• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жарыс

    Шорт-тректен ерлер командасы Әлемдік турда жүлде алды

    Бүгін Италияның Милан қаласында шорт-тректен Әлемдік турдың кезекті кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Эстафетада (5000 метр) Kazakh Nomads командасы мәреге Италия мен Канада командасынан кейін келді. Финалда жарыс жолына Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев пен Глеб Ивченко шықты.  

    Read More »

    Теннисші Бейбіт Жұқаев челленджер турнирінің ширек финалына шықты

    Әлемнің 244-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Оэйраш (Португалия) челленджер турнирінің ширек финалына шықты. Бейбіт Жұқаев екінші айналымда отандасымыз әлемнің 197-ракеткасы Дмитрий Попкомен ойнады. Жұқаев Попконы 6:3, 7:6 (7:3) есебімен жеңді. Қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 231-орынға көтеріліп тұрған Бейбіт Жұқаев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 149-ракеткасы, жапониялық Ясутака Утиямамен немесе рейтингіде 235-сатыдағы эстониялық Марк Лайальмен кортқа шығады. Осы жарыста рейтингіде 249-орындағы Денис ...

    Read More »

    Шорт-трекшілер Универсиаданың қола медалисі атанды

    Италияның Турин қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиадада еліміздің қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Шорт-тректен аралас эстафетада Қазақстан командасы мәреге үшінші болып жетті. Бұл сында Алина Ажғалиева, Малика Ермек, Дінмұхамедалдияр Тәжібай мен Валерий Клименко жарысты.

    Read More »

    Кирилл Бауэр Универсиаданың қола жүлдесін жеңіп алды (ВИДЕО)

    Италияның Турин қаласында өтіп жатқан XXXII қысқы Универсиадада биатлоншы Кирилл Бауэр қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ол масс-стартта үздік үштіктен көрінді. Бұл — Қазақстан биатлоншылардың осы ойындардағы үшінші медалі. Осыған дейін Арина Крюкова 7,5 шақырым спринтте қола медаль жеңіп алса, Никита Акимов топ жарған. Кирилл Бауэр — Қазақ спорт және туризм академиясының ...

    Read More »

    Шахматшы Ксения Балабаева Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды

    Шахматшы Ксения Балабаева Испанияның Севилья қаласында өткен дәстүрлі Ciudad de Sevilla халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ұлттық құраманың шахматшысы рапидтен 9 партияның жетеуінде тамаша өнер көрсетіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. 19 қаңтарда бір отандасымыз Арыстанбек Уразаев қола жүлдеге ие болды. Ол 9 турдың қорытындысы бойынша 7,5 ұпай жинады. Биыл бұл жарыс ...

    Read More »

    Харбин-2025 ең көп ел қатысатын қысқы Азиадаға айналды

    7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX қысқы Азия ойындарына құрлықтағы 34 Ұлттық Олимпиада комитетінің сапында 1275 спортшы жиналады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Азия Олимпиада кеңесінің мәлеметіне қарағанда, бұл қысқы ойындар арасындағы рекорд. Сауд Арабиясы мен Камбоджа алғаш рет қысқы спорттан қатысады. Осыған дейінгі Жапонияның Саппоро қаласында жалауы желбіреген жарыста құрлықтағы 30 ел және ...

    Read More »

    Australian Open: Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты

    17 жастағы теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жасөспірімдер арасында әлемнің 4-ракеткасы Омарханов екінші айналымда аустралиялық Юмерали Ибраимиді жарыс жолынан шығарды. Қазақстан теннисшісі бірінші партияда 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте есеп 5:2 болған кезде матчқа доп бергенімен, сол мүмкіндігін мүлт жіберді. Дегенмен ойынды тағы бір брейкпен тәмамдады. Есеп ...

    Read More »

    Australian Open: Рыбакина мен Путинцева үшінші айналымға шықты

    Теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Аустралия ашық чемпионатында сәтті ойнап жатыр, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина чемпионаттағы екінші ойынын ойнады. Ол дүниежүзілік рейтингіде 191-орындағы америкалық, 17 жастағы Ива Йовичке қарсы кортқа шықты. Рыбакина бірінші партияда 6:0 есебімен жеңді. Екінші сетте Йович ұзаққа созылған геймде есепті теңестірді.  Содан кейін брейк жасап, 2:1 есебімен алға шықты. Дегенмен ...

    Read More »

    Юлия Путинцева әлемдік рейтингіде жеке рекордын жаңартты

    Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтінгісінде Юлия Путинцева 23-орынға көтерілді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Өткен аптада Аделаида (Аустралия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына дейін жеткен Путинцева өзінің жеке рекордын тағы бір жаңартты. Бір апта бұрын ол 29-дан 25-інші орынға көтеріліп, өзінің спорттық жолындағы үздік көрсеткішіне жеткен еді. Аделаидада финалға дейін жеткен америкалық Джессика Пегула Елена Рыбакинаны ығыстырып, алтыншы орынға ...

    Read More »

    Талантты жастардың қатары көбейіп келеді

    Алматыдағы танымал Шымбұлақ тау курортында алғаш рет жасөспірімдер арасында могул және шаңғы акробатикасы бойынша фристайлдан FIS әлем чемпионаты өтті. Оған 13 елдің 110-нан астам спортшы қатысты. Чемпионат 14 пен 20 жас аралығындағы үздік жас спортшылардың басын қосады. Қазақстанның атынан мықты атлеттер шығады. Оның ішінде 2024 жылы Италияда могулдан алтын жүлде алған Анастасия Городко бар. Чемпионатты ұйымдастыру Алматының қысқы спорт түрлерінің ...

    Read More »