• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Астана қаласының әкімдігі

    Таеквондошы Сабрина Байжігітова жастар арасында әлем чемпионы атанды

    Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында таеквондодан 15-17 жас аралығындағы жастар арасында GTF әлем чемпионаты аяқталды. Оған әлемнің 25 елінен 600-ден астам спортшы қатысты. Бұл сында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Сабрина Байжігітова әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Астана қаласының әкімдігі.

    Қазақстан құрамасы бұл жарыста лайықты өнер көрсетті. Атап айтқанда, Астана қаласының спортшысы Сабрина Байжігітова 40 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Ол жақсы дайындығын, шеберлігін, төзімділігін және жеңіске деген жігерін көрсете білді.

    Чемпиондық атақ үшін болған тартысты жекпе-жектерде Сабрина Байжігітова алтын медальға үмітті өзге елдердің үздік спортшыларымен күш сынасты. Алайда сенімділік пен нағыз спортшыға тән мінез көрсеткен ол финалда ресейлік қарсыласынан айқын басым түсіп, әлем чемпионатының барлық кезеңінен сүрінбей өтті, — делінген хабарламада.

    Жалпыкомандалық есеп бойынша Қазақстан құрамасы әлемнің үздік үш командасының қатарына еніп, таэквондоның қазақстандық мектебінің жақсы деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

     

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *