• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Орловтан он жыл бұрын айтқан едім!!!

    Ресейлік кәсіпқой боксшы Максим Дадашевтің кезекті шайқас біткен сәтте өліп кетуі әлемді тағы дүрліктірді. Арада екі-үш күн өткенде тағы бір шет елдік кәсіпқой боксшы шаршы алаңда қаза болды. Бүгінде мұндай мысалдар аз емес. Мына спорт шолушысы күле отырып айтқан қорытындыны мен мұнан он жыл бұрын жалынып отырып айтқан едім! Кәсіпқой боксты тоқтатыңдар дей алмаймын. Тек бұл спорт түріне терең медициналық ...

    Read More »

    Аспантауда халықаралық айқас өтеді

    27 шілде күні Аспантаулар етегінде, Алматы облысы, Кеген ауданының орталығында жекпе-жек өнерінен Әлмерек батыр атындағы халықаралық турнир жалауын желбіретеді. Кеген ауданының әкімдігі,  «Әлмерек абыз» қоғамдық қоры және Дүниежүзілік жекпе-жек қауымдастығы тізе қосып ұйымдастыратын турнир Кеген ауданының және Шырғанақ ауылының құрылғанына 90 жыл толуына орай өткізілмек. Ата қазақ жекпе-жек айқасынан Әлмерек батыр  атындағы халықаралық додада  еліміздің таңдаулы сайыпқырандары Орталық Азия елдерінен ...

    Read More »

    Көңіл көңілден су ішеді

    Бүгін Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен ауыр дертке шалдығып, емделіп жатқан белгілі әріптесіміз Галина Полеваяны қолдау үшін спорт ардагерлері мен журналистердің арасында қайырымдылық матч болды. Кездесу аталған ұйымның жаңадан салынған ғажап ғимаратының алаңында өтті. Әріптесіміз Галина Полевая ұзақ жылдар «Қазақстан» және «Хабар» телеарнасында жұмыс істеген. Ол алдымен үлкен жүректі адам. Кезінде көркем гимнастикамен айналысып, спорт шебері атанған. Телевидениеде жүргенде оның көп ...

    Read More »

    «Арландар» футбол клубы Халықаралық Брага кубогын жеңіп алды

    Португалияның Брага қаласы 2018 жылдан бері Еуропаның спорт қаласы атанған. Өткен жылдан қазіргі күнге дейін спорттың түр-түрінен әлем чемпионаттары мен халықаралық жарыстарды ұйымдастырды. Соның бірі – футболдан балалар арасындағы Брага кубогы. Бұл жарысқа 9 елден 98 команда қатысты. Барлығы 1 800 футболшылар 7 жас категориясы бойынша бақ сынасты. Біз соның U13, U11 жас санаты бойынша қатыстық. Қарсыластардың ешқайсысы оңай болған ...

    Read More »

    «Жауынгерлік өнер қауымдастығы» елордада ерекше тарту жасады

    Елордада Астана күніне орай «Жауынгерлік өнер ассоциациясының» гала-фестивалі өтті. Ауқымды шара  көпшілікке есігін айқара ашқан су жаңа «Jekpe-jek» спорт сарайында болды. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» қаржылай қолдауымен бой көтерген спорт сарайының  алтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Премьер-Министр Асқар Мәмин, Президент Әкімшілігінің жетекшісі Қырымбек Көшербаев, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»  АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, ...

    Read More »

    Боксшы Бекзат Саттархановтың ата-анасына құрмет көрсетілді

    Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханұлымен, анасы Сырлыкүл Саттархановамен және  Бекзаттың рөлін сомдаған «Astana Musical» мемлекеттік театрының актері Самат Әзімқұловпен кездесті, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі. Ведомство басшысы XXVII Олимпиадада жартылай жеңіл салмақта чемпион атағын жеңіп алып, қазақтың мерейін асқақтатқан былғары қолғап шебері Бекзаттай ...

    Read More »

    Триатлоншы Әнел Сытдықова Ла-Манш бұғазын жүзіп шығады

    Әнел Әлібекқызы Сытдықова Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында туған. Жастайынан сіңлісі Әсел екеуін ата-анасы Әлібек Бақтыгерейұлы мен Қанипа Маxамбетқызы тек сабақтарын үздік оқып қана емес, үнемі спортпен шұғылданып жүрулерін қадағалап, қыздарына өте жақсы тәрбие бере білді. Міне, сол тәрбиені алған еңбекқор Әнел қазір барлық отандастарымыздың мақтанышына айналды. Мектепті Оралдан, жоғары оқу орнын Алматыдан үздік бітірген Әнел, Англиядағы атақты Кембридж ...

    Read More »

    Жетісуда жасөспірімдер чемпионаты аяқталды

    23 маусымда басталған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты 30 маусымда аяқталды, деп хабарлады Қазақстан ұлттық спорт қауымдастығы. 18 жасқа дейінгі жасөспірім спортшыларымыз бір апта бойы Алматы қаласының іргесіндегі «Байсерке» ипподромында  елішілік чемпионаттың жүлделерін сарапқа салды. Көкпар, аударыспақ, теңге ілуден VIII рет, ал, жамбы атудан V рет ұйымдастырылған жасөспірімдер чемпионатындағы спорттық бәсекелер туралы бұған дейін жеке ақпараттар жариялаған болатынбыз. Бүгін назарларыңызға чемпионаттың толық ...

    Read More »

    Семейде оқушылар әлем чемпиондарымен жүздесті

    Бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия, әлем чемпионы Мерей Ақшалов пен кикбоксингтан Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері, әлемнің екі дүркін чемпионы Нұрболат Рысмағамбетов Семей спорт академиясының оқушыларымен жүздесті, деп хабарлады Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.   Оқушылар чемпиондарға сауалдарын қойып, кездесу емен-жарқын әңгімемен өрбіді. Әсіресе, жерлесіміз Мерейге қызықты сұрақтар көп қойылды. Оның боксқа келуі, жеңісі пен жеңілісі қатар жүрген спорттық ...

    Read More »

    Аударыспақтың жасөспірім балуандары анықталды

    Алматы қаласының іргесіндегі «Байсерке» ипподромында жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының 23 маусымда басталғаны туралы бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз. Бірнеше күн көкпардың топтық кездесулері өтті. Ал, кеше жасөспірімдер чемпионатындағы аударыспақ балуандары сынға түсіп, бес салмақ бойынша чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлады Қазақстан ұлттық спорт қауымдастығы.  2001-2003 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасындағы елішілік чемпионатта балуандар 40, 50, 60, 70 және 70 килодан ...

    Read More »