• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Сайыпқыран

    Елге лайық ер туар

    Қазақ күресінен екі дүркін Әлем, үш дүркін Азия чемпионы, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Бауыржан Таубалдыұлы Тәліптің атындағы республикалық жарыс, төл күресіміздің ауыл-аймақтарда ерекше дамып келе жатқанының айрықша айғағы болды. Шымыр денелі, мінезі өткір, рухы мықты ауыл балалаларының ата күресімізге деген ықыласы жоғары. Өйткені бұл күрес ата-бабаларымыздан бері келе жатқан ұлттық өнеріміздің алтын көпірі. «Батыр туса ел ырысы», деген бір қанатты ...

    Read More »

    Талас Әшірханов — болашақ Олимпиада үміті

    Талас Әшірханов — Сарысу ауданы, Жаңатас қаласының тумасы. 2001 жылы дүниеге келген жас спортшы грек-рим күресімен 10 жасынан бері айналысып келеді. 2025 жылы 77 кг салмақ дәрежесінде ересектер арасында Қазақстан кубогының иегері атанып, ел спортының үмітін ақтаған балуан. Осы жылы Германияның Дортмунд қаласында өткен халықаралық іріктеу турнирінде жартылай финалға дейін жетіп, неміс балуаны Роберт Фрицке ұпай санымен есе жіберіп, бесінші ...

    Read More »

    Қошқар Дін-Мұхамед – тәжірибе мен табандылықтың үлгісі

    13–21 қыркүйек аралығында Хорватияның Загреб қаласында грек-рим күресінен ересектер арасында өткен әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғаған жамбылдық балуан Қошқар Дін-Мұхамед 67 келі салмақ дәрежесінде күресті. Ол алғашқы айналымдарда сенімді күресіп, қарсыластарына лайықты қарсылық көрсетті. Армения өкілі, тәжірибелі балуан Славик Галстянға ұпай санымен есе жібергенімен, бұл дода Дін-Мұхамед үшін үлкен тәжірибе мектебі болды. Айта кетерлігі, бұл оның ересектер арасындағы екінші әлем ...

    Read More »

    Түркістан облысының тумасы Азамат Мақұлбеков жаңа рекорд жасады

    1986 жылы туған спортшы Азамат Нұрғалиұлы Мақұлбеков күш пен төзімділіктің нағыз символына айналды. Ол бұған дейін V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының алыптар сайысында жеңімпаз атанып, ел мерейін үстем еткен еді. Сондай-ақ 40 келілік қошқарды 3555 рет отырып-тұрып көтеріп, Қазақстанның рекордтар кітабына енген болатын, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Енді міне, батыр спортшы жаңа биікті бағындырды. Алматыдағы әйгілі «Медеу» мұз ...

    Read More »

    Тарихи қола жүлде

    Семсерлесуден Грузияның Тбилиси қаласында өткен әлем чемпионатында Қазақстаннның намысын қорғаған төрт саңлағымыз қола жүлдені жеңіп алып, әлемді аузына қаратты. Сын алаңына шыққан Кирилл Проходов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов пен Эльмир Әлімжановтар төрттігі үшінші орын үшін бәсекеде осы спорт түрінде алдына жан салмай әлемдік  рейтингте үшінші сатыда келе жатқан Франция құрамасын  тас-талқан етіп жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды. Бұл ...

    Read More »

    Жылдың үздіктері төрден көрінді

    Астанада Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен жыл сайынғы «Үздік-2024» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы болды, деп хабарлады ТСМ. Салтанатты жиынға Парламенттің депутаттары, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпиондары мен медалистері, халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, спорт журналистері қатысты. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2024 жыл отандық спорт үшін ерекше жыл болғанын атап өтті. Қазақстан спортшылары биыл халықаралық ірі жарыстарда табысты ...

    Read More »

    Ғалымжан Кенжебек: «Ұлттық құрамаға шақырғанда көзіме еріксіз жас үйірілді»

    Биыл бірнеше жас ойыншы ұлттық құрама команданың сапында алғаш рет жасыл алаңға шықты.  Оның арасында 21 жастағы Ғалымжан Кенжебек те бар. Дарынды ойыншы ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында кәсіби футболдағы жолы, «Қайратта» ойнаған уақыты, Кипр чемпионы мен Испанияға қарсы ойыны туралы айтып берді, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. – Ғалымжан, футболдағы жолыңның қалай басталғанын, Таразда секцияға кім әкелгенін айтып берсең. – Футболды ...

    Read More »

    Қазақстан спортшыларының Универсиададағы жарыс кестесі шықты

    Қытайдың Чэнду қаласында өтетін Дүниежүзілік студенттік ойындарына қатысатын Қазақстан спортшыларының жарыс кестесі шықты. Университет спортшыларының халықаралық федерациясының (FISU) XXXI Дүниежүзілік студенттік ойындары Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Чэнду қаласында 28 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Оған Қазақстан атынан спорттың 11 түрінен 93 спортшы қатысады. Спортшылар садақ ату, оқ ату, жеңіл атлетика, спорттық гимнастика, дзюдо, көркем гимнастика, үстел теннисі, таеквондо, у-шу, ...

    Read More »

    Нилуфар РАЙМОВА: «Алғаш рет ересектер арасында үшінші орын алып тұрмын»

    Нилуфар Раймова қырғыз өкілі Бермет Нуридинқызын Азия чемпионатының қола жүлде үшін белдесуінде жеңіп, жүлдеге ие болды. Қазақстан әйелдер құрамасында үшінші қола медаль алған Нилуфар Раймова жарыстан кейін сұхбат берді. — Алғашқы белдесуімде тайпэйлік Ю Ченг Хангпен кездестім. Бірінші кездесуім болғасын қиындау болды. Ауыр болды. Оны 6:5 есебімен жеңдім. Бірінші кездесу бәріне қиын болады. Екінші қарсыласым өзбекстандық Ләйла Сабировамен бұрын кездеспегенмін. ...

    Read More »

    Өмірден кім өткенін білесіз бе?

    29 желтоқсан. Бразилия. Сан-Паулу қаласы. Футболдан әлемнің үш дүркін чемпионы, Бразилия құрама командасының бұрынғы даңқты шабуылшысы Пеле ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды. Адамзаттың теңдессіз футболшысы Пеле он жылға жуық уақыттан бері тоқ ішектің обыр ауруымен ауырды. Бірнеше рет отаға да түсті. Ол биылғы қазан айының 23-і күні 82 жасқа толып еді. Пеле (шын аты-жөні – Эдсон Арантес ду Насименту) 1940 ...

    Read More »