• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жекпе-жек түрлері

    Жайық жағасындағы жастар жарысы

    Атырау қаласында кикбоксингтен  жастар арасында ел біріншілігі мәресіне жетті. «Атырау» спорт кешенінде бес күнге созылған  чемпионатқа 14 облыстан 200-ге тарта жас  спортшы қатысты.  Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орайластырып ұйымдастырылған додада Атырау облысы  әкімінің орынбасары  Бақытгүл Хаменова сөз сөйлеп, жас спортшыларға жеңіс тіледі. Кикбоксинг федерациясының президенті Тастанбек Есентаев облыс басшылығына ауқымды шараны ойдағыдай өткізгені үшін алғысын жеткізді.  Мәдениет және спорт ...

    Read More »

    Рүстем МҰҚАТОВ: «Мен жастарға қолдау көрсетуге дайынмын!»

    Соңғы кездері қазақ спортының дамуы үшін қолдан келген көмектерін аямайтын спорт жанашырларының қатары көбейіп келеді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де сондай үлкен жүректі азаматтардың бірі, есімі алты Алашқа танымал кәсіпкер, спорт пен өнер және ұлт жанашыры – Рүстем Мұқатов. Бір емес, бірнеше компанияның иесі және құрылтайшысы Рүстем Әбдікәрімұлының жұмыс кестесі өте тығыз екен. Үнемі шетел мен еліміздің әр өңірінде іссапарада жүретін ...

    Read More »

    Мұрат ТЕМІРӘЛИЕВ : Ел таеквондосының ертеңіне сенімдімін

    Тоқсаныншы жылдардың басында Алаш топырағына корейлер ойлап тапқан өнердің ұрығын сепкен қара белбеу, алтыншы дан иегері Мұстафа Өзтүрік екенін көпшілік жақсы біледі. Сонау Германиядан Атажұртын аңсап келген асыл азамат Қазақстан халқын таеквондомен табыстырды. Ол танымал жекпе-жек шебері Бексейіт Түлиевпен бірігіп, елімізде осы спорт түрінің кеңінен құлаш жаюына көп күш салды. Ел-елде, жер-жерді үйірмелер ашылды. Жастар спорт залдарға беттеді. Таеквондоның тұнығына ...

    Read More »

    Бапкерлер балуандардың белдесулерін бас бармақпен бағалады

    Алматыда әйелдер күресінен ел үздіктері анықталды. Барлығы 10 салмақта өзара мықтыны анықтаған бұрымды балуандар белдесуін бас бапкер Нұрлан Аманқосов бас бармақпен бағалады. -Алматыдағы әйелдер арасындағы биылғы Қазақстан чемпионаты өте тартысты, өзіміз ойлағандай қызықты белдесулерге толы болды. Жас қыздар да ересектерден қалыспай, жеңіс тұғырына көтерілді, –деді ол. Чемпионатта бұрымды балуандар арасынан жаңа есімдер де жарқ етіп шығып, бір күнде бапкер көзіне ...

    Read More »

    Елдің ісі – ердің қолында

    Кеңес Одағының еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО  әуе күштері әскерінің үш дүркін абсолютті чемпионы, ережесіз жекпе-жектен тоғыз дүркін Әлем чемпионы, КСРО мен Қазақстанда  кикбоксинг пен ушу-саньданың іргетасын қалаушы, Дүниежүзілік «Жекпе-жек» қауымдастығының президенті Сабыржан Ғалымжанұлы Махмет туралы бір үзік сыр. «Бірақ, ұлтшыл болу – өзге ұлттарды басыну деген сөз емес. Ұлтшыл адам ғана, өз ...

    Read More »

    Сегіз қырлы бір сырлы

    «Жігітке жеті өнер де аз» демекші, орыстың әлемге әйгілі балуаны Федор Шаляпин, тамаша  әнші ретінде де жер-жүзіне танылған жан. Атақты Балуан Шолақ, Алла берген балуандық қасиетімен қатар, әншілік, саяткерлік, атбегілік, шабандоздық өнерлерін төрт аяғын тең басқан жорғадай бірге алып жүрген біртуар талант иесі болғаны тарихтан белгілі.  Оның «Ғалия» әні күні бүгінге дейін әрбір ортада шырқалып келе жатқан өміршең әннің бірі. ...

    Read More »

    Еркін күрестің Құлагері

    Еліміздегі еркін күрес тарихында аты алтын әріппен жазылған айшықты балуан, қазақ жастары арасынан тұңғыш рет Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері, сонымен қатар, қандастарымыздың арасынан  Азия ойындарының  алғаш рет алтын жүлдесін жеңіп алған қазақтың даңқты балуаны Мәулен Сатымбайұлы Мамыровтың даңғыл жолы. Кең байтақ жерімізді сыртқы жаудан қорғауда қазақ батырларының жауынгерлік өнерді терең меңгергендіктері туралы бүгінде толассыз айтылып, жазылып келеді. Әрине, батыр бабаларымыздың ...

    Read More »

    Талапты ерге нұр жауар

    Алматы облысы Денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаевтың сара жолы. Ауыл – қазақтың күре тамыры, алтын бесігі, алтын ұясы. Ауылдан қаншама таланттар туып өсіп, еліміздің көрнекті салаларында жұмыс істеп жатыр. Ал спорт саласына келсек, үлкен спортта әлемдік ареналардың шаңын шығарып, ел намысын абыроймен қорғаған қаншама дарындар бар. Ауыл топырағы талантты жастың талантын ашып, денесін шыңдай ...

    Read More »

    Киокушинкай-кан каратэден онлайн турнир өтті

    Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы мен Киокушинкай-кан каратэ федерациясы бірлесіп оқушылар арасында киокушинкай-кан каратэден онлайн турнир өткізді. Бұл туралы аталған орталықтың баспасөз қызметі хабарлады. Whatsapp желісінде төрешілер, хатшылар және менеджерлерден тұратын топ құрылып, оқушылардың бейнежазбалары сарапқа салынды. Онлайн турнирге 130-ға жуық оқушы қатысып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан жеңімпаздардың есімі анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Білім және ...

    Read More »

    Сегіз қырлы, бір сырлы балуан Хамит Ысқақұлы

    Қазақ күресі күресі жайлы тарих беттерін парақтай отырғанда, семейлік ардагер балуан Хамит Ысқақұлын көзіміз шалады. Орта Азияның 3 дүркін бас балуаны, самбо, еркін күрес, дзюдо және қазақ күресінен Қазақстанның спорт шебері, КСРО спорт шебері атанған Хамит ағамыз сегіз қырлы бір сырлы жан. Қолына домбырасын алып ән салғанда, жаныңды тебірентеді. Ол елімізде қазақ күресінің дамуына зор үлес қосқан ардақты балуан. Қазақ ...

    Read More »