9-10 шілде аралығында Қырғызстанның Бішкек қаласында грек-рим күресінен жастар арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан балуандары екі алтын жүлдені жеңіп алды. Одан басқа бір күміс, үш қола медальді иеленді. 87 келіге дейінгі салмақта Темірлан Тұрдақын құрмет тұғырының биік сатысына көтерілсе, одан кейін оның жолын 82 келіге дейінгі салмақта Диас Сейітқалиев қайталады. Ол да жастар арасында Азия чемпионы атанды. 77 келіге дейінгі ...
Read More »Monthly Archives: шілде 2025
Туризм және спорт министрлігі спорт ардагерлерін қолдау бойынша жүйелі жұмыс істеп жатыр
Туризм және спорт министрлігінің еліміздегі спорт ардагерлерін қолдау шараларын іске асыру аясындағы маңызды қадамдардың бірі – «Қазақстан спорт ардагерлері одағы» республикалық қоғамдық бірлестігімен тығыз ынтымақтастық орнату болып отыр. Осыған байланысты аталған бірлестік биыл ақпан айында дене шынықтыру және спорт ардагерлерін қолдауға, сондай-ақ халық арасында патриоттық тәрбиені дамытуға мүдделі азаматтардың бастамасымен құрылған болатын, деп хабарлады ведомство. Ұйым құрылтайшылары – мемлекеттік және ...
Read More »Нұрсұлтан Құрман – Қазақстан футзал қауымдастығының президенті
Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті қызметіне спорт менеджері Нұрсұлтан Құрман тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. 2023-2024 жылдары Нұрсұлтан Құрман Қазақстан футзал қауымдастығы президентінің орынбасары қызметін атқарды. Бұл кезеңде ол медиа стратегия мен коммуникация бағыттарына жетекшілік етті. 2025 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі болды. Сонымен қатар, 2025 жылдың мамыр айында ҚФФ Атқарушы комитетінің құрамына енді. Нұрсұлтан Құрман ...
Read More »Қазақ қызы шахматтан Әлем кубогында сенсация жасады
Шахматтан әйелдер арасында Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан Әлем кубогында Меруерт Камалиденова (рейтингте 59-орын) 1/32 финалда қазіргі чемпион Александра Горячкинаны (рейтингте 6-орын) жеңіп, сенсация жасады. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады. Әлемнің 107 шахматшысы бақ сынап жатқан бәсекеде әр қатысушы қарсыласымен классикалық форматта 2 партия ойнап, өзара жеңімпазды анықтайды. Енді отандасымыз ертең қара фигурада ойнайды, — делінген хабарламада. Бұл турнир 2021 жылдан ...
Read More »Жыл бойы жеткен жетістіктер
«Біліп алып саяңнан», демекші жыл бойы біліп ала жүріп, жаттығуын тастамай биіктерге жеткен жасөспірімдер жазғы демалысқа көңілді күймен шықты. К.Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің оқушылары мен студент жастары биылғы оқу жылын аяқтап, жазғы демалыстарына аттанды. «Оқу инемен құдық қазғандай», демекші жыл бойы мектеп қабырғасында білімін шыңдаған оқушылар үшін демалыс қажет-ақ. Міне, көптен күткен демалыс айлары да келіп ...
Read More »Елімізде әуесқойлар арасында футболдан жаңа чемпионат басталды
Қазақстан футбол федерациясы бұқаралық футбол саласындағы ең ірі ұлттық жобаны таныстырды. Бүгіннен бастап еліміздің барлық аймағын қамтитын 11х11 форматында «Қазақстан әуесқой лигасы» басталды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Бұл бастама президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауында айтылған басым бағыттармен үндеседі. Жолдауда бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудың маңызы ерекше атап өтілген. Биыл алғаш рет ұйымдастырылған лига енді жыл сайын ...
Read More »Еуропа лигасы: «Ақтөбе» сырт алаңда «Легияға» есе жіберді
«Ақтөбе» футбол клубы UEFA Еуропа лигасының бірінші іріктеу турнирінде Польшаның «Легия» (Варшава) командасымен ойнап, жеңіліп қалды. Матчты «Ақтөбе» жақсы бастады. Ақтөбенің клубы сапынан Оралхан Өміртаев 9-минутта гол салып еді. Алайда төреші Оралханның ойыннан тыс қалғанын айтып, оны санамады. 25-минутта «Легия» алға шықты. Голдың авторы — Ваган Бичахчян. Осыдан кейін «Ақтөбе» есепті теңестіруге ұмтылса да мақсатына жете алмады. Қорытынды есеп – ...
Read More »Жібек Құламбаева Нидерландта жартылай финалға жолдама алды
Теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Нидерландтың Гаага қаласында өтіп жатқан ITF W75 турнирінің жартылай финалына шықты. Ол украиналық Валерия Страхова екеуі жарыстың 1-ракеткалары болып тіркеліп, доданы бірден ширек финалдан бастады. Құламбаева мен Страхова испаниялық Кристина Дьяс-Адровер мен нидерландылық Антония Стояновпен ойнап, жеңіске жетті. Бірінші партияда испан мен нидерландылық дуэт 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте Құламбаева – Страхова 6:1 есебімен ...
Read More »Конференция лигасы: «Ордабасы» Грузияның «Торпедосынан» жеңілді
Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы UEFA Конференция лигасы бірінші іріктеу турниріндегі алғашқы ойынын Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) командасымен ойнады. Матчта бірінші таймында екі жақ екі-екі голдан соғып үлгерді. Әуелі «Торпедо» құрамында Бьорн Маарс Джонсен 30-минутта есеп ашса, Шымкенттің жасағынан Михай Кэпэцынэ 32-минутта таразы басын теңестірді. 33-минутта «Ордабасы» сапындағы Лука Имнадзе қақпаны діл көздеді. Содан кейін алаң иелерінен Матей Симик 45-минутта есепті теңестіріп ...
Read More »Ауыр атлетикадан АЧ: Қазақстан – көшбасшы!
Астанада жасөспірімдер мен жастар арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды. Оған 25 елден келген 14 пен 20 жас аралығындағы 300-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Чемпионатта еліміздің намысын 29 спортшы қорғады. Азия ауыр атлетика федерациясының президенті Мохаммед Юсеф Аль-Мана турнирдің лайықты деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатының Қазақстанда өтіп жатқанына қуаныштымыз! Бұл ...
Read More »