• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    «Динамо» ФК

    Бахтиер Зайнутдинов не үшін Ресейді таңдағанын айтты

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Мәскеудің «Динамо» клубына не себепті ауысқанын айтты.

    «Динамо» клубына келгеніме өте қуанып отырмын. Жігіттер мені жақсы қарсы алды. Командадағы бес-алты футболшыны танимын. Солармен қайта қауышқаныма қуаныштымын. Валерий Карпиннің ойыншыларға беретін жүктемесі әртүрлі, өте қарқынды жаттығулар жасатады. Оқу-жаттығу жиынына қатысып, бірте-бірте қалыпқа келіп жатырмын.

    «Динамоның» амбициясы көп. Мен жоғары орындар үшін барымды саламын. Чемпион атану арманым, — деді Зайнутдинов.

    Бүгін Бахтиер Зайнутдинов «Динамо» құрамында Ресей кубогы үшін жарыста «Сочимен» ойнайды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *