• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Құрмет

    Алыса кетсе алдырмайтын Алмас

    Самбодан 1984 жылғы Әлем кубогының иегері, 1986 жылғы Еуропа чемпионы және алтын белбеудің иегері,  КСРО чемпионатының 1981-1984 жылдардағы чемпионы, 1981-1984 жылдың үздік спортшысы, 1982 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, 1984 жылғы КСРО кубогының иегері, 1980-1984 жылдарғы КСРО Қарулы күштері чемпионатының жеңімпазы, КСРО 4-5-ші ауыл спорты ойындарының чемпионы, дзюдо күресінен КСРО  Ауыл шаруашылығы жоғары оқу орындарының арасында Орта Азия, Кавказ және ...

    Read More »

    Құрыш білекті қаһарман

    Ережесіз жекпе-жектен елімізде өз салмағы бойынша алғаш чемпион атанған білекті балуан, жүректі жігіт Болатхан Сүлейменов туралы толғам. Қазақ даласында сонау Сақ дәуірінен бері ата-бабамыз жекпе-жек өнеріне бейім болғанын тасқа жазылған жазу-сызба суреттерден білеміз. Сондықтан да осы құс ұшса қанаты, ат шапса аяғы талатын, ұлан-ғайыр құтты мекенімізді сыртқы жаулардан қорғауда, қазақтың әрбір баласы соғыс пен  жекпе-жек өнеріне шыңдалып бойына сіңіріп өскен. ...

    Read More »

    Ауыр атлетикадан Алаштың асқар белдей ерлері

    Ауыр атлетикадан қазақ жастарының арасынан тұңғыш рет әлем чемпионының шығуына зор үлесін қосқан білікті бапкер, Алматы мен еліміздің көптеген өңірінде штанга бөлімін ашқан, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, ауыр атлетика спортының ардагері Бекен Бекмұхамед. Қазақстанда ауыр атлетиканың дамуына қаракөз Алаш азаматтары арасында еңбегін сіңірген атпал азаматтар жоқ екен. Ауыл атлетиканың қазақ жерінде болмауы мүмкін емес еді. Сәл пәл тарихқа шегініс ...

    Read More »

    Талапты ерге нұр жауар

    Алматы облысы Денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаевтың сара жолы. Ауыл – қазақтың күре тамыры, алтын бесігі, алтын ұясы. Ауылдан қаншама таланттар туып өсіп, еліміздің көрнекті салаларында жұмыс істеп жатыр. Ал спорт саласына келсек, үлкен спортта әлемдік ареналардың шаңын шығарып, ел намысын абыроймен қорғаған қаншама дарындар бар. Ауыл топырағы талантты жастың талантын ашып, денесін шыңдай ...

    Read More »

    Дүниені дүр сілкіндірген үш секунд

    Баскетболдан 1972 жылғы Мюнхень Олимпиадасының чемпионы, 1976 жылы Монреаль қаласында өткен Олимпиаданың қола жүлдегері, Еуропаның үш дүркін чемпионы, әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, КСРО-ның 10 дүркін жеңімпазы, КСРО еңбегі сіңген спорт шебері Әлжан Мүсірбекұлы Жармұхамедов туралы ой-толғам. Қазақ спорты тарихы мен әлем спортында аттары алтын әріппен аталып қалған жұлдызды спортшылар жетерлік. Солардың біртумасы Әлжан Жармұхамедов екенін  жақсы білеміз. Әлжан атамыздың ...

    Read More »

    Су добының саңлағы

    Қазақ спорты тарихында су добынан ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, сонар биікке шыға білген спортшылар саусақпен санарлық. Солардың бірі, бірегейі су добынан халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері, Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Асқар Оразалинов. Асқардың су добы спортында жеткен жетістіктері бір түйеге жүк артқандай жетерлік. «Қасқа биеден қасқа тумаса да төбел туады», деген жақсы бір айтылған сөз ...

    Read More »

    Ұстаздарға барлық ұлықтау жарасады

    Атырау облыстық  Дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығы ұстаздарды марапаттады.  Мұның алдында атыраулық оқытушылар Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК-ның Алғыс хатымен марапатталған болатын, деп хабарлады аталған орталықтың баспасөз қызметі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы тестілерінен мектеп оқушылары арасында өткен онлайн турнирде Атырау облысының оқушылары – Еркінқала жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы ...

    Read More »

    Сегіз қырлы, бір сырлы балуан Хамит Ысқақұлы

    Қазақ күресі күресі жайлы тарих беттерін парақтай отырғанда, семейлік ардагер балуан Хамит Ысқақұлын көзіміз шалады. Орта Азияның 3 дүркін бас балуаны, самбо, еркін күрес, дзюдо және қазақ күресінен Қазақстанның спорт шебері, КСРО спорт шебері атанған Хамит ағамыз сегіз қырлы бір сырлы жан. Қолына домбырасын алып ән салғанда, жаныңды тебірентеді. Ол елімізде қазақ күресінің дамуына зор үлес қосқан ардақты балуан. Қазақ ...

    Read More »

    Жақсылықты жоқтау апталығы

    Чемпионсыз өткен 35 жыл!!!  Қазақтар өз ұлттық спорты санаған, бүкіл ата – бабасы балуан болды деп дәлелденген күрес өнерінен ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ шықпағанына бүгін тура 35 жыл бір апта болды! Сонау 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасына ең соңғы сәтте ғана ілінген кеней асықтай ғана балуан Жақсылық Үшкемпіров жасы отызға келгенде мыңнан бір мүмкіндіктің жалына жабысып, Қажымұқан атасы, Әбілсейіт ағасы жетпеген атақты тұтас ...

    Read More »

    Дара дауыс иесі — Диас Омаров

    Қазақ музыка әлемінде  қаншама сазгер, күміс көмей әнші, тума таланттар өздерінің Алла берген айырықша ұмытылмастай қасиеттерімен ел есінде сақталынынып қалған. Олардың өздеріне тән ән салу ерекшелігі, көптен бөліп, дарындылығын паш етеді. Сол секілді әрбір саланың өз саңлағы, өз топжарар талантты тұлғасы болады. Оларды өзінің тума таланттымен ортадан оқшау озып тұрары анық. Мысалы, еліміздегі спорт комментаторлық саласының негізін қалағандардың бірі, атақты ...

    Read More »