• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Азия ойындары

    XIX Азиада: Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде түсті (ФОТО)

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азиадада Қазақстан спортшыларының қоржынына тағы бір жүлде түсті. Бұл жолы да қола медаль келді. Оны дзюдодан 63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Эсмигүл Куюлова жеңіп алды. Ол өзбек спортшысы Севинч Исоковадан басым түсті.  Жеңіс оңай келмейді. Бірақ бүгін Эсмигүл жеңіске деген құлшынысын көрсетті. Оның алда үлкен жеңістер күтіп тұрғанына күмәнім жоқ, – деді Азиадада жарысты тамашалаған ...

    Read More »

    Парижде 2024 жылғы Олимпиадаға дейін әуе таксилері іске қосылады

    Францияның Париж қаласында 2024 жылғы Олимпиялық ойындарға дейін әуе такси қызметі іске қосылады. Euronews.com-ның хабарлауынша, таксилер Париж маңындағы 5 вертипорттың бірінен шығады. Тағы бір учаске Сенадағы қалқымалы баржада орналасады. Skyports Еуропа мен Таяу Шығыстағы инфрақұрылым бөлімінің басшысы Дэмиан Киселидің айтуынша, таксиге мінетін адам алдымен тіркелуі керек. Әуелі жолаушы тіркеледі. Біз сіздің тапсырыс берген адам екеніңізді және ұшу уақытыңызды білуіміз керек. Бізде ...

    Read More »

    XIX Азия ойындары: Қазақстан үшінші жүлдені алды

    Қытайдың Ханчжоу қаласынан тағы бір қуанышты хабар жетті. Қазақстан спортшылары Азиадада үшінші медальді жеңіп алды. Бұл жүлдені тапаншамен оқ атудан 25 метр қашықтықтағы нысананы дәл көздеген Никита Чирюкин иеленді. Сөйтіп, ол Қазақстан құрамасына екінші қола медальді сыйлады. Ал осы жарыста бас жүлдені қытай спортшысы Ли Юхонг иеленді. Никита Чирюкин 26 ұпай жинады. Никита — көптеген беделді жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері.  Бүгін ...

    Read More »

    XIX Азия ойындары: Қазақстан қазіргі бессайыстан Олимпиадаға лицензия алды

    Cпортшы Елена Потапенко мен Георгий Борода-Дудочкин Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX Азия ойындарында әйелдер және ерлер арасындағы қазіргі бессайыстан жеке жарыста Олимпиадаға жолдама алды. Осылайша ол келесі жылы өтетін Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алды.Соңғы кезеңге дейін Елена Потапенко жалпы есепте сегізінші орынға ие болды. Бірақ мылтық атуда сәтті өнер көрсетіп, алғашқы бестіктен көрінді. Қазақстандық спортшының қорытынды нәтижесі — 1340 ...

    Read More »

    XIX Азиада – 2023: туризм және спорт министрі жүлдегерлерді құттықтады

    Азия ойындарында туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев дзюдодан жүлде алған Қазақстан ұлттық құрамасының спортшыларымен кездесті. Министр құрама қоржынына күміс медаль жеңіп алған Абиба Әбужақынова мен қола жүлдегер Мағжан Шамшадинді құттықтады. Мен Абибаны осы нәтижемен құттықтаймын! Біз бәріміз оны мақтан тұтамыз. Сіз лайықты нәтиже көрсеттіңіз! Қазақстандық палуандарды қолдау үшін Қытайға келген жанкүйерлерге ерекше рахмет! Олардың қолдауы спортшыларға жігер сыйлады, – ...

    Read More »

    Азиадада споршыларды арқадан демеп жүрейік

    Қытайдың Ханчжоуында басталған XIX Aзия ойындары ғажап көріністермен көз алдымызда қалды. Тіпті сәтінде бұл салтанатты ашылуды сонау 2008 жылы осы елдің астанасы Бейжінде болған Олимпиадалық ойындардың ашылу салтанатымен салыстырсақ та болады. Дәлірек айтсақ, соның жалғасы деуге тұратындай. Бүгінде ілгері кеткен дүниедегі жарықты пайдалану әдістерінің шыңына жеткен қытайлықтар стадион-сахнада екі сағаттан асатын теңдессіз спектакль жасады. Мұндай кешенді жарыс шартына сай шеруге ...

    Read More »

    Азиадада орындардан үміті жоқ спортшыларды үйде қалдырған жөн болар еді – Несіп Жүнісбайұлы

    Редакияға спорт журналисі, жазушы, спорт қайраткері Несіп Жүнісбайұлының Қытайдың Ханчжоу қаласынан XIX Азия ойындарының ашылу салтанаты, осы жарысқа қатысып жатқан спортшыларымыз туралы материалы келіп түсті. Материал авторы Азиададағы жарыстар, оған қатысатын отандастарымыздың мүмкіндігі туралы айта келіп, құрлықтың Олимпиадасы саналатын Ойындарды насихаттауда өз ұсыныстарын айтады. Енді соны оқырманның назарына ұсынуды жөн көріп отырмыз. Түнде ғана төрткүл әлемді таң қалдырып,салтанатты түрде ашылған ...

    Read More »

    Қазақстан делегациясы Азия ойындардың ашылу салтанатына қатысты

    Қытайдың Ханчжоу қаласында XIX жазғы Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шара 80 мың адамға арналған «Үлкен лотос» деп аталатын олимпиялық спорт түрлерінің орталық стадионында болды. Азиада-2023 ашылу салтанатына ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, сондай-ақ  туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Азияның ондаған елдерінен шақырылған көшбасшылар мен лауазым иелері қатысты. Ашылу салтанатында театрландырылған қойылымдар, цифрлы отшашу және Азия ойындарының алауын жағу ...

    Read More »

    XIX Азия ойындары: Қазақстан қазіргі бессайыстан финалға шықты

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX Азия ойындарында  Павел Ильяшенко мен Кирилл Стадник қазіргі бессайыс жарысының финалына шықты. Іріктеу кезеңінде спортшылар семсерлесу, 10 метрден нысана көздеу, 200 метрге жүзу және 3 шақырымға жүгіруден сынға түсті. Финалда осы жарыстарға тағы конкур қосылады. Бүгін түстен кейін жартылай финалда Темірлан Абдраимов пен Георгий Борода-Дудочкин финалға шығу үшін бақ сынайды. Әйелдердің сайысында жарысқа қатысушылардың ...

    Read More »

    Путинцева Қытайдағы жарыстың жартылай финалына шықты

    Қазақстанның екінші, әлемнің 81-ракеткасы Юлия Путинцева теннистен Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты. Путинцева ширек финалда әлемнің 48-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, германиялық Татьяна Мариямен кездесіп, оны 6:4, 7:6 (8:6) және 6:0 есебімен жеңді. Енді Юлия Путинцева финалға шығу үшін әлемнің 27-інші, турнирдің 1-ракеткасы, Польша өкілі Магда Линеттпен кездеседі. Осы турнирден кейін Путинцева Азия ойындарына қатыспайды. ...

    Read More »