• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Күрес

    Еламан Ерғалиев «Қазақстан барысы» атанды

    Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен «Қазақстан барысы-2017» турнирінің жеңімпазы анықталды.. Алматы облысының өкілі Ұлан Рысқұл мен «Әскер барысы» Еламан Ерғалиев бас жүлдеге таласты. Аса тартысты өткен шешуші сында Еламан Ұланды қапы қалдырып «Қазақстан барысы-2017» атағын жеңіп алды. Осылайша Ұлан Рысқұл күміс жүлдегер, Айбек Нұғымаров қола жүлдегер атанды. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды жеңіп алған Ерғалиев 25 миллион теңгені және алтын белбеу ...

    Read More »

    «Қазақстан барысы» турнирінің жүлде қоры – 50 млн теңге

    2 шілде күні «Барыс Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен жетінші рет жалпы республикалық турнирдің финалдық белдесулері өтеді. Ұлттық күресімізден жалпыұлттық жоба биыл да жалғасын тапты. VІІ «Қазақстан барысы» турнирі жылдағыдай төрт кезеңге бөлініп өткізіліп отыр. Ауылдық, аудандық және облыстық белдесулері толықтай аяқталды. Енді республикалық финалы өтеді. Финалға әр аймақтан іріктеліп шыққан үздіктер қатысады. Атап айтқанда, 14 облыстың, Астана және Алматы ...

    Read More »

    Қазақ күресін Токио Олимпидасында көреміз

    Әлем кубогының  ауыл-аймақта өтуіне мән берсек, төл күресіміздің жылдан жылға дамып келе жатқанының куәсі боламыз. Иә, қазақта туған жерге туыңды тік деген-қанатты сөз бар. Ұлттық спортымыздың жанашырлары мен атымтай жомарттарының қолдауымен ата күресімізден Әлем кубогы Шығыс Қазақстандағы Көкпектінің кең жазығында орналасқан Ақсуат елді мекенінде өтті. Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының жарыс жылтізбегінен ойып тұрып орын алған, осымен қатарынан бес жылдан бері ...

    Read More »

    Қазақ күресінен Африка чемпионаты өтті

    19-20 мамыр күндері Оңтүстік Африка Республикасының Кейптаун қаласында осымен екінші рет қазақ күресінің жалауы желбіреді. Осы елде Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының ұйымдастыруымен өткен Африка чемпионатына 15 мемлекеттің өкілдері қатысты. Жарыстың соңында чемпиондар мен жүлдегерлер марапатталып, ақшалай сыйлық алды. Сонымен бірге чемпионаттың бағдарламасы мен тәртібі бойынша төрешілер, команда өкілдері мен спортшыларға қазақ күресінен семинар өткізілді. Оны жоғары дәрежедегі халықаралық төреші Нұрлыбек ...

    Read More »

    Төл күресіміздің туы Африкада тігіледі

    18-19 мамыр күндері Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының ұйымдастыруымен Оңтүстік Африка Республикасының Кейптаун қаласында осымен екінші рет қазақ күресінен құрлықтық чемпионат өтеді. Оған 15 елдің палуандары қатысып, үш салмақ (70, 80, +80 кг) дәрежесі бойынша күш сынасады. Биылғы чемпионатта төрешілерге арналған семинар да болады. Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті Серік Төкеевтің айтуынша, жиында ұйымның төрешілері африкалықтарға төл күресіміздің ережелерін үйретіп, ...

    Read More »

    Қазақ палуандары турнирдің жеңімпазы атанды

    «Халық Арена» мұз айдынында өткен Қазақ КСР еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған грек-рим күресінен ашық халықаралық турнирде қазақ палуандары жалпыкомандалық есепте бірінші орынды еншіленді. Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген спортшылар, сонымен қатар, Армения, Грузия, Әзербайжан, Қырғызстан және Ресей мемлекеттерінен 280-нен астам палуан қатысты. Олар (UWW) ережелеріне сәйкес күресті. Турнирдің бірінші күні палуандар — 50 кг, 60 ...

    Read More »

    Қазақ күресінен ІІІ Еуропа чемпионаты өтіп жатыр

    Осы күндері Сербияның Новый Сад қаласында Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының ұйымдастыруымен төл күресімізден ересектер арасында ІІІ Еуропа чемпионаты өтіп жатыр. Оған қарт құрлықтың 20-дан аса елінің түйе палуандары қатысуда. Аталған федерацияның бірінші вице-президенті Серік Төкеевтің айтуынша, Еуропаның жер-жерінен Балқан түбегіне жиналған палуандардың күресі аса қызықты жəне тартысты өтуде. -Бұл жарыс 1 мамыр күні басталды. Оның алдында 29-30 сəуір күндері Новый ...

    Read More »

    Біз білетін Бәкең

    Адамның ең асыл қасиеті – жақсылық. Осы сөзді сіз бен біз жақсы білеміз. Адамның жақсылық жасауы оның тектілігін көрсетеді. Жақсылық пен игілікті іс жасау – үлкен адамгершіліктің белгісі. Қазір арамызда басқа адамдарға көмектесіп жүрген көптеген абзал жандар бар. Болат Төлешұлы сондай азамат еді. Кейде ол адамға жақсылық жасау үшін жаралған ба деймін. Өйткені, оның шарапатын көрмеген адам кемде-кем.  Бәкеңнің жақсылығын ...

    Read More »

    Александр Касачев «Жетісу бөрісі» атанды

    Талдықорғанда «Жетісу бөрісі» турнирі өтті. Дүбірлі додада Александр Касачев бас жүлдені жеңіп алды. Жеңімпазға су жаңа «Лада Гранта» автокөлігі сыйға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сайысқа 38 саңлақ қатысты. Олар осыған дейін Алматы облысының аудан-қалаларындағы іріктеу турнирлерінде топ жарған және екінші орын иеленген балуандар. Ақтық сында жолындағыларды жапыра жеңген, Талдықорған атынан кілемге шығып отырған балуандар — Ұлан Рысқұл пен Александр ...

    Read More »

    Павлодарда ХХ халықаралық турнир аяқталды

    Павлодар қаласында КСРО спорт шебері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Б. Сейсенбаевты еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды. Аталмыш турнир 2017 жылы 20-сыншы рет ұйымдастырылды. Халықаралық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері келесідей: 48 кг 1. Әйгерім Төреғожина (Қарағанды обл) 2. Назым Альменова (Жамбыл обл.) 3. Динара Искакова (Астана) 3. Дания Тұмарбаева (Алматы обл.) 52 кг 1. Назгүл Елмұратова (ШҚО) 2. Динара Мұссұрман ...

    Read More »