• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қаза

    «Алтын допты» иеленген танымал футболшы қайтыс болды

    Әйгілі испандық футболшы Луис Суарес Мирамонтес қайтыс болды. Бұл туралы sports.ru сайтына сілтеме жасаған halyq-uni.kz хабарлады. «Алтын доп» иегері 88 жасында көз жұмған. Мирамонтес өз мансабында «Депортиво», «Барселона», «Интер» мен «Сампдория» сапында өнер көрсетті. «Барселонамен» бірге Луис екі рет Испания чемпионатын ұтса, «Интер» құрамында А сериясының үш дүркін чемпионы атанды. Сондай-ақ 1964 жылы Испания құрамасы сапында Еуропа чемпионатында топ жарған. ...

    Read More »

    Арбада отырып билеуден әлем чемпионы Малика Мұхтарова өмірден өтті

    Елімізге танымал спортшы, пара спорт бойынша отандық, халықаралық, әлемдік турнирлер мен чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы, халықаралық спорт шебері, әлем чемпионы, Қазақстанның инклюзия театр кеңістігіндегі шоқтығы биік акртиса Малика Мұхтарова 23 жасында дүние салды, деп хабарлады halyq-uni.kz. Малика туралы қаралы хабарды Астана әкімдігіне қарасты Музыкалық жас көрермен театрының директоры Асхат Маемиров жеткізді. Мәлика Мұхтарова 2000 жылы 21 наурызда Қостанай облысындағы Меңдіқара ауданында ...

    Read More »

    Алматыдағы марафонда тағы бір адам қайтыс болды (ВИДЕО)

    Жақында Алматыда өткен «Тенгри Ультра» марафонға қатысқан 41 жастағы азамат мәреге санаулы метр қалғанда қайтыс болған еді. Ол осымен жарысқа төртінші рет қатысқан көрінеді. Қайтыс болған азамат денсаулығына қатысты шағым айтпапты. Осы оқиғаға байланысты 24.kz марафонды ұйымдастырушылар мен дәрігерлердің жүгіру жарысына қатысқан азамат туралы пікірлерін жариялады. Дәрігерлердің айтуынша, марафон талаптарын күшейту қажет. Себебі, жыл сайын жүгіру жарысында кемінде бір адамның ...

    Read More »

    Аты аңызға айналған футболшы Петр Жеков өмірден өтті

    Аты атыңызға айналған футболшы, Софияның ЦСКА командасы мен Болгария құрамасының шабуылшысы Петр Жеков 79 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Петр (болгарша – Петьр, — ред.) Жеков 1944 жылы 10 қазанда Болгарияның Хасков облысындағы Книжовник елді мекенінде туған. 2023 жылғы 18 ақпанда София қаласында қайтыс болды. Петр Жеков – Еуропаның мерген шабуылшыларға берілетін «Алтын бутса» жүлдесінің 1969 жылғы, «Күміс бутсаның» 1970 ...

    Read More »

    Түркиядағы жер сілкінісінен Солтүстік Кипрдің тұтас бір волейбол командасы қаза тапты

    6 ақпан күні Түркияда болған жойқын жер сілкінісінен кейін түркиялық үш волейболшы, сондай-ақ Солтүстік Кипрдің тұтастай бір волейбол командасы қаза тапты. Бұл туралы Fanatik сайты хабарлады. Адыяман қаласындағы үйінділер астынан 16 кипрлік волейболшы табылды. Бұл туралы Түрік волейбол федерациясы хабарлаған. Сондай-ақ Adıyaman Gençlerbirliği және Малатья BBSK командаларының ойыншылары Гамзе Наз Чучук, Эмине Арслан және Эминкан Коджабаштың жойқын жер сілкінісі салдарынан ...

    Read More »

    Түрік жаттықтырушысы жер сілкінісінен отбасындағы 15 адамнан айырылды

    Түркиядағы жер сілкінісінен «Сивасспор» футбол клубының жаттықтырушысы Айхан Тенбелоглу отбасындағы 15 адамнан айырылды. Бұл туралы ensonhaber сайтына сұхбат берген түрік командасының бас жаттықтырушысы Рызы Чалымбай айтты. Бұл өте қайғылы жағдай болды. Біз Сиваста зілзала туралы естіп, білдік. Сол күні таңертең мен «Хатайспор» клубында істейтін өзімнің бұрынғы көмекшім Шыңғыс Қожаға  хабарластым. Ол менің көмекшім Айхан Тенбелоглудың отбасындағы 15 адамнан айырылғанын естіртті. Бүтін ...

    Read More »

    Өмірден кім өткенін білесіз бе?

    29 желтоқсан. Бразилия. Сан-Паулу қаласы. Футболдан әлемнің үш дүркін чемпионы, Бразилия құрама командасының бұрынғы даңқты шабуылшысы Пеле ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды. Адамзаттың теңдессіз футболшысы Пеле он жылға жуық уақыттан бері тоқ ішектің обыр ауруымен ауырды. Бірнеше рет отаға да түсті. Ол биылғы қазан айының 23-і күні 82 жасқа толып еді. Пеле (шын аты-жөні – Эдсон Арантес ду Насименту) 1940 ...

    Read More »

    Тоқаев Бразилия президентіне көңіл айтты

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі футболшы Пеленің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты футболшы, үш дүркін әлем чемпионы Пеленің қайтыс болуына байланысты Бразилия президенті Жаир Болсонаруға көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы футбол тарихындағы ұлы спортшылардың бірі ретінде оның футболды бүкіл әлемге танытуға зор үлес қосқанын атап өтті. Президенттің айтуынша, Пеле әрқашан футболға деген адалдықтың символы әрі жанкүйерлердің сүйікті ...

    Read More »

    Пеле өмірден өтті

    Бразилияның атақты футболшысы Пеле 82 жасында өмірден өтті. Пеле 1940 жылдың 23 қазан күні туған. Оның шын аты-жөні — Эдсон Арантес ду Насименту болды. Ол — үш мәрте әлем чемпионы атағын жеңіп алған жалғыз футболшы. Атақты футболшы ұзақ уақыт бойы онкологиямен күресіп келді. Бұл ауру оның ағзасынан 2021 жылдың күзінде анықталған. Қатерлі дертке қарсы күрес мақсатында бірнеше мәрте химиотерапиядан өтті. ...

    Read More »

    Аргентиналық жанкүйер туға тұншығып көз жұмды

    Аргентина құрамасының жанкүйері халықтық серуен кезінде көз жұмды. Британдық Dally Mail басылымының мәліметіне қарағанда, ел құрамасының жеңісіне байланысты мерекелік серуен кезінде жанкүйер иығына асып алған Аргентина ұлттық туына тұншығып қайтқан. Оқиға Буэнос-Айрес провинциясының Баия-Бланка қаласында болған. Марқұм Себастьян Оскар Масиэль 22 жаста еді. Ол өзінің мотоциклімен жүргенде тудың бір бөлігі дөңгелектің астына түскен. Соның салдарынан жас жігіт тұншығып қалған. Қазіргі кезде ...

    Read More »