• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Балғын боксшылар Шелекте шиыршық атты

    Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында бокстан жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнир өтіп жатыр. Төрт күнге ұласқан дүбірлі доданың финалдық сайыстары бүгін болады. Кикбокстан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Еуропаның екі дүркін жеңімпазы, Азия чемпионы, әлем кубогының иегері даңқты спортшы Елмұрат Қайыпжановтың жүлдесіне арналған ашық турнирге Түркістан облысынан, Алматы, Шымкент қалаларынан, Алматы облысының аудандарынан келген боксшылар қатысып, сайыс көрігін қыздыруда. Турнирді ...

    Read More »

    Университеттің істері бәріне үлгі

    Қамқорлық болған жерде табыс та болады. Бұл аксиома. Талантты спортшыларды тани біліп, оларға жағдай туғызған орта, белгілі бір жетістіктерге жетері хақ. Алматыда көптеген көне спорт орындары бар. Солардың бірі – М. Горький атындағы Орталық саябақтағы стадион бүгінгі күні жаңа заман ағымына сай жасанды төсініштермен жаңарып, халық игілігі үшін қызмет етуге дайын. Көп жылдық тарихы бар бұл стадионда кезінде қаншама дүбірлі ...

    Read More »

    Балуандарға төсбелгілер беріледі

    Биыл «Қазақстандық спорттық және жауынгерлік самбо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі елімізде самбо күресін дамытуға  қосқан қомақты үлесіне және еңбектері үшін берілетін төсбелгілер (медальдар) шығаруды ұйғарды. Бұл бастаманы Федерация президенті Рапиль Сейітxанұлы Жошыбаев қолдап, спорт жанашыры, спорт ардагері, Шығыс Қазақстан облысы самбо федерациясының вице-президенті Пәрмән Әбдуәлиұлы Имаxановтың идеясына мен де мемлекеттік жаттықтырушы және Федерацияның бас xатшысы ретінде өз үлесімді қосып, ақылдаса ...

    Read More »

    Алматыда журналистердің аламан жарысы аяқталды

    Алматыда үш ай бойы дүбірлете өткен доп додасы мәресіне келіп жетті. Әр жексенбі сайын Қазақтың Спорт және Туризм академиясының спорт кешенінде кескілескен кездесулер, жан берісіп жан алысқан ойындармен өрбіп отырды. Иә, осындай журналистердің доп додасы Алматы қаласында көптен бері өтпеген еді. Кезінде қазақ спорт журналистикасының атасы  Сейдахмет Бердіқұлов пен  белгілі спорт қаламгері Арыстан Сариннің атында журналистер арасында  дүбірлі жарыстар өтіп ...

    Read More »

    Академияның шәкірті Афинадан күміс жүлде әкелді

    Грекияның Афина қаласында дзюдодан жастар арасында өткен Еуропа кубогында Семей спорт академиясының шәкірті Қуандық Стамполов 90 кило салмақ дәрежесінде күміс медаль алды, деп хабарлады Семей спорт академиясының баспасөз қызметі. Шетелге жастар құрамасын аға жаттықтырушылар Азамат Мұқанов пен Айбек Имашев бастап апарып келді. Наурыз айында Атырау қаласында дзюдодан 1999 – 2001 жылдары туған жастар арасында өткен Қазақстанның жекелей чемпионатында да Қуандық ...

    Read More »

    Әлем чемпионатында Элизабет Тұрсынбаева күміс жүлде алды

    Жапонияның Сайтама қаласында мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан әлем чемпионатында Элизабет Тұрсынбаева күміс жүлдені жеңіп алды. Әлемдік додада ол қазақ қыздарынан бұрын-соңды ешкім жетпеген жетістікке жетті. Жарыста Элизабет өте жақсы өнер көрсетіп, төрттік сальховты орындады. Мәнерлеп сырғанауда әйелдер арасында мұндай қиын элементті ешкім орындай алмаған. Төрешілер Тұрсынбаеваның бұл орындауын 148.80 балға бағалады. Жарыста жанкүйерлер мен телеарна комментаторлары таңдасындарын жасырмай, айдында аққудай ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы Шотландия командасынан айласын асырды

    Бүгін Астанада футболдан 2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне қатысып жатқан Қазақстан мен Шотландияның ұлттық құрама командалары кездесті.  Бұл матчта еліміздің бас командасы 3:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесу отандастарымыз үшін өте жақсы басталды. Матчтың 10-минутында-ақ Юрий Перцух пен Ян Вороговский бір-бірден гол соғып, шотландиялықтарды есеңгіретіп жіберді. Ойынның осылай басталатынын күтпеген қонақтар шабуыл жасай алмай, бірінші таймның соңына дейін қорғаныста ...

    Read More »

    Минск қаласында самбошы Руслан Жарқынбаев қола жүлде алды

    Минск қаласында самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасында және жауынгерлік самбодан А санатындағы XXIII халықаралық турнирі, самбо күресінен Беларусь Республикасының ашық чемпионаты және осы елдің Президентінің жүлдесіне арналған әлемдік бәсі жоғары жарыс өтті, деп хабарлады Семей спорт академиясының баспасөз қызметі. Әлемдегі кіл мықты самбо шеберлерінің басын қосқан бұл жарысқа Семей спорт академиясының намысын Төлеген Нұрғалиев пен Руслан Жарқынбаев қорғады. Минск ...

    Read More »

    Алматыда самбодан ел чемпиондары анықталды

    Алматы қаласында самбо күресінен 1999 – 2000 жылы туған жастар (ұлдар, қыздар) арасында КСРО-ға және Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген жаттықтырушы, Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген қайраткер Темірхан Досмұхамбетовтің 70 жас мерейтойына арналған ел чемпионаты өтті, деп хабарлады Семей спорт академиясының баспасөз қызметі. Алатау бөктерінде, Астана, Алматы мен Шымкент және 14 облыстың командасы бас қосқан бұл жарыста 360 самбо шеберлері боз кілемнің ...

    Read More »

    Қазақ дзюдошылары Мароккодан күміс жүлдемен оралды

    Семей спорт академиясының шәкірті Ерасыл Қажыбаев Марокконың Мараккеш қаласында дзюдодан өтіп жатқан Гран При жарысының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.  Ерасыл финалға дейін алқынбай жетіп, финалдық белдесуде германиялық Свен Хейнлиге есе жіберіп алды. Рас, күміс жүлдені де қомсынып отырғанымыз жоқ. Ерасылдың жеңісті күндері алда деп білеміз. Қажыбаев ел намысын абыроймен қорғап жүрсе, ол бапкердің еңбегі. ...

    Read More »