Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында грек-рим күресінен белдесулер аяқталды. Қазақстан құрамасы үш қола медаль жеңіп алды. 24 қазанда басталған әлем чемпионатында еліміздің атынан он салмақ дәрежесінде он балуан сынға түсті. Алғашқы екі медальді Исхар Курбаев пен Айдос Сұлтанғали иеленсе, Бағдат Сабаз үшінші қола жүлдені ел қоржынына салды. Қазақстан күрес федерациясының хабарлауынша, 55 келіде белдескен Исхар Курбаев жарысты ...
Read More »Monthly Archives: қазан 2026
Күрестен әлемдік дода қыза түсті
Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер күресі басталып, грек-рим күресінен шешуші белдесулер жалғасын тапты. Қазақстан атынан алғаш болып бозкілемге Бейбіт Сейдуәлі шықты. Ол 65 келіге дейінгі салмақта алғашқы айналымда Гонконг өкілі Цуй Тин Саумен белдесті. Бейбіт Сейдуәлі қарсыласын айқын басымдықпен 10:0 есебімен жеңіп, 8/1 финалға жолдама алды. Бұл айналымда ол Чили өкілі Хименес Фернандестен 3:2 есебімен айласын асырып, ширек финалға шықты. Алайда ...
Read More »Соңғы күнгі серпіліс
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті зақымданған және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында өткен V Азия Пара ойындары мәресіне жетті. Қазақстан спортшыларының арасынан жарыс алаңына соңғы болып шыққан волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама команда күміс медаль иеленді. Отандастарымыз финалда Иран құрамасымен ойнап, 0:3 есебімен жеңілді. Осылайша, ұлттық команда Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды. Ал ...
Read More »Пара Азиада: Қазақстан волейболдан күміс жүлдені иеленді
Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында волейболды отырып ойнаудан Қазақстан ұлттық құрамасы күміс медаль иеленді. Финалда ұлттық құраманың спортшылары Иран командасымен ойнап, 0:3 есебімен жеңілді. Ал қола жүлдеге Ирак құрамасы ие болды. Қазақстан командасы жарысты жақсы бастаған еді. Алғашқы ойында отандастарымыз Таиланд құрамасын жеңген болатын. Одан кейін Иранмен ойнап, 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Ал жартылай финалда Ирак ...
Read More »Еркін Оқасов тағы бір қызметке кірісті
Қазақстан күрес федерациясының төрағасы Еркін Оқасов Біріккен күрес әлемі ұйымы (United World Wrestling) бюросының мүшесі болып сайланды, деп хабарлады Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі. Федерация баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, сайлау бүгін Астанада Біріккен күрес әлемі ұйымының кезекті конгресінде болды. Оған UWW басшылығы мен әлемнің әр елінен келген ұлттық федерациялардың делегаттары қатысты. Жиынның күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі ұйымның президенті мен ...
Read More »Максим Богатырёв параканоэден әлем чемпионы атанды
Аргентинаның Гуалегуайчу қаласында байдарка мен каноэде ескек есу марафонынан және параканоэден өтіп жатқан әлем чемпионатында ерлер арасында параканоэден VL1 санатында сынға түскен отандасымыз Максим Богатырёв алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Ескек есу спорты түрлерінен ұлттық федерацияның баспасөз қызметі. Ол жарыстың алғашқы күні қайықпен 8 шақырым 200 метрді 58 минут, 03.17 секундта жүзіп өтті. Максим Богатырёв мәре сызығын екінші кескен ...
Read More »Астанаға алыс елдерден апайтөс балуандар жиналды
24 қазан мен 1 қараша аралығында Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Жылдың басты додаларының біріне 135 елден 900-ден астам спортшы қатысады, деп хабарлады Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі. Тоғыз күнге созылатын жарыста күрестің үш түрі бойынша 30 салмақ дәрежесінің чемпиондары анықталады. Астана бозкілемінде Олимпиада және әлем чемпиондары, халықаралық рейтингтегі көшбасшылар ...
Read More »Велоспортшылар Пара Азиада чемпионы атанды
Жапонияның Аичи префектурасы мен оның орталығы Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарынан тағы да қуанышты хабар келіп жетті. Қазақстан құрамасы пара велоспорттан тағы екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алды. Бүгін тасжолдағы жарыста B класында ерлер арасында Наиль Ермұханбет пен оның пилоты Руслан Әлиев 65 шақырымды 2 сағат 1 минут 21 секундта жүріп, мәреге бірінші болып жетті. Олардан ...
Read More »Азиада жүлдегері — менің ауылымның түлегі!!!
…Нұршатынан, нұрлы ұлдан айналдым!!! …Нұршат Төлеуқасымның Пара Азиададағы қос медалі (күміс және қола) ең әуелі Қазақстанға тиесілі, онан соң Жетісу облысына тиесілі, онан соң облыстың Қаратал ауданына тиесілі, ал сонан соң, менің туған ауылым — «Көпбірлікке» тиесілі! … Нұршаттың атасы Төлеуқасым ағаның құшағында өстік біз. Ол аға менің туған ағам Жапарбекпен бір класта оқыды. Кейін балықшы болды. Одан соң ау-сайман ...
Read More »Азия Пара ойындары: Қазақстан жүзуден күміс жүлдегер атанды
Жапонияда жалауы желбіреген Азия Пара ойындарында ұлттық құрама комананың сапындағы Наталья Звягенцева, Айсұлтан Күлкеев, Сиязбек Далиев пен Зульфия Габудуллина пара жүзуден 4х50 еркін стидьде аралас эстафетада 2:48.99 уақыт көрсеткішімен күміс медальді иеленді. Бірінші орынды Қытай (2:25.22), ал үшінші орынды Филиппин командасы (2:54.64) алды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары