Жақында белгілі қаламгер, спорт тарихшысы Қыдырбек Рысбек «Қазақтың 72 бапкері» мен «Саңлақ» деген кітаптарын шығарып, оқырман қауымды қуантты. Қыдырбек ағаны қазақтың қалың оқырманы өткен ғасырдың 80-жылдарынан жақсы біледі. Ол кісі қазақ спорт журналистикасының көшбасшысы Сейдахмет Бердіқұлов басқарған «Лениншіл жас» газетінде қарымды қаламгер Несіп Жүнісбайұлымен бірге спорт тақырыбында қалам тартты. Сол кезден бері ол еліміздің барлық жаттықтырушыларымен, спортшыларымен, спорт мамандарымен, басшыларымен, ...
Read More »Сайыпқыран
Қамшыбек ҚОҢҚАБАЕВ: «Ешқашан оңай жекпе-жек болмайды»
18 желтоқсан күні аса ауыр салмақтағы боксшы Қамшыбек Конқабаев «INDEPENDENCE DAY» спорт кешінде украиналық Сергей Радченкомен шаршы алаңға шығады. Қазір боксшылар жекпе-жекке дайындалып жатыр. Жақында біз шойын жұдырықты былғары қолғап шеберімізбен кездесіп, алдағы айқасқа дайындығы туралы аз-кем әңгімелескен едік. –Қамшыбек, 18 желтоқсанда кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегіңді өткізесің ғой. Дайындық қалай болып жатыр? –Жуырда Қазақстан чемпионатының болғанын білесіздер. Осы жарысқа қатысқан ...
Read More »Жаныңда жүр жақсы адам
Қарға тамырлы қазақпыз. Бір-бірімізге айырламас жақын ағайын-туыс, ажырамас, дос-құрдас болып араласып жатамыз. Біздің қазақтың өзге ұлттан өзгешілігі, құдіреттілігі де осында ма деймін. Қарап тұрсаң өзіңе деген сенімді, әр кезде қасыңнан табылатын, қамқоршы достарың туған бауырдай болып кетіп жатады. Қазақ достың көңілі бір атым насыбайдан қалады деп достықтың кей кезде сынаптай сырғып кететін сенімнен шығатындары да болатындығын ескертеді. Әңгіме барысы жаныңда ...
Read More »Өлмейді Марадона!!! (фото)
Өзі өлгенмен оның ғаламат футболы өлмейді! Мен үшін МАРАДОНА әлемдік футболдың ең жарық жұлдызы боп қала береді! Өйткені мен оның ҰЛЫ ФУТБОЛЫНА куә болған жанмын! Міне,оқыңыздар! Мұндай жанның ӨЗІ ӨЛГЕНМЕН ӨНЕРІ ӨЛМЕЙДІ!!! Мен көрген Марадона О, тоба, ол маған тіпті таяу келді. Жиналғандарға жанарын жарқ еткізіп бір қарады да, үн-түнсіз орындыққа отыра кетті. Жонылған ағаштың бұрғыша бұралған қабығындай боп ұйысқан ...
Read More »Еркін күрестің Құлагері
Еліміздегі еркін күрес тарихында аты алтын әріппен жазылған айшықты балуан, қазақ жастары арасынан тұңғыш рет Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері, сонымен қатар, қандастарымыздың арасынан Азия ойындарының алғаш рет алтын жүлдесін жеңіп алған қазақтың даңқты балуаны Мәулен Сатымбайұлы Мамыровтың даңғыл жолы. Кең байтақ жерімізді сыртқы жаудан қорғауда қазақ батырларының жауынгерлік өнерді терең меңгергендіктері туралы бүгінде толассыз айтылып, жазылып келеді. Әрине, батыр бабаларымыздың ...
Read More »Білім ордасының ұраны – жас ұрпақтың рухын оятып, ел намысын көтеру
(Қыран бүркіт не алмайды салса баптап…) «Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем ететін нәрсе». Ғабит МҮСІРЕПОВ –Намысы жоғары елінің патриот ұл-қыздарын тәрбиелеп шығару мектеп қабырғасынан басталары белгілі. Сондықтан да жасөспірімдердің тәрбиесіне айрықша көңіл бөлу ұстаз қауымына артылар жауапты сын. Осы орайда, К.Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директоры, «Құрмет» орденінің ...
Read More »Таудан тартылған аспалы жол
Ауыл спортының майталманы, туған жерінің жотасындағы тауға шаңғыдан аспалы жол салып, жастардың қысқы спорт түрімен айналысуына жағдай жасаған ардақты азамат Ноғай Мүсірбаев туралы бір үзік сыр. Қысқы спорт түрлерінен Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары арасынан алтын жүлдені жеңіп алған жерлесіміз, төрт жылда бір айналып келетін дүрмекті доданың төрт дүркін күміс, екі дүркін қола жүлдегері, төрт дүркін әлем чемпионы, Владимир Смирнов елімізге ...
Read More »Алыса кетсе алдырмайтын Алмас
Самбодан 1984 жылғы Әлем кубогының иегері, 1986 жылғы Еуропа чемпионы және алтын белбеудің иегері, КСРО чемпионатының 1981-1984 жылдардағы чемпионы, 1981-1984 жылдың үздік спортшысы, 1982 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, 1984 жылғы КСРО кубогының иегері, 1980-1984 жылдарғы КСРО Қарулы күштері чемпионатының жеңімпазы, КСРО 4-5-ші ауыл спорты ойындарының чемпионы, дзюдо күресінен КСРО Ауыл шаруашылығы жоғары оқу орындарының арасында Орта Азия, Кавказ және ...
Read More »Талапты ерге нұр жауар
Алматы облысы Денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаевтың сара жолы. Ауыл – қазақтың күре тамыры, алтын бесігі, алтын ұясы. Ауылдан қаншама таланттар туып өсіп, еліміздің көрнекті салаларында жұмыс істеп жатыр. Ал спорт саласына келсек, үлкен спортта әлемдік ареналардың шаңын шығарып, ел намысын абыроймен қорғаған қаншама дарындар бар. Ауыл топырағы талантты жастың талантын ашып, денесін шыңдай ...
Read More »Су добының саңлағы
Қазақ спорты тарихында су добынан ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, сонар биікке шыға білген спортшылар саусақпен санарлық. Солардың бірі, бірегейі су добынан халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері, Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Асқар Оразалинов. Асқардың су добы спортында жеткен жетістіктері бір түйеге жүк артқандай жетерлік. «Қасқа биеден қасқа тумаса да төбел туады», деген жақсы бір айтылған сөз ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары