Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ жазғы Универсиадада гимнастшы Милад Карими алтын медаль жеңіп алды. Осының алдында ол еркін жаттығу бойынша екінші орын және тіреп секіруден қола жүлде иеленген еді. Милад Карими кермедегі жаттығу финалында 14.800 ұпай жинап, Универсиада чемпионы атанды. Үздік үштікке Қытай және Жапония спортшылары орналасты. Бұған дейін спорттық гимнастикада Нариман Құрбанов гимнастикалық ат үстіндегі жаттығуда 15.266 ұпай жинап, ...
Read More »Универсиада
Универсиадада 100 метрге жүгіруден антирекорд тіркелді (ВИДЕО)
Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Универсиадада антирекорд тіркелді. Олай дейтініміз, 100 метрге жүгіруден әйелдер арасындағы жарыста Сомали елінің спортшы-студенті Насыр Әли Абукар мәреге әрең дегенде ең соңғы болып жетті. Ол жарыс жеңімпазынан 10 секундқа қалып, 100 метрді 21,81 секундта жүгіріп өтті. Fox Sports ақпараты бойынша, мұндай жағдай Универсиада тарихында ешқашан болмаған. Бұл ешкім күтпеген оқиға. 100 метрге жүгірудегі рекордпен салыстыра ...
Read More »Универсиада: Қазақстан құрамасының қоржыны тағы екі жүлдемен толықты
Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы Дүниежүзілік ойындарда Қазақстан құрамасының қоржынына тағы екі жүлдемен толықты. Бүгін ерлер арасында ушудан өткен жарыстың жартылай финалында Бексұлтан Қоскенов (60 кг) Ма Йигуден 0:2 есебімен ұтылып, қола жүлдені иеленді. Әйелдер арасында Айгерім Төреханова (60 кг) жартылай финалда түркиялық Берне Туттан жеңіліп қалды. Қазір Қазақстан спортшылары 13 медаль алып отыр. Оның ішінде 1 алтын, ...
Read More »Универсиада: Елжаңа Таниева күміс және қола жүлдегер атанды
Гимнастшы Елжаңа Таниева Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Универсиадада Қазақстан құрамасына бір күміс, бір қола жүлде жеңіп алды. Ол доп және таспа жаттығуында күміс жүлдені, шығыршық жаттығуында қола жүлде иеленді. Сөйтіп, доппен ойын көрсету сайысында екінші орынға ие болды. Ал бірінщі және үшінші орынды Венгрия мен Украинаның спортшылары жеңіп алды. Одан басқа Универсиадада садақшы Диана Тұрсынбек финалда оңтүстіккореялық Чой Ми ...
Read More »Сүйінші! Қазақстан Универсиадада алтын жүлдені жеңіп алды
Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік студенттер ойындарында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медальді жеңіп алды. Таэквондошы Рита Бакишева 46 кг салмақ дәрежесінде Тайпейдің өкілі Хуан Ин Суанды ұтып, Универсиада чемпионы атанды. Сұңғат Жұбатқан мен Асқар Нарқұлов қола жүлдені жеңіп алды. Әуелі Сұңғат Жұбатқан 66 келі салмақта күресіп, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды. Ол үшінші орын үшін белдесуде өзбекстандық қарсыласын ...
Read More »Қазақстан дзюдошылары Универсиаданың қола жүлдегері атанды
Осы күндері Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік студенттер ойындарында Қазақстан құрамасының дзюдошылары Сұңғат Жұбатқан мен Асқар Нарқұлов қола жүлдені жеңіп алды. Әуелі Сұңғат Жұбатқан 66 келі салмақта күресіп, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды. Ол үшінші орын үшін белдесуде өзбекстандық қарсыласын тізе бүктіріп, жеңіске жетті. Одан кейін кілемге 73 кг салмақ дәрежесінде шыққан Асқар Нарқұлов Қазақстан құрамасына екінші қола ...
Read More »Қазақстан спортшыларының Универсиададағы жарыс кестесі шықты
Қытайдың Чэнду қаласында өтетін Дүниежүзілік студенттік ойындарына қатысатын Қазақстан спортшыларының жарыс кестесі шықты. Университет спортшыларының халықаралық федерациясының (FISU) XXXI Дүниежүзілік студенттік ойындары Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Чэнду қаласында 28 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Оған Қазақстан атынан спорттың 11 түрінен 93 спортшы қатысады. Спортшылар садақ ату, оқ ату, жеңіл атлетика, спорттық гимнастика, дзюдо, көркем гимнастика, үстел теннисі, таеквондо, у-шу, ...
Read More »Қазақстан Дүниежүзілік студенттер ойындарына қатысады
Қазақстан құрамасының сапында 90 студент Қытайда өтетін XXXI жазғы Дүниежүзілік студенттер ойындарына қатысады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. 27 шілде — 8 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында XXXI жазғы Дүниежүзілік студенттер ойындары өтеді. Халықаралық спорттық іс-шара — Қытайда өтетін үшінші студенттік ойындар, Азияда өтетін он бесінші Дүниежүзілік студенттік ойындар. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметіне қарағанда, студенттеріміз ...
Read More »Ақтауда жазғы Универсиада ойындары жалауын көтерді (ФОТО)
Қазір спорт сүйер қауым мен студент жастардың назары – Маңғыстау облысында. Өйткені, Ақтау қаласында бұрын-соңды болмаған спорт бәсекесі болып жатыр. Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен, Yessenov University ұйымдастыруымен 24 мамыр мен 24 маусым аралығында жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы ХІІ жазғы Универсиада ойындары өтеді. Универсиада – мәртебесі жағынан Олимпиялық ойындардан кейінгі екінші орындағы спорттық сайыс. Бірақ бұған дейін әр ...
Read More »Мира МҰХАМАДИЕВА: «Ақтау Универсиадасының жеңімпаздары Қытайда өтетін Дүниежүзілік Универсиадаға жолдама алады»
Ақтауда ХІІ жазғы Универсиада ойындары басталды. Осыған орай Оқу-ағарту министрлігі Спорттық іс-шаралар, статистика және талдау басқармасының басшысы Мира Мұхамадиеваға хабарласып сұхбат алдық. – Мира Бекқазықызы, Маңғыстау облысына қош келдіңіз! Бүгін басталған Ақтау универсиадасында жеңіске жеткен спортшылар Қытайдың Чэнду қаласында өтетін Бүкіләлемдік жазғы универсиада ойындарына қатыса ала ма? – Иә, Есенов университеті ұйымдастырып жатқан осы ХІІ жазғы Универсиада ойындарында бірінші орын ...
Read More »