Лаура Алмағанбетова еркін күрестен 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Азия чемпионы атанды. Қазақстан күрес федерациясының хабарлауынша, United World Wrestling ұйымы Лаура Алмағанбетоваға арнайы хат жолдаған. Онда Бішкекте өткен Азия чемпионатының финалында Лаурамен белдесіп, алтын медаль жеңіп алған үнді балуанының допингке қарсы талаптарды бұзғаны жазылған. Осылайша чемпионаттың 57 келіге дейінгі салмақтағы алтын медалі Лаула Алмағанбетоваға беріледі. Лаура Жақсылыққызы Қостанай облысында туған. ...
Read More »Азия чемпионаты
Қазақстан Азия чемпионатында алты жүлде алды
Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында өтіп жатқан пневматикалық қарумен нысана көздеуден XV Азия чемпионатының соңғы күні Қазақстан құрамасы күміс жүлдені иеленді. Ирина Юнусметова мен Валерий Рахимжан жұбы 10 метрден тапаншамен нысана көздеуде екінші орын алды. Бұл — біздің мергендердің осы сары құрлық бәсекесіндегі алтыншы жүлдесі. Осыған дейін винтовкамен 10 метрден нысана көздеуде Елизавета Безрукова мен Ислам Усейнов жұбы аралас сында қола ...
Read More »Қазақстан Азия чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты
Иранның Бендер-Аббас қаласында жағажай волейболынан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Сары құрлықтағы 11 елдің 29 құрамасы 18 қарашаға дейін мықты команданы анықтайды. Бұл қатарда жарыс қожайыны Иран төрт құрама қосса, Қазақстан, Австралия, Қытай, Таиланд, Жапония мен Катар үш командадан жіберді. Оман, Индонезия, Гонконг екі жұптан аттандырды. Тек Үндістан бір құрамасына сенім артады. «D» тобындағы Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату жұбы (Қазақстан ...
Read More »Нысананы көздеушілер Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында өтіп жатқан пневматикалық қарумен нысана көздеуден XV Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде түсті. Винтовкамен 10 метрден нысана көздеуде Елизавета Безрукова мен Ислам Усейнов жұбы аралас сында қола медаль жеңіп алды. Бұл — Қазақстан құрамасынының еншісіндегі бесінші-медаль. Осыған дейін командалар арасындағы сайыста еліміздің ерлер құрамасы күміс, әйелдер құрамасы қола жүлдегер атанған. Ал оның алдында Константин ...
Read More »Су добынан ерлер құрамасы — Азияның қола жүлдегері!
Таиландтта су добынан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрама командасы да қола жүлдегері атанды. Еліміздің ерлер құрамасы Иран командасын 8:5 (1:1, 1:1, 4:3, 2:0) есебімен ұтты. Бұған дейін су добынан әйелдер құрама командасының Азия чемпионатының қола жүлдегері атанғаны туралы хабарланды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Су добынан Қазақстан құрамасы Азияның қола жүлдегері атанды
Таиландтта су добынан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның әйелдер құрамасы қола жүлдегері атанды. Қазақстанның арулар командасы үшінші орын үшін ойында Таиланд құрамасымен кездесіп, алаң иелерін 15:4 есебімен жеңіске жетті. Бұған дейін бұрымдыларымыз жартылай финалда Жапониядан 12:16 есебімен жеңілген болатын. Бүгін Азия чемпионатының қола жүлдесін Қазақстан ерлер құрамасы сарапқа салады. Олардың қарсыласы — Иран құрамасы. Енді Андрей Сазыкин жаттықтыратын команда қола ...
Read More »Азия чемпионатында Қазақстан боксшылары бірінші орын алды
Иордания астанасы Амман қаласында бокстан XXXII Азия чемпионатын аяқталды. Қазақстан ерлер мен әйелдер құрамасының нәтижесін қоса есептегенде жалпы есепте бірінші-орын алды. Қоржынымызда 6 алтын, 7 күміс пен 8 қола жүлде. Екінші – Өзбекстан (6 алтын, 3 күміс, 4 қола), үшінші – Үндістан (4 алтын, 2 күміс, 5 қола). Бәсекені соңғы күні ерлер 13 салмақта биылғы үздіктерді анықтады. Қазақстан құрамасы сапындағы ...
Read More »Қазақ боксшыларының финалдағы қарсыластары анықталды
Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалы аяқталды. Нәтижесінде Қазақстан ұлттық құрамасының 12 боксшысы финалға шығып отыр. Олардың тоғызы – ер, үшеуі – әйел. 48 кг салмақ дәрежесінде Алуа Балқыбекованың қарсыласы жапониялық Като Хикару жарақатына байланысты финалға шықпайды. Сол себепті, Балқыбековаға Азия чемпионы атағы берілді. Осылайша ол екі дүркін құрлық чемпионы атанды. Әйелдер арасындағы финалдық жекпе-жектер 11 қарашада өтсе, ерлердікі 12 ...
Read More »Бокс: Алуа Балқыбекова Азия чемпионы атанды
Иорданияның астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Алуа Балқыбекова алтын медальді жеңіп алды. 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Балқыбекова жартылай финалға жетіп, алтын жүлдеге таласуға мүмкіндік алған еді. Бүгін ол финалдағы қарсыласы қолын жарақаттап алғандықтан алтын медальді жекпе-жекке шықпай иеленді. Осылайша Алуа Балқыбекова Азияның екі дүркін чемпионы атанды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Азия чемпионаты: жартылай финалдағы қарсыластар анықталды
Бокстан Азия чемпионатының жартылай финалы 9-10 қарашаға жоспарланған. Финал 11-12 қараша күндері болады. Назарларыңызға ұлттық құрама команда боксшыларының кімдермен шаршы алаңға шығатынын ұсынамыз. Жартылай финал. 9 қараша: 48 кг. Алуа Балқыбекова – Фарзона Фозилова (Өзбекстан) 50 кг. Назым Қызайбай – Цукими Намика (Жапония) 52 кг. Жазира Орақбаева – Ринка Киношита (Жапония) 54 кг. Жайна Шекербекова – Хуан Сяовэнь (Тайвань) 57 ...
Read More »