Су спорты түрлерінен Сингапурда өтіп жатқан әлем чемпионатында Әділбек Мусин жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты.
Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен 23.33 секунд жүзіп шықты. Осы нәтиженің арқасында ол 18-орынға орналасты.
Жартылай финалға тек 16 спортшы шығады. Егер басқа жүзушілер белгілі бір себеппен жарыспаса, Әділбек Мусин солардың біреуінің орнын алмастырады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА