• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қысқы спорт

    «Азия балалары» ойындары: Мейіржан Төлеген алтын жүлде алды

    Еліміздің шорт-тректен құрама командасы Ресейдің Кузбасс облысында өтіп жатқан «Азия балалары» ІІ қысқы ойындарын табысты аяқтады. Бүгін 1000 метрге жарыста Мейіржан Төлеген чемпион атанса, Мадияр Мадихов қола жүлдені иеленді. Финалда өнер көрсеткен Əліби Əлімгереев пен Ерасыл Шыңғысхан төртінші жəне бесінші орыннан көрінді. Шорт-тректен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Данабек Хайров шəкірттерінің нəтижесін жақсы деп бағалап, команда соңғы күні алтын медаль алуға ...

    Read More »

    «Азия балалары» ойындары: Қазақстан шорт-тректен үшінші орынды иеленді

    «Азия балалары» ойындары: Қазақстан шорт-тректен үшінші орынды иеленді Қысқы спорт түрлерінен Ресейдің Кемеров облысында өтіп жатқан «Азия балалары» халықаралық турнирде шорт-тректен Қазақстан құрамасы үшінші орынды иеленді. Соның ішінде Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің 9 «А» сынып оқушысы Айзада Алтынбек те (шорт-трек) болды. Ол 3 000 метрге арналған командалық эстафетада мәреге үшінші болып жетті. Бұл жарысқа Азия құрлығының және Беларусь елінің 14-16 ...

    Read More »

    «Азия балалары» ойындары: Қазақстан үш жүлде алды

    Қысқы спорт түрлерінен Ресейдің Кемерево қаласында өтіп жатқан ІІ «Азия балалары» ойындарында Қазақстарн спортшыларының қоржыны бір алтын жүлдемен, бір күміс және бір қола медальмен толықты. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы хабарлады. Шаңғымен тұғырдан секіруде Илья Мизерных пен Илья Шильников қарсылас шақ келтірген жоқ. Илья Мизерных 239,3 ұпаймен чемпион атанды. Ал Илья Шильников 227,3 ұпаймен күміс жүлдеге ...

    Read More »

    Ресейде ІІ «Азия балалары» ойындары басталды (ФОТО)

    Бүгін Ресей Федерациясының Кемерево қаласында қысқы спорт түрлерінен ІІ «Азия балалары» ойындары басталды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы хабарлады. Әуелі «Кузбасс» мұз сарайындағы ұлттық құрамалар шеруінде еліміздің туын шорт-трекші Санжар Бекежан ұстап шықты. Алдағы күндері Қазақстан осы халықаралық жарыста 6 спорт түрінен сынға түсетін 64 атлеттің жолына үмітпен қарайды. Алғаш рет халықаралық жарысқа келген Қазақстан құрамасының ...

    Read More »

    Қазақстан акробатшысы әлем чемпионатының финалына шықты

    Грузияның Бакуриани қаласында фристайл акробатикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында ерлер арасындағы іріктеу жарыстары аяқталды. Қазақстан спортшылары арасынан тек Шерзод Хаширбаев финалға шықты. Ол іріктеу сынында 106,79 ұпай алып, сегізінші орынға табан тіреді. Басқа спортшыларымыздан Дінмұхамед Райымқұлов 18-ші (87,57 ұпай), Роман Иванов 22-ші (61,33 ұпай), Ұланбәкір Өмірзақов 24-ші (46,98 ұпай) орынды иеленді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Жанбота Алдабергенова әлем чемпионатының финалына шықты

    Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының өкілі Жанбота Алдабергенова Бакурианиде (Грузия) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты. Квалификация қорытындысы бойынша спортшы 84,10 ұпай жинап, сегізінші орынға тұрақтады. Аяна Жолдас 18-ші нәтиже көрсетті. Бұл оның шешуші раундқа өтуіне мүмкіндік бермеді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер атанды

    Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы өтіп жатқан әлем чемпионатында командалық спринтте отандастарымыз Алёна Лифатова, Арина Ильященко, Алина Дауранова мен Кристина Шумекова квартеті күміс жүлдегер атанды. Нидерланд құрамасы мəреге бірінші келсе, Италия үздік үштікті түйіндеді. Жалпы, әйелдер жарысына 11 құрама қатысты. Олар: Германия, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Оңтүстік Корея, Латвия, Нидерланд, Норвегия, Польша, АҚШ. Өткен жылы Инсбруктегі əлем чемпионатында ...

    Read More »

    Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева да депутат болғысы келетінін айтты

    Мәнерлеп сырғанаушы, 2019 жылғы әлем вице-чемпионы Элизабет Тұрсынбаева Алматы қаласы мәслихатының депутаты болғысы келетінін айтты. Ол кандидат болып сайланатынын хабарлады.   Менімен жақсы араласатын адамдар кез келген кәсіпті ұршықша үйіріп әкететінімді біледі. Мен қандай жұмыс, шаруа болсын, бәрін тиянақты етіп, жанашырлықпен істеймін. Жарысқа дайындыққа аса жауапкершілікпен қараймын. Сабағымды да жақсы оқимын. Мен күн сайын жаңа биіктерге жеткім келеді.  Бұл – менің ...

    Read More »

    Жасөспірімдер шаңғымен тұғырдан секіруден Олимпиадаға жолдама алды

    Алматыда IV қысқы Жастар спорт ойындары болып жатыр. Бүгін Алатау бөктеріндегі қалада шаңғымен тұғырдан секіруден үздік жасөспірімдер анықталып, марапатталды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы хабарлады. Соңғы жарыс күні аралас командалық сында (2 қыз бен 2 ұл, — ред.) Алматы қаласының бірінші командасы айтарлықтай басымдықпен жеңіске жетті. Одан кейінгі орынға Алматы-2 командасы мен Шығыс Қазақстан облысының спортшылары ...

    Read More »

    Маңғыстаулықтар – кёрлинг жеңімпазы

    Қысқы спорт түрі кёрлингтен XXIII республикалық чемпионатта аралас командалар арасынан маңғыстаулықтар бірінші орынды жеңіп алды. Финалға Алматы мен Астана қалаларының және Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстарының командалары, сондай-ақ есту қабілеті төмен ойыншылар командасы мен мүгедектер арбасын пайдаланушылар командасы да қатысты. Сайыс қорытындысында маңғыстаулықтар жеңімпаз атанды. Екінші орын Астана қаласына бұйырып, үшінші орынға Қостанай облысы ие болды. Одан кейінгі ...

    Read More »