• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Олимпиада

    Маңғыстаудан қашан Олимпиада чемпионы шығады?

    Әлеуметтік желіден Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мақсат Мұқаш Қарақия ауданы Жетібай кентінде ауыл азаматымен сөйлесіп тұрғанын көріп қалдым. Ол Жетібайда не істеп жүр? Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жас баланы лас саясатқа итермелей бермей, Маңғыстаудан Олимпиада чемпиондарын шығаруына атсалыспай ма?  Марқұм Бекзат Саттарханов бокспен он бес жасында айналысып, жастар арасында Қазақстан чемпионы атанып, жасөспірімдер мен жастар арасындағы ...

    Read More »

    Мария Дмитриенко стенд атудан Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

    Бүгін стенд атудан Катардың астанасы — Дохада өтіп жатқан лицензиялық турнирде ұлттық құраманың спортшысы Мария Дмитриенко Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Ол трап жаттығуында финалға шықты. Финалда Дмитриенкодан басқа төрт адамда  жолдама болғандықтан, оның қорытынды нәтижесіне қарамастан отандасымыз бен тағы бір шетел мергені  лицензияға ие болды. Мария Дмитриенко осыған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасына қатысып, 8-орынға табан тіреген еді. Былтыр ол Бакудағы ...

    Read More »

    Қазақстан бессайысшылары — Әлем кубогының иегері!

    Қазіргі бессайыстан Қазақстан командасы Түркияның Анкара қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды. Қазақстан спортшылары аралас эстафетада бірінші орынды иеленді. Бұл жарыста Қазақстан намысын Павел Ильяшенко мен Елена Потапенко қорғады. Олар 1327 ұпай жинады. Екінші орынға Египет, үшінші орынға Италия құрамасы орналасты.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Қазақстан балуандары Олимпиада лицензиясын алды

    Қырғызстаның Бішкек қаласында грек-рим күресінен өтіп жатқан Азиялық лицензиялық турнирде Қазақстанның үш балуаны Олимпиадаға жолдаманы жеңіп алды. 60 келі салмақ дәрежесінде Айдос Сұлтанғали жартылай финалда Қытайдың Тайпейінен келген спортшының жауырынын жерге тигізді. Отандасымыз ширек финалда Тәжікстан өкілі Асламджон Азизовтан 2:1 есебімен басым түскен. Осыған дейін әлем чемпионатында екі мәрте қола медаль, Азия чемпионатында алтын жүлде алған Айдос Сұлтанғали алғаш рет ...

    Read More »

    Олимпиадаға академиялық ескек есуден алғашқы жолдама түсті

    Қазақстан қоржынына академиялық ескек есуден Париж Олимпиадасының алғашқы жолдамасы түсті. Оңтүстік Кореяның Чунджу қаласында өтіп жатқан Азия құрлығының лицензиялық жарысында Владислав Яковлев жекелей сында топ жарды. Ұлттық құраманың спортшысы 2 000 метрге жарыста негізгі қарсыласы Мемодан (Индонезия) жылдам болды. Қазір Қазақстан құрамасының лицензия саны 43-ке жетті.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    42 жолдама: Нариман Курбанов Олимпиаданың лицензиясын иеленді (ВИДЕО)

    Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Нариман Курбанов Париждегі Олимпиялық ойындардың лицензиясын жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.  Гимнастикалық ат снарядында сынға түскен Нариман Курбанов Катардың астанасы – Доха қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде төртінші орын алды. Оның жолдама жолындағы басты қарсыласы, тайпейлік Ли Чи Кай екінші орыннан көрінді. Қазақстан спортшысы жалпы есепте 70 ұпай жинап, Әлем кубогы кезеңдерін екінші орынмен ...

    Read More »

    Олимпиада-2024: Юсуп Батырмурзаев еркін күрестен үшінші жолдаманы алып берді (ВИДЕО)

    Қырғызстанның астанасы — Бішкекте Олимпиада жолдамасы үшін еркін күрестен өтіп жатқан Азия құрлығының лицензиялық турнирінде 97 келі салмақта сынға түсіп, жолдама алған Әлішер Ерғалидан кейін ауыр салмақтағы (125 кг) Юсуп Батырмурзаев та Олимпиаданың жолдамасын жеңіп алды. Аса ауыр салмақтағы балуанымыз Бахрейн өкілі Шамиль Магомедовты тізе бүктіріп, екінші рет Олимпиялық ойындарға баруға мүмкіндікке ие болды. Бұған дейін ол ширек финалда Юсуп ...

    Read More »

    Олимпиада-2024: Әлішер Ерғали лицензия алды (ВИДЕО)

    Қырғызстанның астанасы – Бішкекте Олимпиада жолдамасы үшін еркін күрестен өтіп жатқан Азия құрлығының лицензиялық турнирінде Әлішер Ерғали (97 кг салмақта) мен аса ауыр салмақтағы (125 кг) Юсуп Батырмурзаев Олимпиаданың жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.  Әлішер Ерғали жартылай финалда қытайлық спортшы Абусайман Хабиладан айласын асырып, 3:2 есебімен, ал күндізгі сессияда Қырғызстанның чемпионы Андрей Ароновты айқын басымдықпен жеңді. Қазір қазақ халқы қиын-қыстау ...

    Read More »

    Олимпиада-2024: Қазақстанда әзірше 39 жолдама бар

    Жапонияның астанасы – Токио қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында байдарка және каноэде ескек есуден Қазақстан құрамасы Олимпиаданың алты лицензиясын жеңіп алды.   Бұл көрсеткіш өзгеруі әбден мүмкін. Алда әлі екі жарыс күні бар. Бүгін каноэде 500 метрге ескек есуде Қазақстан әйелдер құрамасы (Мария Бровкова, Руфина Искакова) чемпион атанып, жазғы Ойындарға жолдама алды. Осыдан кейін байдаркада 500 метрге жарыста Қазақстан ерлер құрамасы ...

    Read More »

    Елизавета Безрукова нысана көздеуден әлем рекордын жаңартты

    Нысана көздеуден Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан лицензиялық Әлем кубогында Елизавета Безрукова жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құраманың мергені 50 метрден үш позицияда винтовкамен нысана көздеу сайысында 595 ұпай жинап, бірінші орын алды. Іріктеу кезеңінде одан кейінгі сатыға Анита Манголд (Германия) 593 ұпаймен жайғасса, швейцариялық спортшы Чиара Леон (592 ұпай) ...

    Read More »