• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қысқы спорт

    Конькиші Надежда Морозова Әлем кубогынан қола жүлде алды

    Надежда Морозова конькимен жүгіруден Канаданың Калгари қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының 4-кезеңінде мәре сызығын үшінші болып қиды. Жарыстың екінші күнінде Надежда Морозова 1500 метрге жарыста мәреге үшінші болып келді. Ол тек жапон Михо Такаги мен нидерландтық Антуанетта Рийпма-де Йонгті ғана алға жіберіп алды. Бір апта бұрын отандасымыз Калгариде өткен 3-кезеңде 1500 метрде Надежда күміс жүлде алған еді. Ал одан бұрын ...

    Read More »

    Конькиші шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінің қола медалін алды

    Денис Никиша Алматыда өтіп жатқан шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдесін жеңіп алды. «Денис Никиша әлем Кубогының қола жүлдегері! Спортшымыз 500 метр қашықтықта үздік үштікті түйіндеп, ел қоржынына бұл жарыстың алғашқы жүлдесін түсірді. Ертең Денис 500 метр қашықтықта тағы да жүлде үшін таласқа түседі», —  делінген хабарламада.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Виталий Щиголев Әлем кубогында қола медаль алды

    Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіруден Әлем кубогының үшінші кезеңі аяқталды. Соңғы жарыс күні Қазақстан құрамасы осы кезеңде екі жүлдеге ие болды. Ерлер арасындағы масс-стартта Виталий Щиголев мәре сызығын үшінші болып қиды. Қазақстандық спортшының нәтижесі — 7:55.850 секунд. Бұл жарыста итальян Андреа Джованнини жеңіске жетті. Бұл — оның 2019 жылдан бергі Әлем кубогы кезеңіндегі жеңісі. Жаңа зеландиялық Питер Майкл күміс жүлдегер ...

    Read More »

    Аян Жолдас Еуропа кубогында қола жүлде алды

    Фристайл-акробатика бойынша Қазақстан командасының өкілі Аяна Жолдас Финляндияның Рука елдімекенінде өтіп жатқан Еуропа кубогы кезеңінде қола жүлдені жеңіп алды. Оның өнерін судьялар 78.12 ұпаймен бағалады. Бірінші орынды Флави Умонд (Канада) иеленді. Ол 86.62 ұпай алды. Екінші орында Эмма Вайсс (Германия) қалды. Германияның өкіліне 81.49 ұпай берілді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Төрт құрлық турнирі: Екатерина Аидова күміс жүлдегер атанды

    Канаданың Квебек қаласында конькимен жүгіруден ІІІ рет ұйымдастырылған төрт құрлық турнирі аяқталды. Соңғы жарыс күні Екатерина Аидова 1000 метрге жарыста күміс жүлдегер атанды. Екатеринаның көрсеткіші — 1:16:191 секунд. Осылайша, ол осы төрт құрлық туриріндегі екінші -медалін мойнына тақты. Бұл қашықтықта (1000 м) оңтүстік кореялық Мин Сон Ким (1:16:066) топ жарып, Квебектегі екінші алтын медалін (осының алдында 500 метрде жеңімпаз атанды, ...

    Read More »

    Жанбота Алдабергенова әлем кубогының қола жүлдегері атанды

    Фристайл-акробатикадан Қазақстан командасының көшбасшысы Жанбота Алдабергенова Финляндияның Рука қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қола медаль иеленді. Спортшы көрсеткен өнері үшін 80.04 балл алды. Бұл оның жарысты қола жүлдемен аяқтауына мүмкіндік берді. Бірінші орынды Даниэль Скотт (Аустралия) жеңіп алса, Марион Тхенолт (Канада) екінші орынға ие болды. Жанбота Алдабергенова —әлем кубогы бірінші кезеңінің жүлдегері, Олимпия ойындарына үш рет қатысқан (2014, 2018, ...

    Read More »

    Қазақстан төрт құрлық турнирінің жеңімпазы атанды

    Канаданың Квебек қаласында конькимен жүгіру спортынан өткен төртқұрлық турнирінде Қазақстан командасы тағы үш медаль жеңіп алды. Надежда Морозова 1500 метр қашықтыққа жүгіруден мәреге бірінші болып келді. Екатерина Айдова бағдарламаның осы түрінде екінші орынды иеленді. Дмитрий Морозов та 1500 метрге жүгіруде екінші орыннан көрінді. Бұған дейін Виталий Щиголев  алтын (5000 метр) жүлдені, ал Надежда Морозова күміс (3000 метр) медальды жеңіп алған ...

    Read More »

    Конькиші Алина Дауранова екінші алтын жүлдені жеңіп алды

    Конькиші Алина Дауранова Финляндияда конькимен жүгіру спортынан өтіп жатқан Әлем кубогының жасөспірімдер кезеңінде екінші рет алтын медальді жеңіп алды. Ол 500 метр қашықтықта алдына жан салмай, мәреге бірінші болып жетті. Финляндияда Дауранова дубль жасады. Ол бұған дейін 1000 метрлік жарыста жеңіске жеткен еді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Жетісу облысында заманауи шаңғы-биатлон кешені салынады

    Жетісу облысында қазіргі заманғы шаңғы–биатлон кешені салынады. Бұл туралы Ппарламент Сенаты депутаттарының сауалына премьер-министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған. «Қазіргі уақытта Жетісу облысында 25 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (бұдан әрі – БЖСМ) бар. Онда 22 533 адам оқиды. Оның ішінде шаңғы жарысымен 121 оқушы айналысады. Олармен 6 жаттықтырушы жұмыс істейді. Алакөл және Сарқан аудандарында Жетісу облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ...

    Read More »

    Дмитрий Морозов пен Алина Дауранова А тобына жолдама алды

    Нидерландтың Херенвен қаласында конькимен жүгіруден Әлем кубогы кезеңінің В тобындағы сын аяқталды. Әйелдер арасында 500 метрге жарыста Алина Дауранова екінші орын алды. Оның уақыт көрсеткіші – 38.75 секунд. Ерлер арасында 1500 метрге Дмитрий Морозов В тобында жеңіске жетті. Ол сөреден мәреге 1:45.95 секундта жетті. Осылайша, Дмитрий мен Алина келесі кезеңнен бастап таңдаулы конькишілер бақ сынайтын А тобында өнер көрсетеді.   ...

    Read More »