Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қалада үш жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады. Олар Медеу ауданының «Алатау», Алатау ауданының «Зерделі» және Түрксіб ауданының «Жас Қанат» шағын аудандарында бой көтереді. Алғашқы екеуі қараша айында, ал «Жас Қанаттағы» нысан жыл соңына дейін тапсырылады. Үш дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің әрқайсысы адамның санына қарай есептелген. Мысалы, «Алатау» және «Жас Қанат» шағын ...
Read More »Саламатты өмір салты
Премьер-министр бұқаралық спортты дамытуды тапсырды
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында бұқаралық спортты дамыту және саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері қаралды. Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов республикада жыл сайын 1,2 млн адамды, оның ішінде ауылдың 500 мың тұрғынын қамтитын түрлі деңгейдегі 25 мыңнан астам бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізілетінін хабарлады. Соңғы жылдары марафондар, велошерулер, отбасылық жарыстар, бұқаралық коньки тебу мен басқа да іс-шаралардың танымалдығы ...
Read More »Елімізде спорт инфрақұрылымы жетіспейді — министр
Мемлекеттің дене шынықтыру мен спорт саласына қатысты қоғам алдында екі негізгі міндеті бар. Ол ел тұрғындарының дене шынықтырумен айналысуына жағдай жасау және жоғарғы жетістіктер спортын дамыту. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлімдеді. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі мәселеге қатысты Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды баяндама жасады. Оның айтуынша, бұқаралық спорттың негізгі төрт ерекшелігі ...
Read More »Елімізде алғаш рет мұзда жүгіруден халықаралық жарыс өтеді
19 ақпанда елімізде алғаш рет «Бурабай» ұлттық саябағында Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына қарасты «Бурабай-Даму» ЖШС, «Экстремалды Атлетика» қоғамдық бірлестігі мен «Rebel Running» ЖК-ның ұйымдастыруымен мұзда жүгіруден «BURABAY ICE 2023» халықаралық жарыс өтеді. «Бурабай-Даму» ЖШС бас директорының орынбасары Қасымжан Кенжешовтың айтуынша, жарыстың мақсаты – Бурабайдың әсем табиғатын жұртшылыққа насихаттай отырып, туристердің қызығушылығын арттыру, сондай-ақ саламатты өмір салтын насихаттау. Жарыс бірнеше ...
Read More »72 жастағы жиһангез жер шарын жаяу аралағысы келеді
Қазақстанның бүкіл өңірін жаяу аралап шыққан 72 жастағы Сәрсенбай Қотырашев енді әлем елдеріне саяхат жасауды ойластырып отыр. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. «Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы өз өмірімде жаңа қадам бастап, жаяу жүріп өттім. Жүрген жерімде мені таң қалдырған, қуантқан және бұрын бастан кешірмеген ерекше эмоцияларға көз жеткіздім. Бірінші экспедициям сәтті аяқталды. Бұл сапарымда жоспарлаған мерзімнен бұрын ...
Read More »Білім мен спорт — егіз ұғым
Жаңа ғасыр асуында Жаңа Қазақстанды құру үшін ең алдымен білімде саналы ұрпақты тәрбиелеуіміз керек. Өз ұлтына құрметпен қарап, ұлттық салт-дәстүрімізге асқан сүйіспеншілікпен қарайтын өскелең ұрпақ — қазақ халқының кемел келешегі. Өйткені, жастар біздің болашағымыз, қазақ елінің келер күнгі үміті, сенімі. Ал, сол қазақ елін әлемге танытар ақылды, парасатты, мәдениетті жас ұрпақтың тәрбиесі ең алдымен мектеп қабырғасынан басталады. Хакім Абайдың 32 ...
Read More »V Исламиада: Қазақстанның жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімі жарияланды
Түркияның Кония қаласында V Ислам ынтымақтастық ойындары аяқталды. Бұл дүрмекті додада Қазақстан спортшылары 27 алтын, 23 күміс және 39 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте бесінші орынмен қорытындылады. Оқырманның назарына журналист Мұсағали Тасқалиевтің Исламиада туралы материалын ұсынуды жөн көріп отырмыз. Ислам ойындары – Ислам конференциясы ұйымына кіретін елдердің ең ірі халықаралық жарысы. I Ислам ойындары 2005 жылы Сауд Арабиясында өтіп, 54 мемлекет ...
Read More »Көзден кетсе де, көңілден кетпейді (ФОТО)
Біздер қасымызда жүрген қадірлі, құрметті жандарды тек арамыздан кеткенде ғана біліп жатамыз. Әрине, адамның артықшылығын көзі тірісінде бағаланып, халық алдында лайықты бағасын алып жатса одан артық не бар шіркін. Қазақтың көптеген жақсы, жайсаңдары ортамызда жүргенде барынша еленбей, бақилық сапарға аттанып кетіп жатқандарында ғана «Ой, қандай адам еді», деп, жерге сыйғызбай мақтауын келістіреміз. Менің айтпағым, адамды көзі тірісінде жақсы сөздермен жан ...
Read More »«Шыққан тегі Қорғалжыннан»: Сәпиев Қорғалжынға ата-бабасы туған өңірге барып қайтты
Бокстан Олимпиада және екі дүркін әлем чемпионы Серік Сәпиев Ақмола облысы Қорғалжын ауданына ата-бабалары туған өңірге барып қайтты. Атақты боксшы Қорғалжын ауданында алғаш рет өткізілген «Жігер – 2022» оқушылар спартакиадасына қатысты. Оның ашылу рәсімінде Парламент мәжілісінің экс-депутаты, Қорғалжынның тумасы, ҰҚК-ің отставкадағы полковнигі Файзулла Қаменов жергілікті зиялы және спорт қауымының атынан бокстан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, «Вэл Баркер» кубогының иегері, екі дүркін ...
Read More »Алматыда жаңа суалыбы ашылды
Елімізде су спортынан ұлттық құрама команда мен жекелеген клубтардың әлем аренасына атойлап өзін таныту үшін спорттың осы түрінен халықаралық стандартқа сай алаңдар салынуы керек. Бүгінгі күні спорт кешендері еліміздің әр аймағында көптеп ашылып жатыр. Ол әрине, қуанарлық жай, жоқ деуге аузымыз бармас. Дегенмен жасөспірім балаларды су спортына қызықтыра білуге келгенде не істеп жатырмыз? – деген сұрақты өзімізге қойып көрелік. Иә, ...
Read More »