• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 04.06.2024

    Әлия Юсупова FIG құрметті жаттықтырушысы атанды

    Қазақстан Көркем гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупова халықаралық дәрежедегі атаққа ие болды, деп хабарлады olympic.kz. 30-31 мамырда Қытайдың Шанхай қаласында өткен Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Атқарушы комитетінің отырысында Әлия Юсуповаға «Құрметті жаттықтырушы» атағы берілді. Әлия Юсупова отандық гимнастика федерациясының басшысы қызметінен бөлек, көркем гимнастиадан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы қызметін атқарады. Оның шәкірттері тұрақты түрде Олимпиялық ойындарға қатысып келеді. Париж Олимпиадасында ...

    Read More »

    Қазір бокста әрбір жекпе-жек финалдан кем емес – Мырзағали Айтжанов

    Бокстан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов Таиландтың Бангкок қаласында өткен соңғы іріктеу турнирінен кейін ерлердің ұлттық құрама командасының Олимпиадаға дайындығы туралы айтып берді, деп хабарлады olympic.kz. Ол Олимпиадаға ұлттық құраманы толық құрамды апаруды жоспарлағанын айтып, боксшылардың тқрт жылда бір айналып келетін дүрмекті додаға дайындығы тиісті деңгейде болып жатқанын атап өтті. Биылғы алға қойған жоспарымыздың бірі – Олимпиадаға толық құрамда ...

    Read More »

    Футболдан Еуропа чемпионаты көрсетілімінің ойын кестесі шықты

    Qazaqstan телеарнасында футболдан Германияда өтетін Еуропа чемпионаты көрсетілімінің кестесі шықты. Құрлықтық чемпионаттың матчтары тікелей эфирде Qazaqstan мен Qazsport телеарналарынан көрсетіледі. Сонымен бірге Еуропа стадиондарында чемпионат аяқталғанға дейін екі арнаның арнайы шығармашылық тобы жұмыс істейді. ЕURO-2024 турниріне 51 елдің ұлттық құрама командалар жолдама алған. Олар алты топқа бөлініп, ойнайды. А тобы: Германия, Шотландия, Мажарстан, Швейцария. B тобы: Испания, Хорватия, Италия, Албания. С тобы: Словения, Дания, ...

    Read More »

    Дзюдошылар өзара Олимпиаданың жолдамасы үшін күреседі

    Қазақстан дзюдо федерациясы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасына қатысатын спортшыны анықтау мақсатында іріктеу белдесудің болатынын хабарлады. Іріктеу белдесуге олимпиадалық рейтингте үздік нәтиже көрсеткен балуандар Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов пен Мағжан Шамшадин қатысады. Олар Олимпиадаға қатысуға үміткер спортшылар тізіміне кіріп отыр. Іріктеу белдесулері 7 маусымда ұлттық құраманың Алматы қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында болады. Халықаралық дзюдо федерациясы мен Халықаралық ...

    Read More »

    Елена Рыбакина: «Олимпиадада бар күшімді жекелей сында жеңуге жұмсаймын»

    Әлемнің төртінші, еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина теннистен Париж қаласында өтіп жатқан Францияның ашық чемпионаты кезінде БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, алдағы жоспары туралы айтты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Бұған дейін хабарланғандай, Рыбакина украиналық Элина Свитолинаны 6:4, 6:4 есебімен жеңіп, одан Токио Олимпиадасы кезінде кеткен есені қайтарып, «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шыққан болатын. Енді ол ¼ финалда Италияның ...

    Read More »

    Еуропалық Одақтың бизнес өкілдерімен кездесу

    Алматыда Еуроодақ агроазық-түлік кәсіпорындарының делегациялары  бас қосты. Қазақстан Орталық Азиядағы ЕО-ның негізгі серіктесі. Тығыз ынтымақтастық миссия ЕО-ның Қазақстандағы агроазық-түлік позицияларын нығайтуға бағытталған. Бұл өз кезегінде Қазақстандағы агросаланың дамуына ғана емес, Орталық Азиядағы басқа елдерге де оң әсер етіп, ЕО-ның агроазық-түлік тауарын экспорттаушыларға аймақты кеңейтуге көмектеседі. Осыған байланысты ЕО агроазық-түлік кәсіпорындарының Еуропалық делегациясымен қазақстандық кәсіпкерлер кездесіп, әңгіме дүкен құрды. Бизнес – ...

    Read More »

    Әмір Омарханов «Ролан Гарростың» екінші айналымына шықты

    Теннисші Әмір Омарханов Ролан Гаррос» турнирінің жасөспірімдер арасында өтіп жатқан жарысында жұптық сында екінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге алғашқы ойынын франциялық Антуан Фато мен Даниэль Жадемен ойнап, оларды 7:6 (7:5), 6:2 есебімен жеңді. Бұл матч бір сағаттан астам уақытқа созылды. Енді Омарханов – Дерепаско дуэті ширек финалға шығу үшін жарыстың 5-ракеткалары, франциялық ...

    Read More »

    ҚФФ Станислав Черчесовтың жалақысына қатысты мәлімдеме жасады

    Қазақстан футбол федерациясы әлеуметтік желіде ұлттық құрама команданың бас жаттықтырушысы болып тағайындалған Ресей азаматы Станислав Черчесовтың алатын жалақысы туралы тараған ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады. Кейбір ақпарат көздері Черчесов жылына 1,2 млн еуроға жуық ақша алады деп жазған. Мысалы, әлеуметтік желідегі ақпаратқа қарағанда ол айлығын теңгеге шаққанда 1 168 800 000 теңге алады. ҚФФ бұл ақпаратты растамады. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған футболдан ...

    Read More »