• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Құрмет

    Алматыдағы стадион Әуезовтің атымен аталады

    Абай атындағы Қазақ ҰПУ ректоры Тахир Балықбаевтың бұйрығымен Алматыдағы М.Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы «Спартак»  стадионына  заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің есімі берілді. Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ АЛМАТЫ

    Read More »

    Түркістан облысында атақты көкпаршының турнирі өтеді

    2019 жылғы 26 қазан мен 2 қараша аралығында атақты көкпаршы, КСРО чемпионатының 9 дүркін чемпионы, командалық көкпар ойынының негізін қалаушылардың бірі Әбілхан Дауылбаевтың турнирі өтеді. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. Көкпардан жастар арасындағы республикалық ашық турнир Түркістан облысы, Шымкент қаласындағы атшабарда тамашаланады. Даңқты көкпаршы атындағы жастар турниріне еліміздің көптеген өңірінің командалары қатысады. Еске сала өтелік, Әбілхан Дауылбаевтың турнирі бұған ...

    Read More »

    Алматыда студенттер академик Садықовты еске алды

    Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында орналасқан «Спартак» стадионында жоғары оқу орындары арасында шағын футболдан 26 жыл Абай атындағы Қазақ Ұлттық педогогикалық университетінің ректор болған, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ғылым мен техника саласына еңбегі сіңген қайраткер, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Тоқмұхамет Сәлменұлы Садықовты еске алуға арналған жарыс жалауын көтерді. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педогогикалық университетінің ұйытқы болуымен  көп ...

    Read More »

    Бердіқұлов байқауы басталды

    Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті журналистер арасында қоғам қайраткері, публицист, қазақ спорт журналистикасының көшбасшысы Сейдахмет Бердіқұловтың атындағы байқаудың болатынын хабарлады. Сыйлық жылына бір рет үш жеңімпазға тапсырылады. Оның ішінде екі сыйлық — мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында қазақ тілінде жарияланған материалдарға, бір сыйлық — орыс тілінде шыққан материалға белгіленген. Үміткерлер әлем және Азия чемпионаттарына, әлем ...

    Read More »

    Семей спорт академиясына «Еңбек Ерінің» есімі берілді

    Шығыс өңірінің спорт ұстаханасы Семей спорт академиясына грек-рим күресінен қазақтан шыққан Олимпиада және әлем чемпионы, «Қазақстанның Еңбек Ері» Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді. Даңқты балуан спорт академиясында өткен салтанатты жиынға қатысып, шаһар жастарымен оқушылары, жас спортшылар құрметпен қарсы алды. Жақсылық ағаның есімін ұлықтап жатқан жақсы жаңалықты естіп, еліміздің мақтаныштары, байрақты бәсекелерде қазақтың Көк Туын желбіретіп, Әнұранын асқақтатқан спорт саңлақтары да көптеп ...

    Read More »

    Асыл Ана

    Әлемнің жарығын, Сыйладың сен маған. Даланың әр гүлін, Жинадың сен маған.   Ғафу Қайырбеков   Біз анамыз Ұлмекен Төленқызын бала кезімізден «апа» деп айтып өскенбіз. Апамның немерелері де оны осылай айтатын еді. Ол кісі 1936 жылы туған. Өзі де «Тышқан жылы туғанмын» деп айтып отыратын. Апамыз әкеміз Омар Кенжалыұлына жастайынан тұрмысқа шыққан екен. Содан бері екеуі өмір бойы бір-бірінің қас-қабағына ...

    Read More »

    Төрт құрлықта Түкиевтің тулары тұр

    Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясын табаны күректей 13 жыл басқарып, қазақтың өзі жөндеп қадіріне жете қоймаған ұлттық күресті төрт құрлыққа мәлім қылып, 30-ға жуық елде федерация құруға қол жеткізген Серік Адамболсынұлы, міне, алты айға жуық жаламен қамауда отыр. Тамыздың 13-і күні Қазақ елінің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына бір топ спорт қайраткерлері мен атақты спортшылар ашық хат жолдаған едік. Қазір сол хатқа ...

    Read More »

    Ұлттық спорттың жаттықтырушылары марапатталды

    Спорт мерекесі күні ұлттық спорт саласына еңбегі сіңген үш азамат Мәдениет және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлады Қазақстан ұлттық спорт қауымдастығы. Тамыз айының үшінші жексенбісі – Спорт мерекесі күні. Осы мереке қарсаңында, нақты айтқанда 15 шілде күні Ұлттық спорт қауымдастығы арнайы кеңес өткізіп, көп жылдар бойы ұлттық спорттың дамуы үшін тер ...

    Read More »

    Асыл азамат алпыстан асты

    Қазақтың асыл азаматы, қазақ күресін әлем аренасына шығарған алаштың аяулы ұлы Серік Түкеев 62 жасқа толған туған күнін негізсіз тағылған жалған айыптан қара түнек тар қапаста қарсы алып отыр. Қазақ қашанда батырын әспеттеп, жауын жерге тізерлеткен ұлы халық деп жарқын-жарқын айтып жазамыз. Олай болса еш кінәсіз қамақта отырған батыр бауырымызды қалайша ел болып, үн қосып шығарып ала алмаймыз? Осыған таңғаламын. ...

    Read More »

    Қазақ күресінің қара нары

    Жалпы өмірде жүрген жерінде жан-жағына жылу шашып, адамдарға жақсылық жасап жүретін адамдар болады. Сондай асыл азаматтың бірі ғана емес, бірегейі Серік Адамболсынұлы Түкеев ағам асқаралы 62 жасқа толып жатыр. Алайда, ел үшін туылған есіл ер туған күнің отбасы, ағайын-тума, достарының ортасында емес тар қапаста қарсы алуда. Нақты айтар болсақ, жазықсыз жабылған жаланың құрбаны болып отыр. Қазақ күресін өрге сүйреп жүрген ...

    Read More »