Малайзияның Кучинг қаласында паратаэквондодан (пумсэ) өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшылары 2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлады Таеквондо федерациясы. Абзал Ахметкерей (Р31 санаты) мен Карен Овсепян (Р33 санаты) чемпион атанды. Елдос Жәнібек (Р34 санаты) пен Дәурен Серіков (Р33 санаты) күміс жүлдегер болса, Айдарбек Расқалиев (Р21 санаты) қола медальді иеленді. Енді таяу арада Астанада таэквондодан ...
Read More »Daily Archives: 31.07.2025
Биыл елімізде 32 спорт ордасы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде спорт инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері еліміздің 14 өңірінде 32 спорт нысаны пайдалануға берілді. Ал жыл соңына дейін тағы 70 нысанның құрылысы аяқталады деп жоспарланған, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Жаңа нысандарда бокс, баскетбол, волейбол, футбол, күрес, үстел теннисі және басқа да спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік бар. Биыл пайдалануға ...
Read More »Заңғар Нұрланұлы алғаш рет челленджер турнирінің ширек финалына шықты
Астанада Президент кубогы үшін теннистен өтіп жатқан челленджер турнирінде Заңғар Нұрланұлы сенсациялық нәтижеге жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Заңғар Нұрланұлы жұптық сында словакиялық Михал Крайчимен бірге алғашқы айналымда поляк Олаф Печковски мен үндістандық Сингх Каранды 6:4, 6:1 есебімен жеңді. Бұл Заңғар Нұрланұлының спорттық жолындағы челленджер додасындағы алғашқы жеңісі болып отыр. Отандасымыз ең шешуші тұстарда шеберлігін көрсетіп, сәтті ойнай білді. ...
Read More »