Конькимен жүгіруден 14 қараша мен 14 желтоқсан аралығында АҚШ, Канада, Нидерланд және Норвегияда өткен Әлем кубогы кезеңдерінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 12 лицензия жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. -Лицензия иегерлерінің есімі мен спортшылар саны ұлттық құрама бас жаттықтырушысының шешімінен кейін белгілі болады. Болжам бойынша, 2026 жылғы қысқы Олимпиадада конькимен жүгіруден ел намысын 5 спортшы қорғайды. Естеріңізге сала ...
Read More »Қысқы спорт
Рим қаласында қысқы Олимпия ойындарының алауы жағылды
Римдегі Пьяцца дель Квиринале алаңында Милан-Кортина-2026 қысқы Олимпия ойындарының алауын жағу салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Алау алдыңғы күні Грекиядан жеткізілді. Олимпиада алауын Италия президенті Серджо Маттарелла ресми түрде тұтатты. Іс-шараға Халықаралық Олимпиялық комитетінің президенті Кирсти Ковентри, Олимпия ойындарын ұйымдастыру комитетінің басшысы Джованни Малаго мен Италияның Ұлттық Олимпиялық комитетінің жетекшілері қатысты. Кирсти Ковентри құттықтау сөзінде Олимпиада алауының ...
Read More »Әлем кубогы: Кристина Шумекова тағы да алтын жүлдені жеңіп алды
Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Италияның Милан қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының кезеңінде үш дүркін алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Ол 30 қарашада 1500 метрлік қашықтықта мәреге бірінші болып жетті. Екінші болып жапониялық Аяно Секигучи келсе, үздік үштікті қытайлық Цзяминь Цзян түйіндеді. Бір күн бұрын Шумекова 1000 және 3000 метр қашықтықтарда да бірінші орын алған еді. ...
Read More »Әлем кубогы: Кристина Шумекова екі алтын медаль жеңіп алды
Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Милан (Италия) қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде екі мәрте топ жарды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Спортшы 1000 және 3000 метр қашықтықтарында алтын медаль жеңіп алды. 1000 метр Кристина Шумекова Аяно Секигучи (Жапония) Ханна Мазур (Польша) 3000 метр Кристина Шумекова Лике Хейзинк (Нидерланд) Цзяминь Цзян (Қытай) Нео-сеньорлар арасында өткен 1000 метрлік қашықтықтағы жарыста ...
Read More »Данил Васильев FIS кубогында күміс медаль алды
Германияның Хинтерзартен қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден өтіп жатқан FIS кубогында ұлттық құраманың спортшысы Данил Васильев 229,6 ұпаймен екінші орын алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бұл бағдарламада Австрия өкілі Юлиан Шмид жеңімпаз атанса, қола жүлдені словениялық Рок Облак иеленді.
Read More »VI қысқы Спартакиадада сенсация болды
Бүгін Риддер қаласында өтіп жатқан тау шаңғысынан VI қысқы Спартакиадада кезекті жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлады ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Үзілістен кейін спортшылар альпі комбинациясында жарысты. Нәтижесі мынадай: Альпі комбинациясы, әйелдер: Далель Толкунова (Алматы қаласы) 1.42:16 секунд Мария Шкабарова (Алматы қаласы) 1.42:19 Яна Мелинг (ШҚО) 1.44:36 Ерлер: Ростислав Хохлов (Алматы қаласы) 1.34.83 секунд Захар ...
Read More »Қазақстан ҰОК 2026 жылғы Олимпиадаға ресми шақырту алды
Ұлттық Олимпиадалық комитет 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін қысқы Олимпиялық ойындарға ресми шақырту алды, деп хабарлады ҰОК. Ресми хат Халықаралық Олимпиадалық комитеті (ХОК) тарапынан жіберілді. Бұл – елдің төртжылдықтың басты қысқы спорттық жарысына қатысуын растайтын дәстүрлі рәсім. Қазақстан спортшылары қысқы Олимпиадаға 1994 жылдан бері қатысып келеді. Сол уақыттан бері отандастарымыз бір алтын, үш күміс және төрт қола ...
Read More »Ақ Азиада аяқталды
Қытайдың Харбин қаласында ұйымдастырылған IX қысқы Азия ойындары мәресіне жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Биылғы ақ Азиадада Қазақстан құрамасы 4 алтын, 9 күміс, 7 қола жүлде олжалап, жалпыкомандалық есепте 4-орынға тұрақтады. Ел қоржынына алтын жүлдені биатлоннан жекелей сында өнер көрсеткен Владислав Киреев, фристайл-акробатикадан синхронды секіруден, шорт-тректен және хоккейден ерлер құрамасы салды. Күміс жүлдені ...
Read More »Шорт-тректен ерлер командасы Әлемдік турда жүлде алды
Бүгін Италияның Милан қаласында шорт-тректен Әлемдік турдың кезекті кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Эстафетада (5000 метр) Kazakh Nomads командасы мәреге Италия мен Канада командасынан кейін келді. Финалда жарыс жолына Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев пен Глеб Ивченко шықты.
Read More »Шорт-трекшілер Универсиаданың қола медалисі атанды
Италияның Турин қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиадада еліміздің қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Шорт-тректен аралас эстафетада Қазақстан командасы мәреге үшінші болып жетті. Бұл сында Алина Ажғалиева, Малика Ермек, Дінмұхамедалдияр Тәжібай мен Валерий Клименко жарысты.
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары