• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қысқы спорт

    Конькимен жүгіруден ресейлік спортшылар Қазақстан азаматтығын алды

    Ресейлік спортшылар Кристина Силаева мен Елизавета Голубева конькимен жүгіруден Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді, деп хабарлады Zakon.kz. Ресей конькишілер одағы жиналыс өткізіп, Кристина Силаева мен Елизавета Голубеваны Қазақстан құрамасына ауыстыру туралы шешім қабылдады. Мұндай шешімді Одақтың атқарушы комитеті Қазақстанның Ұлттық коньки тебу федерациясының өтініші негізінде қабылдады, деп жазды ресми сайт. Атқару комитеті ресейлік спортшыларға 24 айлық карантин енгізуге бірауыздан ...

    Read More »

    Қазақстандық фристайлшы Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды

    Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы базасында фристайлдан өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Павел Колмаков күміс жүлдегер атанды. Ол фристайл-могулдан финалда 78,72 балл жинап, екінші орынға ие болды. Бұл сында канадалық Микаэль Кингсбери (85,67) жеңімпаз атанса, австралиялық Мэтт Грэмге 78,42 қола жүлдені иеленді. Могул жарысында әйелдер арасында Аяулым Әмренова финалға шыққанымен, жүлдеге іліге алмады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Астанада IV қысқы жастар спорт ойындары аяқталды

    Бүгін Астана қаласындағы «Алау» мұзайдынында конькимен жүгіруден IV қысқы жастар спорт ойындары мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күні 1500 метр мен масс-стартта үздіктер анықталды. Әйелдер арасында 1500 метрде астаналық Алина Дауранова қарсылас шақ келтірген жоқ. Дарья Гаврилова (Астана) күміс, Алена Лифатова (Павлодар облысы) қола медальге ие болды. Ерлер арасында Вадим Якубовский (Қостанай облысы) чемпион атанса, Роман Биназаров (Қостанай облысы) пен Михаил Глущенко ...

    Read More »

    700-ге жуық қазақстандық оқушы ХІ қысқы гимназиадаға қатысады

    Еліміздің төрт қаласында 14 наурызда ХІ қысқы гимназиада басталады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне қарағанда, сайыс шаңғы жарысы, қысқы президенттік көпсайыс, қысқы спорттық бағдарлау, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, бенди, конькимен сырғанау, шайбалы хоккей сынды спорттың 8 түрінен өтеді. Гимназиада жарыстары мектеп спортының дамуына, оқушылардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыруға септігін тигізеді. Сондықтан біз еліміздегі алдыңғы қатарлы спорттық сайыстың республикалық кезеңіне жолдама ...

    Read More »

    Қысқы Олимпиялық ойындардың бойтұмары таңдалды

    2026 жылы Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін Қысқы Олимпиялық ойындардың бойтұмары ақ және қоңыр түсті дулығалы ақкіс (ақ тышқан) болады. Бойтұмарлар жалпыхалықтық дауыс беру арқылы таңдалды. Оларды Италияның Катанзаро провинциясындағы мектеп оқушылары салған. Ақкістің бірі ақ пальтода, екіншісі қоңыр түсті. Бойтұмарларға жарияланған конкурста халықтың 53%-ы тышқандар салынған суретке дауыс берді. Екінші орын Эдельвейс гүліне бұйырды. Таңдауға Италияның 81 провинциясынан ...

    Read More »

    «Азия балалары» ойындары: Қазақстан алтыншы орыннан көрінді

    Бүгін Ресей Федерациясының Кемерево облысында қысқы спорт түрлерінен ІІ «Азия балалары» ойындары аяқталды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы хабарлады. Қысқы ойындардың ресми жабылу рәсімінде еліміздің көк байрағын шорт-трекші Мадияр Мадихов ұстап шықты. Ал халықаралық жарыстың туын түсіру рəсіміне чемпион ретінде Қазақстан атынан Мейіржан Төлеген қатысты. Он күнге созылған кешенді жарыста Қазақстан 3 алтын, 5 күміс және ...

    Read More »

    «Азия балалары» ойындары: Варвара Глухова алтын жүлде алды

    Бүгін қысқы спорт түрлерінен Ресейдің Кемерово облысында өтіп жатқан ІІ  «Азия балалары» ойындарында конькимен жүгіруден соңғы жүле жиынтығы сарапқа салынды. Алдыңғы екі күнде медальге сынық сүйем қалғанда сүрініп келген қазақстандықтар бұл жолы 1 алтын, 1 күміс жүлде жеңіп алды. Конькиші Варвара Глухова жеңімпаз атанса, командалық спринтте Денис Мезенцев, Михаил Бровко мен Михаил Матрюхин үштігі Сібір федералды округынан кейінгі екінші нәтиже ...

    Read More »

    Щучьеде биатлоннан әлем чемпионаты өтеді

    4-12 наурыз күндері Щучье қаласында биатлоннан жасөспірімдер мен жастар арасында әлем чемпионаты өтеді. Осыған байланысты Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов пен Халықаралық биатлоншылар одағының (IBU) президенті Олле Далин кездесіп, чемпионатты өткізуді талқылады. Кездесуде министр шетелдік қонаққа елімізге көрсеткен сенімі үшін алғыс айтты. Әлем чемпионатының жақсы болатынына күмәнім жоқ. Ол үшін бізде барлық жағдай жасалған. Заманауи спорт инфрақұрылымы бар. Әлем ...

    Read More »

    «Азия балалары» ойындары: бір отбасының мүшелері жүлдегер атанды

    Осы күндері Ресейдің Кемерево облысында қысқы спорт түрлерінен өтіп жатқан ІІ «Азия балалары» ойындарында Софья Шишкина шаңғымен тұғырдан секіруде қола жүлдегер атанды. Ол К-40 трамплинінде қос жаттығудан 203 ұпай жинады. Софьяның әпкесі Вероника Шишкина 2019 жылы Оңтүстік Сахалин қаласында өткен алғашқы «Азия балалары» қысқы ойындарында шаңғымен тұғырдан секіруде жекелей сында жеңімпаз атанған болатын. Енді бұл отбасында «Азия балалары» ойындарының екі ...

    Read More »

    «Азия балалары» ойындары: шаңғымен тұғырдан секірушілер бес медаль алды

    Ресейдің Кемерово облысында қысқы спорт түрлерінен өтіп жатқан ІІ «Азия балалары» ойындарында шаңғымен тұғырдан секірушілер қоржынға бес медаль салды. Бүгін аралас командалық сында еліміздің бірінші құрамасы күміс жүлдегер атанды. Илья Мизерных пен Софья Шишкина жұбы 438,8 ұпай жинады. Ал сапында Илья Шильников пен Алена Свириденко бар Қазақстанның екінші құрамасы 434, 1 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді. Бұл сайыста Ресейдің Кузбасс аймағының құрамасы ...

    Read More »