• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қысқы спорт

    Алматыда IV қысқы Жастар спорт ойындары басталды

    Алматы қаласында IV қысқы Жастар спорт ойындары басталды. Төрт жылда бір өтетін кешенді жарыстың шымылдығын шаңғымен тұғырдан секірушілер мен керлингшілер ашты. «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде 4 өңір – Алматы қаласы, ШҚО, Жетісу және Алматы облысының жас спортшылары 5 жас санатында жарысқа қатысып жатыр. Бүгін өрендер К-20, К-40 және К-60 тұғырынан секіріп, үздіктерді анықтады. К-20 (20 метр биіктен), ұлдар: Ибраһим ...

    Read More »

    Ербол Хамитов тұңғыш рет парашаңғыдан әлем чемпионы атанды

    Швецияның Эстерсунд қаласында парашаңғы мен парабиатлоннан өтіп жатқан әлем чемпионатында тұңғыш рет Қазақстан спортшысы бас жүлдені жеңіп алды. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, Ербол Хамитов парашаңғыдан өткен жарыста мәреге 2 сағат 44,23 минутта жетіп, чемпион атанды. Осы спринт қашықтығында украиналық Тарас Рад мәре сызығын екінші болып қиса, бразилиялық Кристиан Вестмаер Рибейра қола жүлдеге ие болды. Осылайша, Ербол ...

    Read More »

    Универсиада-2023: Қазақстан ойындарды 11-орынмен аяқтады

    Қазақстанның студент-спортшылары АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өткен ХХХI Қысқы Универсиадада 11 медаль жеңіп алды. Осылайша, Қазақстан Универсиаданы жалпыкомандалық есепте 11-орынмен аяқтады. Қазақстандықтар жеңіп алған осы 11 жүлденің үшеуі алтын, төртеуі күміс және төртеуі қола. Биатлоншылар Вадим Куралес пен Бекентай Тұрлыбеков, сонымен қатар тұғырдан секіруден Данил Васильев студенттердің қоржынына жүлделерді салып берді. Күміс медальдарды Александр Мухин (биатлон), Данил Васильев пен Сергей Ткаченко ...

    Read More »

    Универсиада: шорт-тректен Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер атанды

    Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік Универсиада ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды. Аралас эстафетада (2000м) Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұханов, Әлішер Абұлқатимов, Яна Хан, Малика Ермек, Алина Ажғалиева 2:47.757 минут уақытымен екінші орынға тұрақтады. Алтын медальді Франция құрамасы иеленсе, қола жүлдені Жапония спортшылары еншіледі. Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлде бар.   Динара АМАНТАЙ, АСТАНА

    Read More »

    Универсиада – 2023: Ксения Шалыгина қола медальді иеленді

    АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Қысқы Универсиадада шаңғышылардың 15 шақырымға жарысында Ксения Шалыгина екінші жүлдені жеңіп алды. Бұған дейін отандасымыз әйелдер командасының құрамында Айша Ракишева мен Надежда Степашкинамен бірге эстафетада қола медалді иеленген болатын. Ал Шалыгина екінші медалін жеңіп алған жарысқа онымен бірге Қазақстан атынан 5 спортшы қатысты. Олар – Надежда Степашкина, Лаура Кондыбаева, Айша Ракишева, Анастасия Ротова және Мария Люфт. ...

    Read More »

    Универсиада-2023: Қазақстан хоккейшілері қола жүлдені жеңіп алды

    АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Қысқы Универсиададағы хоккей турнирінде қола жүлдегер анықталды. Үшінші орын үшін Қазақстан мен Жапония құрамалары ойнап, қазақстандық студенттер құрамасы қарсыластарын 8:1 есебімен ойсырата ұтты. Бұл қола – ел қоржынына Дүниежүзілік Қысқы Универсиада ойындарында түскен 10-медаль. Матчтың 6-минутында Максим Мухаметов құраманы алға шығарды. Екінші кезеңде отандастарымыз қатарынан үш шайба салды. Онда Саян Данияр, Максим Мұхаметов, Әлихан Өмірбеков, ...

    Read More »

    Универсиада: Қазақстанның қоржыны бір алтын, бір қола медальмен толықты

    Биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков АҚШ-та өтіп жатқан Қысқы универсиадада 10 шақырымға спринт жарысында чемпион атанды. Жарыс барысында ол екі атыс сызығында бірде-бір оқты бос жіберген жоқ. Нәтиже көрсеткен уақыты – 27:51,5. Осылайша биатлоншы ел құрамасына үшінші алтынды салды. Аталған жарыста екінші орын Бьорн Уэстервелтке бұйырса, үшінші орынға тағы бір отандасымыз Александр Мухин ие болды. Нәтижесінде Универсиадада ел құрамасы 1 алтын, 1 ...

    Read More »

    Универсиада: Қазақстан медальдар кестесінде үш сатыға көтерілді

    АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан қысқы универсиадада Қазақстан спортшылары екінші алтын жүлдені алып, жалпыкомандалыұ есепте алтыншы орынға көтерілді. Дүбірлі дода 12 қаңтарда басталған. Ол 22 қаңтар күні мәресіне жетеді. Алғашқы алтын медальді биатлоншы Вадим Куралес алса, бүгін шаңғымен трамплиннен секіруден Данил Васильев чемпион атанды. Осылайша ел құрамасы екі алтын жүлдеден кейін медальдар кестесінде алтыншы орынға көтерілді. Бұған дейін  құрама тоғызыншы орында тұрған ...

    Read More »

    Универсиада: Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті

    Бүгін АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан қысқы универсиадада Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты. Тұғырдан секіру жарысында Данил Васильев қарсылас шақ келтірмей, универсиаданың чемпионы атанды. Отандасымыз кіші трамплинде (К-90) 257.3 ұпай жинады. Алғашқы мүмкіндігінде 127.2 балл, ал финалда 130.1 ұпайға ие болды. Қалған қос медаль австриялық атлеттің еншісінде. Күміс жүлде Максимилиан Линерге, қола медаль Тимон Паскаль Кахоферге бұйырды. ...

    Read More »

    Универсиада: Қазақстан хоккейшілері бір тур қалғанда плей-оффқа шықты

    Қысқы универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы төртінші ойынын Словакияға қарсы өткізіп, қарсыластарын 4:0 есебімен ұтты. Осылайша отандастарымыз бір тур қалғанда плей-офф бәсекесіне шықты. Қазақстандық хоккейшілер В тобында Оңтүстік Корея, Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ-пен сынға түсуде. Атап айтқанда, 12 қаңтарда Оңтүстік Кореяны – 5:1, одан кейін Венгрияны – 9:1, Ұлыбританияны 15:1 есебімен жеңді. Бүгінгі ойында Қазақстан құрамасынан Максим Мухаметов (8-минут), Станислав ...

    Read More »