• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футбол

    Балуандар Grand Prix of Germany турниріне қатысады

    11-13 тамызда Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресінен Grand Prix of Germany халықаралық турнирі өтеді. Дәстүрлі түрде өтетін беделді турнирге Қазақстан құрамасы да қатысады. Оқырманның назарларына ГФР-де ел намысын қорғайтын балуандардың тізімін ұсынамыз: 55 кг – Марлан Мұқашев (Астана қаласы); 60 кг – Айдос Сұлтанғали (Қызылорда облысы); 67 кг – Алмат Кебісбаев (Қарағанды облысы); 67 кг – Мейіржан Шермаханбет (Шымкент қаласы); ...

    Read More »

    Бас жаттықтырушы Магомед Адиев Қазақстан азаматтығын алуы мүмкін

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы ресейлік Магомед Адиев «Рабинерв» YouTube-арнасына берген сұхбатында Еуропа чемпионатына іріктеу турнир аяқталған соң, Қазақстан азаматтығын алуы мүмкін екенін айтты. Қазақстан футбол федерациясы менің осы елдің азаматы болғанымды қалап отыр. Менің естуімше, федерация осы әңгімені әрі қарай қозғап, үлкен шенеуніктерге, Мәдениет және спорт министріне айтқысы келіп отырған көрінеді. Бірақ мен азаматтық туралы түпкілікті шешім қабылдаған жоқпын. ...

    Read More »

    Маңғыстау облысында футбол стадионы мен алаңдары салынады

    Алдағы уақытта Маңғыстау облысында футбол сатдионы мен алаңдары салынады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов пен облыс әкімі Нұрлан Ноғаев айтты. Кездесуде ҚФФ басшысы елімізде спорт инфрақұрылымын жақсарту үшін УЕФА-мен бірігіп, футбол алаңдарын жаңарту бағдарламасының жасалғанын,  Маңғыстау облысындағы екі ауылда футбол алаңдарының құрылысы жоспарланғанын атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірлерде бұқаралық футболды дамыту — федерацияның ...

    Read More »

    Конференция лигасы: «Тобыл» мен «Ақтөбе» жарысты жалғастырады (ВИДЕО)

    UEFA Конференция лигасы іріктеу турнирінің екінші сатысында Қостанайдың  «Тобыл» клубы мен «Ақтөбе» командасы келесі айналымға шықты. «Тобыл» Швейцарияның «Базель» командасын бірінші ойында 3:1 есебімен жеңген еді. Екінші кездесуде қарсыластарынан 1:2 есебімен ұтылып қалды. Сол сияқты «Ақтөбе» Кутаисиде жергілікті «Торпедо» жасағын 4:1 есебімен ұтып, екінші ойында 1:2 есебімен жеңілуге мәжбүр болды. Сөйтіп, екі қазақстандық команда да қарсыластарынан өз алаңында жеңілсе де ...

    Read More »

    Әйгілі қақпашы Буффон футболмен қоштасты (ФОТО, ВИДЕО)

    Италияның атақты голкипері Джанлуиджи Буффон 45 жасында футболдағы мансабын аяқтады. Бұл туралы ол Instagram  парақшасында жазды. Ал жігіттер, осымен болды! Сендер маған бәрін бердіңдер, мен де сендерге бәрін бердім. Біз оны бірге жасадық, — деді Буффон. Джанлуиджи Буффон 1978 жылы Италияның Тоскана облысының Карарра қаласында туған. Ол ересектер командасына ерте келген. 1995 жылы 17 жасында «Парма» клубында ойнай бастаған. Бұл ...

    Read More »

    Чемпиондар лигасы: «Астана» іріктеу турнирінде жеңіліп қалды

    Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының екінші іріктеу турнирінде «Астана» өз алаңында Хорватияның «Динамо» (Загреб) клубымен кездесіп, 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Матчта хорватиялық клуб сапынан Махир Эмрели 24-минутта, Антонио Марин 89-минутта гол салды. Бұған дейін, 25 шілдеде командалардың бірінші ойынында «Астана» қарсыласынан 0:4 есебімен ұтылған еді. Енді «Астана» UEFA Еуропа лигасы іріктеу турнирінің үшінші сатысында 10 және 17 тамызда Болгарияның «Лудогорец» командасымен кездеседі. ...

    Read More »

    Елімізде футбол алаңдары жаңартылады — ҚФФ

    Қазақстан футбол федерациясы мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамытуға арналған тапсырмасын орындау мақсатында елімізде футбол алаңдарын қайта жаңарту бағдарламасын іске қосты. Үш жылға арналған бағдарлама УЕФА-ның қолдауымен іске асырылады. Сондай-ақ жоба аясында жеке инвестицияларды тарту жоспарланып отыр. Жобаның басты мақсаты – футбол инфрақұрылымын дамытып, бұқаралық футболды дамытуға жағдай жасау, — делінген хабарламада. ҚФФ-ның мәліметіне қарағанда, биыл бағдарлама аясында Ақтау, Алматы, Шымкент, ...

    Read More »

    Футболшы алғаш рет әлем чемпионатында хиджаб киіп, жасыл алаңға шықты

    Марокко құрамасының футболшысы Нухайла Бензина алғаш рет әлем чемпионатында хиджаб киіп, жасыл алаңға шықты. Championat.com-ның хабарлауынша, Марокко командасының қорғаушысы Австралия мен Жаңа Зеландияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Оңтүстік Корея құрамасымен матчта тарихта алғаш рет басына орамал тағып, 90 минут ойнаған. Ойынның соңында ол сары қағаз алған.Ал матч 1:0 есебімен Марокконың пайдасына шешілген. Кездесуде Ибтиссам Джрайди 6-минутта жалғыз голдың авторы атанған. ...

    Read More »

    Джеки Чан қазақтың домбырасына қосылып ән айтты (ВИДЕО)

    Қытайдың әлемге танымал актері әрі каскадер Джеки Чан ҚХР-дың Іле қазақ автономиялы облысының Моңғолкүре ауданында қазақтың домбырасына қосылып «Нағыз қаһармандар» атты әнін айтты. Бұл ән Қытайдың танымал әндерінің бірі. ҚазАқпараттың хабарлауынша, Джеки Чан жақында Шыңжаңның Қытай мемлекеті «Тұлпарлар мекені» деп атайтын Іле қазақ автономиялы облысының Моңғолкүре ауданында «Тұлпар» халықаралық туризм мерекесіне барып, сонда өнер көрсеткен болатын. Бұл видео сол жерде ...

    Read More »

    Бензема «Әл-Иттихад» клубында алғашқы голын салды (ВИДЕО)

    2022 жылғы «Алтын доп» сыйлығының иегері Франция құрамасының экс-шабуылшысы Карим Бензема Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» клубына келісімен алғашқы голын салды. Ол Араб чемпиондары клубтарының кубогы үшін жарыста Тунистің «Эсперанса» командасымен ойында 55-минутта допты торға тулатты.  Ал матчтың өзі 2:1 есебімен аяқталды. Карим Бензема бірінші голдың салынуына да көмектесті. Ол қорғаушыны алдап, командаласы Абделразак Хамдаллаға әдемі пас берді. Бензема бұған дейін 14 ...

    Read More »