Қазақстанның студент-спортшылары АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өткен ХХХI Қысқы Универсиадада 11 медаль жеңіп алды. Осылайша, Қазақстан Универсиаданы жалпыкомандалық есепте 11-орынмен аяқтады.
Қазақстандықтар жеңіп алған осы 11 жүлденің үшеуі алтын, төртеуі күміс және төртеуі қола.
Биатлоншылар Вадим Куралес пен Бекентай Тұрлыбеков, сонымен қатар тұғырдан секіруден Данил Васильев студенттердің қоржынына жүлделерді салып берді.
Күміс медальдарды Александр Мухин (биатлон), Данил Васильев пен Сергей Ткаченко (трамплиннен секіруден), Яна Хан, Малика Ермек, Алина Әжіғалиева, Әлішер Әбілқатимов, Әділ Ғалиахметов және Еркебұлан Шамуханов (шорт-трек – аралас эстафета), Санжар Жәнісов, Антон Хван, Әлішер Абулкамитов, Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамуханов және Валерий Клименко (шорт-трек – ерлер эстафетасы) алды.
Александр Мухин (биатлон), Ксения Шалыгина (шаңғы жарысы), Айша Рақышева, Надежда Степашкина және Ксения Шалыгина (әйелдер арасында шаңғы жарысы) және шайбалы хоккейден ерлер құрамасы жеңіс тұғырынан үшінші орын алды.
Ойындарда 48 медалі (21, 17, 10) бар жапондықтар көш бастады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА