• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Құрмет

    Алматыда спорттағы жылдың үздіктері марапатталды

    Бүгін Алматы қаласында Қазақ Спорт және Туризм академиясы мен «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының ұйымдастыруымен «Жыл үздіктері-2018» аталымының жеңімпаздары мен «Мәңгілік елім – Қазақстаным» патриоттық әндер фестивалінің лауреаттарын марапаттау салтанаты өтті. Осымен екінші жыл қатарынан өткен шараның басты мақсаты – көк туымызды көкке көтеріп, әлемдік сындарда мерейімізді асырып жүрген спортшылар мен спорт жанашырларының арасынан үздіктерді таңдап, олардың ел үшін атқарып жүрген ...

    Read More »

    Ғылым мен спортты қатар алып жүрген азамат

    Белгілі педагог-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Бауыржан Сәбитұлы Иманғалиев Педагогика ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды. Бұл ғылыми атақ академияның жалпы жиналысында көпшілік дауысқа салу арқылы берілді. Айта кетерлігі, мұндай атақ ғылым кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесі бар білім, ғылым, мәдениет саласының көрнекті өкілдеріне ғана беріледі. Бауыржан Сәбитұлына мүшелік диплом ...

    Read More »

    Арқалықта ауыр атлет Гайдар Саржановты еске алу турнирі басталды

    Арқалықта Қазақстанның ауыр атлетикадан алты дүркін чемпионы, КСРО спорт шебері Гайдар Саржановты еске түсіруге арналған екінші республикалық турнир басталды. Оған еліміздің жер-жерінен ат терлетіп келген спортшылар қатысып жатыр. Бүгін жеңіл салмақтағы бозбалалар мен қыздар помостқа шықса, ертең ауыр салмақтағы жігіттер мен бойжеткендер жарысқа қатысады. Осы турнир басталмас бұрын «Достар» мейрамханасында «Қайыңды» ауылынан шыққан спорт шеберін еске алу Асы берілді. Аста ...

    Read More »

    Біздің Гайдар

    Сайтымыз бүгіннен бастап «Сайыпқыран» деген айдар ашып отыр. Ондағы мақсатымыз оқырманды ең атақты, таңдаулы спортшылармен таныстыру. Бүгінгі мақала Қазақстанның зіл көтеруден алты дүркін чемпионы, КСРО спорт шебері, Торғайдың төл перзенті Гайдар Саржановқа арналады. Бұл материалды белгілі ақын, журналист Әбжан Әбілтай жазып отыр. Ол тау-тасты бір деммен қопарып, ерекше талантымен дараланған жерлесі туралы дүниесін осыдан біраз жыл бұрын облыстық «Торғай таңы» ...

    Read More »

    Атырауда жылдың үздіктері анықталды

    Бүгін Атырау қаласында облыстық парадзюдо федерациясының ұйымдастыруымен «Жыл үздіктерін» марапаттау салтанаты өтті. Федерация президенті Асылбек Өмірзақов жетекшілік ететін облыстың парадзюдошылары үшін өткен жыл өте табысты болды. Атап айтар болсақ, еліміз бойынша тұңғыш рет Атырау қаласында халықаралық «Гран при Казахстан-2017» турнирі өтіп, оған АҚШ, Корея, Гүржістан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Қазақстан елдерінен палуандар қатысты. Осы сында атыраулық Əнуар Сариев жеңімпаз ...

    Read More »

    Оралда үздік спорт клубқа құрмет көрсетілді

    Бүгін Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының бір топ үздік спортшылары мен ұстаздарын марапаттау салтанаты болып өтті. Атап айтар болсақ, 7 желтоқсан күні Алматыда өткен «Жыл үздіктері-2017» байқауында БҚО мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы еліміз бойынша ең үздік спорт клубы атанған болатын. Бірақ марапаттау салтанатына клуб өкілдері қатыса алмады. Сол себептен тағдырдың қатал сынына мойымай ағысқа қарсы жүзген қайсар жандардың ...

    Read More »

    Еңбегі ерен Жақсылық немесе осыдан үш ай бұрын жазылған мақала

    Биыл күзде боз кілем мен бизнесте абыройға бөленген Жақсылық Үшкемпіровты көп болып жұмылып, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ұсынсақ, деген ыңғайда мақала дайындап, Жақсылық ағаның өзіне хабарласқан едім. Аға болса: «қоя тұрайық, бір бұйырғаны болар», деп тоқтатқан еді. Кеше Еңбек Ерінің алтын жұлдызын өңіріне қадаған Үшкемпіровке қатысты сол жазбаны фейсбукке жариялағанды жөн көрдім. «Мемлекеттің туы екі жағдайда ғана арнайы көтеріледі. Ел ...

    Read More »

    Сіз нағыз Еңбек Ерісіз!

    Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Жақсылық Үшкемпіров «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алды, деген хабарды естігенде қуанбаған қазақ баласы кемде-кем шығар. Жақсылық ағамыз мұндай биік мәртебеге әбден лайық азамат! Кезінде грек-рим күресі бойынша қазақ палуандарынан бірінші болып Кеңес одағының және КСРО халықтары спартакиадасының чемпионы, Олимпиада чемпионы атанған ағамыз сонау жетпісінші-сексенінші жылдары халқымыздың мәртебесін биіктетіп, намыс туын жоғары ұстап еді. Турасын айтқанда, ұлтымыздың ...

    Read More »

    Чемпион Жақсылық ер атанды

    Бүгін классикалық күрестен әлем, Олимпиада чемпионы Жақсылық ҮШКЕМПІРОВ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ» атағын алды! Бұл жоғары марапатты Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаев тапсырды. Жақаңды алғаш құттықтаушылардың бірі мен болдым. Жасыратыны жоқ, Жақсылылықты осы атаққа ұсынып, баспасөзде кеңінен насихаттаған, сонау 2015 жылдан бастап, Ақордаға спортшылардың қолын қойғызып, хат ұйымдастырғандардың бірі де мен едім. Міне, ақыры арман орындалды! Ең бастысы,қазақ халқының,қазақ ұлтының тілегі қабыл ...

    Read More »