• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жекпе-жек түрлері

    Қазақстан спортшысы ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы атанды

    Сербияда жастар арасында ММА бойынша әлем чемпионаты болып жатыр. Оған 62 елден 600-ден астам спортшы қатысуда. Жарыстың 20 жасқа дейінгі (U-20) санатында Матильда Бачурина алтын жүлдеге ие болды. Матильда Бачурина жеке жаттықтырушысы Баян Жанғаловтың айтуынша,  спортшы тартысты жекпе-жекте өз еліміздің, сондай-ақ, Украина мен Германия өкілдерін жеңді.   Дастан КЕНЖАЛИН, ФОТО: Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы АСТАНА

    Read More »

    Қажымұқан батыр баба жолын жалғаған жарыстың жалауы желбіреді

    Жуырда ғана шырайлы Шымкент қаласында «ALASH —  PRIDE FC» промоушені орталығы қолдауымен «Alash pride – Shymkent» жауынгерлік клубының президенті Әлімжан Бекалыұлы Бектаев бастаған ұжымының ұйымдастыруымен мерейлі «ALASH PRIDE FC – 80» атты халықаралық аралас жекпе — жек кеші өтті. Бұл додада ел намысын қорғап шыққан батырларымыз ел үмітін ақтап, жеңіс тұғырынан көріне білді. Жалпы «Алаш прайд» промоутерлік компаниясының негізін қалаушы ...

    Read More »

    Азат Мақсұм жеңіліп көрмеген бразилиялықты оңай жеңді (ВИДЕО)

    UFC үміткері Азат Мақсұм жеңіліп көрмеген бразилиялықты буындыру әдісімен мерзімінен бұрын жеңді. Алматыда аралас жекпе-жектен өтіп жатқан Octagon 39 турниріндегі басты жекпе-жекте Азат Мақсұм (15:0) мен бразилиялық Фабрицио Нуньес (8:0) кездесті. Азат Мақсұм жекпе-жекті белсенді бастап, 1-раундтың аяқталуына 10 секунд қалғанда қарсыласын буындыру әдісімен жеңді. Отандасымыз былтыр әлемнің белді промоушені – UFC-дегі дебюдті жекпе-жек өткізудің аз-ақ алдында тұрған еді. Алайда ...

    Read More »

    Дзюдо федерациясы үздік балуандар мен бапкерлерге 20 млн теңге табыс етті

    Қазақстан дзюдо федерациясы үздік балуандар мен жаттықтырушыларға 20 млн теңге табыс етті.  Кездесуде әлем чемпионатының жүлдегерлері 4 млн теңгеден, Азия чемпионы 2 млн теңгеден, құрлықтық біріншіліктің күміс жүлдегері 700 мың теңге сыйақы алды. Ал қола жүлдегерлер жарты миллион теңгеден және жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлері 400 мың теңгеден иеленді. Ақшалай сертификаттар Қазақстан құрамасының жаңа маусым қарсаңында өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиынында табыс ...

    Read More »

    Өзбек күресі Африка ойындарының бағдарламасына енді

    Өзбек ұлттық спорт түрі – күрес Олимпиада ойындарының маңызды құрамдас бөлігі саналатын Африка ойындарының бағдарламасына енді. Өзбек күресі ресми түрде тамыз айында Конго Демократиялық Республикасының Браззавиль қаласында өтетін Африка ойындары жүйесінен бөлек спорт түрі ретінде енгізілді. Халықаралық күрес қауымдастығының бас хатшысы және техникалық директоры Мухаммад Реза Насири осы ойындарға қатысты мәселелерді талқылау үшін Конгоға барып, осы елдің Жастар және спорт, азаматтық ...

    Read More »

    Биыл ТМД II ойындары өтеді

    ТМД-ға мүше мемлекеттердің өкілдері ІІ Достастық ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізіп, жарыстың ережесін бекітті. ТМД Атқару комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ТМД II ойындары 4-14 тамыз аралығында өтеді деп жоспарланған. Ойындар Беларусьтің 11 қаласында (Минск, Борисов, Брест, Витебск, Гомель, Гродно, Жлобин, Могилев, Молодечно, Орша және Солигорск) спорттың 21 түрінен болады. ТМД ойындарына 3 мыңға жуық спортшы, жаттықтырушы, ...

    Read More »

    Жауынгерлік өнер ассоциациясы 3,5 млн-ға жуық спортшыға жағдай жасады

    Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінің Олимпиадалық даярлау орталығында Мәдениет және спорт вице-министрі, Қазақстанның жауынгерлік өнер ассоциациясының (бұдан әрі – Ассоциация) вице – президенті Серік Жарасбаевтың, «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қорының (бұдан әрі – Sport Qory) бас директоры Асхат Сейсембектің және Ассоциацияның вице-президенті Сәрсен Құранбектің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Бұл туралы halyq-uni.kz хабарлады. Жиында Ассоциацияның вице-президенті ...

    Read More »

    «Кез келгенімен рингке шығуға дайынмын». Батыр Жүкембаев мәлімдеме жасады

    Бірінші жартылай орта салмақтағы боксшы Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО) өз дивизионындағы боксшылармен жұдырықтасуға дайын екенін айтты. Кеттік! Бірінші жартылай ортада кез келген боксшымен қолғап түйістіруге дайынмын! (140 фунт), — деп жазды Батыр Twitter-дегі парақшасында. Ол Боксшы Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) Алматыдағы бокс кешінің басты айқастарының бірінде жеңіске жеткен болатын. Оның қарсыласы «Tiger» лақап атымен танымал оңтүстікафрикалық Ксолани Мкотели ...

    Read More »

    Аралас жекпе-жек шебері Сергей Морозов UFC-де үшінші рет жеңіске жетті

    Аралас жекпе-жек шебері Сергей Морозов АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night 216 аралас жекпе-жек турнирінде америкалық Джорни Ньюсонмен жекпе-жекке шықты. Кездесу үш раундқа есептелген болатын. Осы жекпе-жекте ең жеңіл салмақтағы Морозов төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, отандасымыз ММА-дегі 12-жеңісіне жетті. Ал Джорни Ньюсон 4-рет жеңілді. UFC-дегі жарысқа келетін болсақ, бұл Морозовтың промоушндегі үшінші жеңісі (екі рет жеңілді), ал ...

    Read More »

    Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегі туралы ақпарат шықты

    Mergen FC қазақстандық промоутері Қуат Хамитов 2023 жылдың қаңтарында өтетін келесі турнирінде жұдырықтасатынын жариялады. «Найман» жекпе-жекке дайындалу үшін Тайландқа аттанды. Хамитов 2022 жылдың қаңтарында зейнетке шығатынын айтқан еді. Бірақ Василий Бабинцевпен жекпе-жектен кейін қыркүйекте октогонға оралды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »