Маңғыстау облысы әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен жиында Ақтау қаласында салынатын жаңа стадионның тұжырымдамасы талқыланды, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі. Жобаны «Қазақ энергетика және байланыс ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС өкілдері таныстырды. Жоспар бойынша Ақтауда 10 000 көрерменге арналған көпфункционалды стадион бой көтереді. Жаңа спорт нысаны заманауи талаптарға сай салынып, футбол академиясымен жабдықталады. Мұнда спортшыларға қажетті барлық жағдай жасалып, оқу-жаттығу ...
Read More »Футбол
Ақын Ордабай асқаралы алпыс жасқа келді
Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күнімен бірге менің әріптесім, досым, ағам, замандасым Ақын Ордабайдың жеке мерекесі — көптен күткен мерейтойы да келіп жетті. 60 жас! Ел ағасы жасы! Тамаша сан! Спорт саласында жүрген азаматтар қатарында Ақынды білмейтін жан жоқ шығар. Өз өмірін 30 жылдан астам спорт журналистикасына «қиған» тұлға бүгінде өз жемісін көруде: С. Бердіқұлов атындағы жүлденің лауреаты, қанды Желтоқсан қозғалысының сыйлы ...
Read More »Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Алматы облысы Талғар қаласында халықаралық FIFA стандартына сай KFF Academy by Almaty International Airport ғимаратының іргетасын қалау рәсімі болды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Жоба Қазақстан футбол федерациясының бастамасымен, Алматы халықаралық әуежайының қаржылық қолдауымен іске асырылып отыр. Салтанатты іс-шарада алғашқы құттықтау сөзді TAV Airports Holding бас директоры Серкан Каптан айтты. Ол компанияның бұл жобаға қатысуы әлеуметтік жауапкершілікпен ғана шектелмейтінін, жоба ...
Read More »Клубтар арасындағы ӘЧ: Месси «Пари Сен-Жерменге» қарсы ойнайды
Осы күндері Америка Құрама Штаттарында футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты болып жатыр. Бұл бәсеке алғаш рет 2010 жылы ұйымдастырылса, содан бері оған биылғыдай 33 клуб қатыспаған еді. Бұған дейін дүрмекті додаға саусақпен санауға болатын командалар ғана қатысатын. Ал биыл оған әлемнің жер-жерінен өз құрлықтарындағы турнирлер мен жарыстарда аты озған жасақтар жиналып отыр. Олар 8 топқа бөлінген. Өз группаларында алғашқы екі ...
Read More »Almaty арнасы ұйымдастырған аламан
«Адамзат бөз бермейді сөз береді», деген екен ата—бабамыз. Қазіргі ақпарат жүйелері тоғысып, оқырман қауымға ағыны тасқындап жатқан заманда БАҚ өкілдерінің қызметі еселей түсуде. Сөз тіршіліктің құралы болса, сол сөз құдіретінің тонын теріс айналдырып оқырманның назарына жеткізіп жатқан қаламгерлердің еңбегі адал деп білеміз. Баспасөз бен теледидардың қазақ қоғамындағы ролі ерекше. Оны көзі ашық көркірегі ояу оқырман жақсы біледі. Ахмет Байтұрсыновша айтқанда ...
Read More »Еурокубоктың жеребесі: Қазақстан клубтарының қарсыластары анықталды
Еліміздің үш футбол клубының Еуропа кубоктарындағы қарсыластары белгілі болды. Алматының «Қайрат» командасы УЕФА Чемпиондар лигасында Словенияның «Олимпия» клубымен ойнайды. Олар 8-9 шілде және 15-16 шілде күндері келесі кезең жолдамасын сарапқа салады. «Ақтөбе» мен Шымкенттің «Ордабасы» жасақтарының да қарсыластары анықталды. Ақтөбенің клубы Еуропа лигасының алғашқы іріктеу сатысында Польшаның «Легия» (Варшава) клубына қарсы ойнайды. Матчтар 10 және 17 шілдеге жоспарланған. Ал Шымкенттің ...
Read More »«Қайрат» клубына бразилиялық футболшы қосылды
Бразилияның футболшысы Эдмилсон де Паула Сантос Фильо Алматының «Қайрат» футбол клубның қатарына қосылды. Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, келісімшарт 2027 жылдың маусымына дейін жасалды. Эдмилсон де Паула Сантос Фильо Сан-Паулу штатында туған. Ол 28 жаста. Бойы – 190 см, салмағы – 80 кг. Футболшы алғаш рет жасыл алаңға «Вело Клуб» командасының сапында шыққан. 2019 жылдан 2023 жылға дейін Португалияның «Марко 09» ...
Read More »«Ордабасы» футбол клубының бұрынғы басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды
2023–2024 жылдары «Ордабасы» футбол клубы 18 ойыншымен жалпы сомасы 2,3 миллиард теңгеден асатын келісімшарт жасасқан. Оның 1,9 миллиард теңгесі бір жылда шетелдік легионерлерге төленген. Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы хабарлады. Қалалық прокуратураның мәліметіне қарағанда, клубтың бұрынғы басшылығының іс-әрекеттері лауазымды өкілеттігін теріс пайдалану туралы күдік тудырған. Бұл қаражат не үшін төленді, кім бөлді және кімге бөлді, қаражат қайда жұмсалды — осы ...
Read More »Асхат Тағыберген қазақ футболының басты проблемасын айтты
Кеше футболдан Қазақстан командасының бұрынғы капитаны Асхат Тағыберген ұлттық құрамамен қоштасып жатып, қазақ футболының басты проблемасын айтты. Оның айтуынша, басты проблема қазақ жігіттерінің премьер-лигада ойнамауы. Осы жағдай футболшыны қатты қынжылтады. Мені осы нәрсе қатты қынжылтады. Жаңадан келген басшылар бірнеше жылда барлық олқылықтың орнын толтырып, заң жүзінде реттейді деп сенемін. Президентіміз де стадиондар салып, жастарға қолдау көрсетіп жатыр. Сапалы алаңдар болса, ...
Read More »Асхат Тағыберген Қазақстан ұлттық құрамасымен қоштасты
Бүгін футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Солтүстік Македония командасымен ойыннан кейін ұлттық құрамадан кететінін айтты. Солтүстік Македониямен матч – менің ұлттық құрамадағы соңғы ойыным болды. Бұл отбасыммен бірге ақылдасқан шешімім. Енді жастарға жол беру керек. Өйткені, футбол – бәсекеге толы спорт. Қазір бұл туралы көп айтылып жатыр. Жалпы, жас деген – тек паспорттағы сан. Мен бұл орынды босатуға дайынмын. Бүгін ...
Read More »