• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: алтын медаль

    Максим Богатырёв параканоэден әлем чемпионы атанды

    Аргентинаның Гуалегуайчу қаласында байдарка мен каноэде ескек есу марафонынан және параканоэден өтіп жатқан әлем чемпионатында ерлер арасында параканоэден VL1 санатында сынға түскен отандасымыз Максим Богатырёв алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Ескек есу спорты түрлерінен ұлттық федерацияның баспасөз қызметі. Ол жарыстың алғашқы күні қайықпен 8 шақырым 200 метрді 58 минут, 03.17 секундта жүзіп өтті. Максим Богатырёв мәре сызығын екінші кескен ...

    Read More »

    Велоспортшылар Пара Азиада чемпионы атанды

    Жапонияның Аичи префектурасы мен оның орталығы Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарынан тағы да қуанышты хабар келіп жетті. Қазақстан құрамасы пара велоспорттан тағы екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алды. Бүгін тасжолдағы жарыста B класында ерлер арасында Наиль Ермұханбет пен оның пилоты Руслан Әлиев 65 шақырымды 2 сағат 1 минут 21 секундта жүріп, мәреге бірінші болып жетті. Олардан ...

    Read More »

    Бір күнде екі алтын жүлде: Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты

    Бүгін Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында пара жүзуші Диас Кенжебек алтын медаль жеңіп алып, Азияның жаңа рекордын жаңартты. Ол ерлер арасында S10 санаты бойынша 100 метрге шалқалап жүзу сайысының финалында 1 минут 1,98 секунд нәтижемен мәреге бірінші болып жетті. Осылайша ол Азияның бұған дейінгі 1 минут 3,73 секундтық рекордын жаңартты. Екінші орынды Жапония спортшысы Акито Мина ...

    Read More »

    Қазақстан қоржынына тағы екі алтын жүлде түсті

    Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында жалауы көтерілген V Азия пара ойындарының үшінші жарыс күнінде Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары пара садақ атудан, пара оқ атудан, пара үстел теннисінен, пара дзюдодан, пара велоспорттан (трек), пара жүзуден, пара пауэрлифтингтен, арбадағы теннистен, пара таеквондодан, боччадан, волейболды отырып ойнаудан және пара жеңіл атлетикадан сынға түсті. Пара оқ атудан Еркін Ғаббасов 10 метр қашықтыққа пневматикалық ...

    Read More »

    Қазақ балуандары АҚШ-та әлем чемпионы атанды

    АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында еліміз үшін тарихи оқиға болды. Бұл дүрмекті додада  Айбек Айтбеков пен Юсуф Ашрапов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды. Сөйтіп, Қазақстан балуандары U23 әлем чемпионаты тарихында алғаш рет бір жарыста екі алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, Темірлан Тұрдақын финалға шығып, Джохар Узаров қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. ...

    Read More »

    Алексей Луценко алты дүркін Азиада чемпионы атанды

    Жапонияның Аичи префектурасы мен оның орталығы Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрама командасының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты. Тас жолдағы велоспорттан ерлер арасындағы топтық жарыста Алексей Луценко топ жарды. Велошабандоз 4 сағат 13 минут 11 секундта мәре сызығын бірінші болып кесті. Бұл – Луценконың биылғы Азия ойындарындағы екінші алтын жүлдесі. Ол жарыстың алғашқы күнінде жекелей ...

    Read More »

    Ауыр атлетика: Нұржан Жұмабай Азия чемпионы атанды

    Жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір алтын мен қола медаль түсті. Нұржан Жұмабай жас жеткіншектер арасында 95 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 354 (159+195) келіні көтерді. Әлихан Әскербай дәл осы салмақта жасөспірімдер арасында үшінші орын алды. Отандасымыз қоссайыстың нәтижесі бойынша 361 (163+198) келіні басынан асырды. 77 ...

    Read More »

    Ауыр атлетика: Аянат Жұмағали – Азия чемпионы!

    Жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы алтын медаль түсті. Ол 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұлқа көтеруде 104 кг, серпе көтеру 133 кг салмақ зілтемірді басынан асырды. Сөйтіп, қос сайыс қорытындысында 237 кг нәтиже көрсетіп, үш алтын жүлдені жеңіп алды. Сөйтіп, Аянат Жұмағали 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Азия ...

    Read More »

    Конькимен жүгіру: Қазақстан спринтте жеңіске жетті

    Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Варвара Глухова, Анастасия Беловодова мен Кристина Шумековадан құралған әйелдер командасы командалық спринтте 1:28.77 уақыт көрсетіп, әлем чемпионы атанды. Екінші орынды Польша құрамасы иеленсе, үшінші сатыға Канада спортшылары көтерілді. Осылайша, Қазақстан құрамасының жасөспірімдер ...

    Read More »

    Велоспорттан АЧ: Евгений Федоров тас жолда топ жарды

    Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Федоров Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Ол топтық жарыста жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Спортшы 154,4 шақырымды 03:25.17 уақытта жүріп өтіп, жеңімпаз атанды. Екінші орынды Қытай өкілі Хаоюй Суй, үшінші орынды Абдулла Жасим Әли (БАӘ) иеленді.    

    Read More »