы есепте екінші орынға шықты. Алтын жүлдеге әлем чемпионатының бірнеше дүркін медалисі, филиппиндік Карлос Юло ие болды. Өзбекстандық Абдулла Азимов 82.431 ұпаймен турнирдің қола медалін иеленіп қана қоймай, Париж Олимпиадасына да жолдама алды. Карими де, ...

    Read More »

    Астанада алғаш рет Азия теннис федерациясының директорлар кеңесі бас қосты

    Астанада алғаш рет Азия теннис федерациясы директорлар кеңесінің жиыны болды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Оған  Қытай, Үндістан, Корея Республикасы, Өзбекстан, Камбоджа, Пәкстан, Түркменстан, БАӘ, Сауд Арабиясы, Малайзия, Сингапур, Гонконг, Иорданияның өкілдері қатысты. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе инфрақұрылымды жақсарту, екіншісі, жаттықтырушылардың әлеуетті арттыру және үшінші мәселе теннисті қаржыландыруға арналды. Елімізде теннис спортын дамыту үшін Азия теннис федерациясының ...

    Read More »

    Елімізге «Болашақтың ойындары» турнирінің комиссиялары келді

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев 2026 жылы Қазақстанда өтетін «Болашақтың ойындарын» алдын ала бағалау үшін арнайы келген Phygital International халықаралық компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Phygital International халықаралық компаниясы «Болашақтың ойындары» турнирінің құқығын иеленген. Phygital International бағалаушылары Астана қаласында 15-18 мамыр аралығында тексеріс жүргізеді. Қазір киберспорт федерациясымен бірігіп, 2026 жылы Астана қаласында өткізуді жоспарлап отырған ...

    Read More »

    Elorda Cup тунирінде жартылай финалистер анықталды (ВИДЕО)

    Астанада бокстан ересектер арасында басталған «Елорда кубогы» халықаралық турнирінің үшінші күні ерлер бәсекесінде жартылай финалға Қазақстанның 31 боксшысы шықты. Олардың арасында бірінші, екінші және үшінші нөмірлі болып өзара қолғап түйістірген отандастарымыз да бар. 57 келі салмақта Махмұд Сабырхан Өзбекстанның былтырғы ел чемпионатының күміс жүлдегері Худойназар Фаизовты 4:1 есебімен, 51 келіде Сәкен Бибосынов 2022 жылғы 22 жасқа дейінгі Азия чемпионы Мухаммадкодир ...

    Read More »

    Жібек Құламбаева ITF W75 турнирінің ширек финалына шықты

    Әлемнің 499-ракеткасы Жібек Құламбаева Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан ITF W75 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Теннисші екінші айналымда әлемнің 259-ракеткасы, жапониялық Химено Сакацумемен ойнады. Бірінші партияны Жібек Құламбаева 6:2 есебімен жеңсе, екіншісінде де есесін жіберген жоқ. Есеп  – 6:4. Бұл ойын 1,5 сағатқа созылды. Енді Құламбаева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 234-ракеткасы, хорватиялық Тена Лукас ...

    Read More »