• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Құрмет

    Ұлттық күрестің ұраншысы

    Серік Адамболсынұлы Түкеев! Қазақ спортының тарихында қазақ күресін алғаш рет Еуропа мен Азияны айтпағанда, Африка елдеріне, Бразилия мен Үндістанға жеткізген, 7 мәрте ересектер арасындағы әлем чемпионатын, 11 Азия біріншілігін, 3 әлем кубогын өзі бас болып ұйымдастырған нағыз ұлтжанды азамат! Бұл кісі осы еңбегімен ұлтымыздың спорттық тарихында қалды. Кезінде Серік Түкеев қазақ күресінен алғашқы әлем чемпионатын ұйымдастыруға кіріскенде оның бұл тірлігіне күле ...

    Read More »

    Боксшы Бекзат Саттархановтың ата-анасына құрмет көрсетілді

    Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханұлымен, анасы Сырлыкүл Саттархановамен және  Бекзаттың рөлін сомдаған «Astana Musical» мемлекеттік театрының актері Самат Әзімқұловпен кездесті, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі. Ведомство басшысы XXVII Олимпиадада жартылай жеңіл салмақта чемпион атағын жеңіп алып, қазақтың мерейін асқақтатқан былғары қолғап шебері Бекзаттай ...

    Read More »

    Ұлағатты ұстаздың жүз жылдығы ұлықталды

    «Өлі риза болмай, тірі байымайды» – деген бабаларымыз. Артынан ізгілікті із қалдырып кеткен жандарға құран бағыштап, игілікті шаралармен еске алып отырудың үлкен мәні бар. Ең бастысы жастарға өткенді үлге етіп, тәрбие дәнін еге білу. Бүгін біздің  еске алып отырған ардақты азаматымыз – 45 жыл бойы ауыл мектебінде бала оқытып, ұрпақ тәрбиелеуде өлшеусіз үлес қосқан аяулы ұстаз, Казақ КСР Оқу-ағарту ісінің ...

    Read More »

    Алматы облысында балуанға құрдастары құрмет көрсетті

    1982 жылы туған азаматтардың биыл мектеп бітіргендеріне 20 жыл. Осындай айтулы шара Алматы облысы, Кеген ауданы, Жылысай ауылындағы Майлы Орманов орта мектебінде де өтті. 1999 жылы алтын ұядан қанаттанып ұшып, үлкен өмірге қанат басқан түлектер араға 20 жыл салып білім ошағына оралды. Бәрі де бір-бір саланың білгір мамандары. 1982 жылғы азаматтар Жылысай ауылының тумасы, самбо, қазақ күресі, дзюдо  күрес түрлерінен ...

    Read More »

    Елге оралған қандас бауырларға ҮНДЕУ

    9 маусым күні Қазақстан Республикасы Президенттігіне өтетін сайлауды  ұлтымыздың тағдырын шешетін, еліміздегі тұрақтылықты сақтап, мемлекетіміздің бағыт-бағдарын, даму жолын одан әрі жалғастыру үшін жасалған үлкен саяси оқиға деп білемін. Еліміз Кеңес Одағынан бөлініп шығып, өзінің ірге тасын қалап, егемендігін алған соң, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев күллі әлемге тарыдай шашылған қандастарымыздың Отанға оралуына Үндеу тастады. Сол кезден бастап ...

    Read More »

    Ерім дейтін ел болмаса, елім деген ер қайдан болсын?

    Дана халқымыздың осындай тамаша сөзі бар. Алайда, көп жағдайда бұл сөздің мағынасына мән бере бермейтініміз рас. Жақында қазақ күресін әлемдік деңгейге көтеріп жүрген қос азамат Ислам Әбішев пен Серік Түкеевтердің басына іс түскен кезде барып, мен бұл сөздің не үшін айтылғанына көзім жетіп отыр. Елім деп жүрген азаматтарға қолдау көрсетіп, оларды Ерім дейтін кез келгендіктен қолыма қалам алдым. Серік Адамұлының ...

    Read More »

    Елеусіз қалмас еңбектер

    Қазақтың ұлттық спорт түрлерінің ішіндегі одағай түрі, ежелден тарам-тарам ұрпақ арқылы жалғасып келе жатқан  қастерлі де қазыналы қазақ күресі бүгінгі таңда ерекше мазмұнға ие болып, жастарымыздың сүйіп шұғылданатын спорт түріне айналып отыр. Қазақ күресі өзінің  тарих жеңісіне  2004 жылдың  мамыр айының 12-15 күндері Германияның Берлин қаласында өткен Бүкіләлемдегі қазақтардың құрылтай жиынында жеткен еді. Сол бір алқалы жиында 16 мемлекеттен келген ...

    Read More »

    Балуандарға төсбелгілер беріледі

    Биыл «Қазақстандық спорттық және жауынгерлік самбо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі елімізде самбо күресін дамытуға  қосқан қомақты үлесіне және еңбектері үшін берілетін төсбелгілер (медальдар) шығаруды ұйғарды. Бұл бастаманы Федерация президенті Рапиль Сейітxанұлы Жошыбаев қолдап, спорт жанашыры, спорт ардагері, Шығыс Қазақстан облысы самбо федерациясының вице-президенті Пәрмән Әбдуәлиұлы Имаxановтың идеясына мен де мемлекеттік жаттықтырушы және Федерацияның бас xатшысы ретінде өз үлесімді қосып, ақылдаса ...

    Read More »

    Қазақ спорты баспасөзінің қарашаңырағы

    Биыл «Спорт» газетіне 60 жыл толып отыр. Бұл басылым 1959 жылдың 1 қаң­тарынан жарық көре бастаған кезден бері талай қазақ баласының спортқа деген қызы­ғушылығын оятып, тәрбиелеп шығарған. Мұны әлі күнге дейін жасы 80-нен асқан ақсақалдарымыз айтып отырады. «Осы газетпен талай балаларымыз, жастарымыз тыныстап өсті», деп сағынышпен еске алады. Иә, аталарымыз рас айтады. «Спорт» – қазақ баспасөзінің тари­хында қазақ және орыс ...

    Read More »

    Атырау облысында спортты өрге сүйрегендер марапатталды

    Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өткен жылды қорытындылап, жаңа жылға жоспар түзген келелі кеңес, алқалы мәжіліс өткізіп, облыстың спортын өрге тартып жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады. Спортшылар балына жиналған көпшілік алдында өңір басшысы  Атырау өлкесінде спорттың дамуына серпін беріп, қолдау көрсетіп, демеушілік танытып жүрген атымтай-жомарт азаматтарға алғысын білдіріп, халық атынан арнайы төсбелгілермен марапаттады. Бұқаралық спорттың өрісі кеңуіне, шалғайдағы ауыл, аудандарда спорт ...

    Read More »