Бүгін Талдықорғанда Конфедерация Кубогы іріктеу кезеңінің ашылу салтанатында биылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, ал оның жаттықтырушылары Жұмақан Тұғанбеков пен Берік Жапсарбаевқа Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағы берілді. Сондай-ақ, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев Ұлттық Олимпиада комитетінің 25 жылдық мерейтойлық медалімен марапатталды.
Read More »Басты тақырып
Самбошы Бейбарыс Әбдіғани – әлем чемпионы
Самбодан Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 87 килодан аса салмақта сынға түскен Бейбарыс Әбдіғани қарсылас шақ келтірмей әлем чемпионы атанды. Енді сіздердің назарларыңызға өзге қазақстандық самбошылардың нәтижелерін ұсынамыз: Жасөспірімдер: Маргарита Бажаева — 3 орын (44 кг) Шадияр Қуандық — 3 орын (65 кг) Бейбарыс Әбдіғани – 1 орын (+87 кг) Жастар: Айжан Құдыретилла – ...
Read More »Қазақстан самбошылары жүлдені санап жатыр
Самбодан Сербияда өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы күні Қазақстан самбошылары жеті жүлдені жеңіп алды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, жастар арасында Рамазан Мамаев (62 кг) әлем чемпионы атанса, Жадыра Пайыз (44 кг), Маржан Бизақ (56 кг) пен Ерасыл Бақыт (48 кг) күміс медальді, Дәурен Болатбекұлы (82 кг) қола жүлдені жеңіп алды.Ал олардың ізбасарлары Асқар Усбосынов (48 кг) пен ...
Read More »Самбошы Рамазан Мамаев — әлем чемпионы
Маңғыстау облысында соңғы жылдары самбо және дзюдо күрестері ерекше қарқынмен даму үстінде. Әсіресе, «Жас батыр» спорт мектебінің директоры Манарбек Бисекенов бастаған облыс самбошылары мен дзюдошылары күрестің осы түрлерін дамытуға бар үлестерін қосып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, еңбек етуде. Міңе, сол еңбек өзінің алғашқы жемісін берді. Бүгін Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан самбодан жастар арасындағы әлем чемпионатында маңғыстаулық ...
Read More »Қазақтың алтын қызы — Алтынай!
5-8 қазан күндері қазақ күресінен Минск қаласында өткен жетінші əлем чемпионатының өзгешелігі, тарихта тұңғыш рет ерлермен қатар əйелдер арасында белдесулер өткені болды. Тұңғыш рет қазақ күресінен əйелдер арасынан əлем чемпионы атану үшін боз кілемде белдескен арулардың өнеріне куə болу бақыты бізге бұйырды. Чемпионатта ерлер 6 салмақта белдессе, қыздар 2 салмақта бақтарын сынап, ел намысын Қалжан Тайжан (Атырау) мен Алтынай Хаби ...
Read More »Қазақ күресінен кезекті əлем чемпионаты (фото)
Беларусьтің астанасы Минск қаласында қазақ күресінен өткен VII əлем чемпионатынан фоторепортаж
Read More »Қазақ күресі: төрешілер туралықтан таймайды
Беларусь елінің бас қаласы Минскіде қазақ күресінен VII әлем чемпионаты түңлігін түрді. Әлемнің 38 елінен палуандар жиналған дода бес салмақ дәрежесінде өтеді. Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының ұйытқы болуымен өтіп жатқан әлем чемпионаты барысында төрешілерге арналған семинар ұйымдастырылды. Аталған федерацияның бас хатшысы Нұрлыбек Ермағамбетов шетелден келген командалардағы төрешілерге әлем чемпионаты кезінде қалай төрелік жасау керектігін түсіндірді. Экраннан арнайы дайындалған бейнежазба арқылы ...
Read More »Қазақ күресі: әлем чемпионатына 38 ел келді
Көптен күткен қазақ күресінен кезекті əлем чемпионаты басталды. Минск төріне 38 елдің палуаны жиналды. Мəскеу арқылы көптеген елдің спортшылары Минскге жете алмай, елдеріне кері қайтқаны туралы кеше айтқан болатынбыз. Ертең де келетін елдер бар. Əйелдер арасындағы белдесулер сол себептен ертеңге қалды. Боз кілемге бірінші болып +90 килода бразилиялық Паулина до Селва мен африкалық Мхана Холани шықса екінші кілемде қырғызстандық Мирлан ...
Read More »Қазақ күресінен әлем чемпионаты басталды
Ертең Беларусьтің астанасы Минск қаласында қазақ күресінен VII әлем чемпионаты жалауын көтереді. Ұлттық күресімізден ең алғашқы әлемдік дода 2006 жылы Алматы қаласында өткен екен. Содан бері қазақ күресінен əлем чемпионаты үзбей өткізіліп келе жатыр. Минск қаласы біздің палуандарымызға бөтен емес. 2013 жылдың желтоқсан айында осы жерде қазақ күресінен IV әлем чемпионаты өткен еді. Ол жолы дүниежүзінің 44 елінен келген спортшылар ...
Read More »Қазақ күресінің желбіреген жалауы
Серік Төкеев ағамызды бізден артық білетін адамдар көп қой. Оны өзімен өмір бойы үзеңгілес болып, сырласып жүрген әріптестері жақсы біледі. Ал біздің Серік ағамен таныстығымызға 13 жылдай ғана уақыт болыпты. Содан бері екеуміз ағалы-інілі болып сыйласып келеміз. Секеңмен таныстығым 2004 жылы басталған. Бұл – Афина Олимпиадасы өтетін жыл болатын. Сол жылы «Егемен Қазақстан» газетінде істеп жүргенімде спортшылардың төрт жылда бір ...
Read More »