• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Құрмет

    Ұстаздарға барлық ұлықтау жарасады

    Атырау облыстық  Дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығы ұстаздарды марапаттады.  Мұның алдында атыраулық оқытушылар Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК-ның Алғыс хатымен марапатталған болатын, деп хабарлады аталған орталықтың баспасөз қызметі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы тестілерінен мектеп оқушылары арасында өткен онлайн турнирде Атырау облысының оқушылары – Еркінқала жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы ...

    Read More »

    Сегіз қырлы, бір сырлы балуан Хамит Ысқақұлы

    Қазақ күресі күресі жайлы тарих беттерін парақтай отырғанда, семейлік ардагер балуан Хамит Ысқақұлын көзіміз шалады. Орта Азияның 3 дүркін бас балуаны, самбо, еркін күрес, дзюдо және қазақ күресінен Қазақстанның спорт шебері, КСРО спорт шебері атанған Хамит ағамыз сегіз қырлы бір сырлы жан. Қолына домбырасын алып ән салғанда, жаныңды тебірентеді. Ол елімізде қазақ күресінің дамуына зор үлес қосқан ардақты балуан. Қазақ ...

    Read More »

    Жақсылықты жоқтау апталығы

    Чемпионсыз өткен 35 жыл!!!  Қазақтар өз ұлттық спорты санаған, бүкіл ата – бабасы балуан болды деп дәлелденген күрес өнерінен ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ шықпағанына бүгін тура 35 жыл бір апта болды! Сонау 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасына ең соңғы сәтте ғана ілінген кеней асықтай ғана балуан Жақсылық Үшкемпіров жасы отызға келгенде мыңнан бір мүмкіндіктің жалына жабысып, Қажымұқан атасы, Әбілсейіт ағасы жетпеген атақты тұтас ...

    Read More »

    Дара дауыс иесі — Диас Омаров

    Қазақ музыка әлемінде  қаншама сазгер, күміс көмей әнші, тума таланттар өздерінің Алла берген айырықша ұмытылмастай қасиеттерімен ел есінде сақталынынып қалған. Олардың өздеріне тән ән салу ерекшелігі, көптен бөліп, дарындылығын паш етеді. Сол секілді әрбір саланың өз саңлағы, өз топжарар талантты тұлғасы болады. Оларды өзінің тума таланттымен ортадан оқшау озып тұрары анық. Мысалы, еліміздегі спорт комментаторлық саласының негізін қалағандардың бірі, атақты ...

    Read More »

    Жақсылық. 40 жыл бұрынғы Олимпиаданың алтын жүлдесі!

    «Олимпиада жылы» деген айшығымен сексенінші жыл келді. Жиырма тоғызға иек артқан Жақсылық тас-түйін! ССРО чемпионатына не бел, не белбеу кетеді, деп атойлай кірген. Шүу дегеннен үш бірдей қарсыласын бет қаратпай жыққан Жақсылық кезекті сында ресейлік Вылежанинді 22:0 есебімен ойсырата жеңді. Одан кейін Еуропа чемпионатының екі мәрте күміс жүлдегері, 26 жастағы қазандық Анатолий Бозинді 11:1 есебімен тас-талқан қылды. Финалдағы қарсылас – ...

    Read More »

    Ұшпа доптың ұшқыры

    Қазақстандағы волейболдың қалыптасу ошағы неден басталғаны туралы сөз еткенде  осы бір теңдессіз текті спорт өнерін елімізде негізін қалаған, аты әйгілі волейбол шебері, сонау 1970-1971 жылдары Алматынының «Буревестник» командасының құрамында екі дүркін Еуропа чемпионы атанып, 1969 жылы КСРО біріншілігінің жеңімпазы болған  Октябрь Жарлығаповты міндетті турде еске аламыз. Еске ала отырып, дарынды жанның салып кеткен сара жолы мен тактикалық ойын моделін бүгінгі ...

    Read More »

    Қияға қанат қақтырған қайраткер

    Қали Жалмағамбетұлы туралы бір үзік сыр Өткен ғасырда қазақ даласынан жастайынан еңбекке араласып, қоғамдық өмірдің қайнаған ортасында жүріп, жас болса да бас бола білген көптеген қайраткердің шыққаны белгілі. Солардың бірі – біз сөз еткелі отырған Қали Жалмағамбетұлы еді. Ол 1935 жылы Торғай даласында комсомол ұйымдарын құрып, елдің сауат ашуына, ашаршылықтан кейінгі кезде малды сақтап қалуға, емдеуге көп еңбек еткен азамат ...

    Read More »

    Ат құлағында ойнайтын ақсақал

    Көкпар – ұлттық өнеріміздің бір тармағы. Ендеше,  сол  ұлттық спорт  ойындарымыздың  жібін үзбей  ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқаны  елдегі атқұмар ақсақалды абыздарымыздың  да қосып жатқан үлесі зор деп білеміз. «Есік алдында төбе болса, ерттеулі атпен тең, ауылыңда қарт болса, жазып қойған хатпен тең», деген  екен бабаларымыз. Ауылыңда ақсақалды қарт жүрсе, береке, байлық, ынтымақ бірге ілесіп жүргендей сезілетінін белгілі. ...

    Read More »

    Бейсен Құранбек атындағы жарыстың жалауы желбіреді

    Талдықорғанда бұқаралық ақпарат құралдары арасында шағын футболдан белгілі журналист  Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир өтті. Оған Жетісу өңірінен 6 команда қатысты. Бейсен Құранбек журналистикадағы жолын «Спорт» газетінде тілші болып  бастаған.  Футболшы болуды армандаған.  Спортты ерекше бағалады. Саламатты өмір салтын ұстанды. Ұстанып қана қоймай, айкидодан қара белбеу иегері болған. Сондықтан да қазақ журналистикасында өзіндік таңбасын қалдырған тұлғаны еске алуға арналған ...

    Read More »

    Бақыт Балуан

    Жаңбырбаев. Осы бір тек ел арасында айтыла қалса, «Балуан, бапкер Бақытты меңзеп тұрсың ғой» деп емірене кететін ел-жұрт көп бүгінде. Иә, Жаңбырбаевты тек спортшылар ғана емес, былайғы жұрт та өте жақсы біледі. Өйткені, көкірегі ояу, көзі ашық, көпшіл азамат. Биылғы жылдың 28-ші сәуірінде бұл кісі жетелі жас – 70-ке келді. Арда ағамыздың редакциямыздың атынан мерейтойымен құттықтай отырып, оның өткен өнгелі ...

    Read More »