• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    ФИФА The Best жүлдесіне үміткерлер тізімін жариялады

    ФИФА 2023 жылдың үздік ойыншысы, жаттықтырушысы және қақпашысына берілетін The Best жүлдесіне үміткерлер тізімін жариялады.

    ФИФА-ның «Жыл ойыншысы» жүлдесі 12 ойыншы үмітті болып отыр.

    Олар — Кевин де Брюйне («Манчестер Сити»), Бернарду Силва («Манчестер Сити»), Хвича Кварацхелия («Наполи»), Эрлинг Холланд («Манчестер Сити»), Хулиан Альварес («Манчестер Сити»), Илкай Гундоган («Барселона»), Родри («Манчестер Сити»), Лионель Месси («Интер Майами»), Виктор Осимхен («Наполи»), Килиан Мбаппе («ПСЖ»), Деклан Райс («Вест Хэм»/«Арсенал») мен Марцело Брозович («Интер», «Ан-Наср»).

    Үміткерлер тізімін жасау кезінде 2022 жылдың 19 желтоқсаны мен 2023 жылдың 20 тамызы аралығындағы ойыншылардың нәтижелері ескерілген.

    Жылдың ең үздік қақпашысына берілетін The Best сыйлығына үміткер ретінде Яссин Буну (Марокко, «Севилья»/«Аль-Хилал»), Тибо Куртуа (Бельгия, «Реал»), Эдерсон (Бразилия, «Манчестер Сити»), Андре Онана (Камерун, «Интер»/«Манчестер Юнайтед») мен Марк-Андре тер Штеген (Германия, «Барселона») қақпашылар таңдап алынған.

    2023 жылдың үздік жаттықтырушысы жүлдесіне Пеп Гвардиола («Манчестер Сити»), Симоне Индзаги («Интер»), Энже Постекоглу («Селтик»/«Тоттенхэм»), Лучано Спалетти («Наполи») мен Хави («Барселона») үміткерлер қатарында бар.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *