• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Нұрғали Жұмағазы

    Канвон-2024: Қазақстан хоккейшілері қола жүлдені жеңіп алды (ФОТО)

    Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан спортшылары тағы бір жүлдені жеңіп алды. Бұл жолы хоккейден құрама команда қола медаль үшін ойында Аустрия құрамасын 6:5 есебімен жеңіп, үшінші орынды иеленді.

    Бұл матч қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында алғаш рет 3×3 пішінінде болды. Онда команда құрамында Темірлан Айболұлы, Бексұлтан Мақыш, Арсений Кучковский, Әділхан Саттар, Никита Кулаков, Матвей Решетько, Расул Тұрсынов, Арман Төлен, Жахангер Тілеухан, Таир Бигаринов, Егор Кравченко, Роман Мичуров пен Әнуар Ахметжанов мұз айдынына шықты.

    Қазір спортшылар Олимпиадада 1 алтын, 2 қола жүлдені иеленіп отыр.

    Ақ Олимпиадада конькимен жүгіруден де жарыс болып, Руслан Жанәділов пен Кристина Шумекова жүлдеге іліге алмады. Олар аралас эстафетада 1/2 финалда қателік жіберіп, жүлдеден тыс қалды. Ал финалда Қытай спортшыларын тең келер ешкім болмады. Екінші орынды Оңтүстік Корея спортшылары алса, Нидерландтың өңілдері мәреге үшінші болып келді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *