• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Теннисшілер Үндістандағы жарыстың жеңімпазы атанды

    Үндістанның Калькутта қаласында жастар арасында екінші санаттағы ITF Juniors J200 турнирі мәресіне жетті.

    Ерасыл Ерділдә мен Виталий Зацепин жұптық сында үздік шықты.

    Қазақстандық дуэт финалда жапониялық Сатора Накаджима мен филиппиндік Джоа Рей Поскуаны 6:2, 7:5 есебімен ұтты.

    Қыздар арасында Асылжан Арыстанбекова жекелей сында ширек финалға дейін жетті. Ал Айя Нұпбаймен бірге жұптық сында жартылай финалда қарсыластарына есе жіберді.

    Литвада 14 жасқа дейінгілер арасында үшінші санаттағы Tennis Europe жарысында Ярослав Пшеничный жұптық сында финалист атанды. Ол латвиялық Томас Далдериспен бірге соңғы бәсекеде ғана эстониялықтар Кен Инка – Лукас Раудкивиге жол берді – 2:6, 4:6.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *