• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Теннис

    Астанада арбадағы теннистен алғашқы ITF Futures Series турнирі аяқталды

    Астанада арбадағы теннистен ITF Futures Series бойынша алғашқы турнирдің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Орталық Азия бойынша алғаш рет ұйымдастырылған жарысқа АҚШ, Жапония, Австралия, Франция, Оңтүстік Корея, Үндістан, Польша, Қырғызстан, Ресей, Беларусь және өз еліміздің өкілдері қатысып, бірнеше күн бойы бақ сынасты. Ерлер арасында жекелей сында тұрақты ойын өрнегін көрсеткен жапониялық Фудзимото Ёшинобу чемпион атанса, австралиялық Мартин Данн ...

    Read More »

    «Ролан Гаррос»: Анна Данилина ширек финалға шықты

    Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол сербиялық Александра Круничпен бірге үшінші айналымда «Үлкен дулыға» додасының 5-ракеткалары, америкалық Айша Мұхаммад пен нидерландылық Деми Схурспен күш сынасты. Матчты қазақстандық-сербиялық дуэт қос брейкпен сәтті бастады. Есеп — 3:0. Бұдан кейін Мұхаммад пен Схурс қайыра брейк жасағанымен, Данилина мен Крунич ...

    Read More »

    «Ролан Гаррос»: Бублик тағы да сенсация жасады

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 62-ракеткасы Александр Бублик теннистен Францияның Париж қаласында өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол төртінші айналымда әлемнің 5-ракеткасы, Ұлыбританияның 23 жастағы спортшысы Джек Дрейпермен ойнап, оны айқын басымдықпен жеңді. Осыған дейін қарсыластар үш рет ойнап, соның екеуінде Дрейпер жеңген еді.  Ал мына үшінші ойында олар топырақ төсенішінде алғаш рет ойнады. ...

    Read More »

    «Ролан Гаррос»: Елена Рыбакина ширек финалға шыға алмады

    Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Францияның Париж қаласында өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шыға алмады. Ол 1/8 финалда Польшаның өкілі, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, Франция ашық чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы Ига Швёнтекпен ойнап, одан 1:6, 6:3, 7:5 есебімен жеңіліп қалды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    «Ролан Гаррос»: Бублик тұңғыш рет төртінші айналымға шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 62-ракеткасы Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол дүниежүзілік рейтингіде 200-орында тұрған 21 жастағы португалиялық Энрике Рошамен ойнап, қарсыласын 6:1, 7:5, 6:2 есебімен оңай жеңді. Бір сағат 41 минутқа созылған матчта Бублик 9 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Осылайша, топырақ төсенішіндегі кортта ойнауды онша құп көрмейтін Бублик биыл сәтті ...

    Read More »

    «Ролан Гаррос»: Бублик сенсация жасап, алғаш рет үшінші айналымға шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 62-ракеткасы Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінде камбэк жасап, алғаш рет үшінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол Франция ашық чемпионатындағы екінші ойынын әлемнің 9-ракеткасы, австралиялық Алекс де Минаурға қарсы өткізді. Бублик осы кезге дейін «Ролан Гарроста» үшінші айналымға шығып көрмеген еді. Бастапқы екі партия 6:2 есебімен австралиялық теннисшінің пайдасына шешілді. Үшінші сетте Бублик 3:0 есебімен ...

    Read More »

    Рыбакина биылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне жетті

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол жарыстың төртінші ракеткасы болып тіркеліп, финалда әлемнің 19-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсоновамен ойнады. Бірінші партияда есеп 2:1 болған кезде Рыбакина брейк жасай білді. Содан кейін қарсыласына дес берген жоқ. Есеп — 6:1. Екінші сетте отандасымыз брейкпен алға шыққанымен, Самсонова ...

    Read More »

    Қазақстан Дэвис кубогының іріктеу сайысын сәтті бастады

    Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Дэвис кубогының Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирі өтіп жатыр, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Қазақстан құрамасы (капитаны Сергей Квак) D тобына Қытай, Иран және Жаңа Зеландия командаларымен бірге түсті. Бастапқы матчта отандастарымыз Жаңа Зеландияны 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Алдымен Михаил Мищенко тартысты матчта Бленд Лукуды 6:3, 5:7, 6:4 есебімен тізе бүктірді. ...

    Read More »

    Зарина Дияс Жапониядағы турнирдің чемпионы атанды

    Әлемнің 318-ракеткасы Зарина Дияс Жапонияның Куруме қаласында өткен ITF W50 турнирінде топ жарды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол финалда жапон спортшысы, әлемнің 288-ракеткасы Аяно Шимицумен чемпиондық атақты сарапқа салды. Бірінші партияда жергілікті спортшы 2:0 есебімен алға шыққанымен, Зарина Дияс таразы басын аудара білді. Есеп — 6:4. Екінші сетте де Шимицу 2:0, 3:1 есебімен алға шықты. Бірақ Зарина Дияс бұдан ...

    Read More »

    Жібек Құламбаева Мадрид турнирінің жеңімпазы атанды

    Жібек Құламбаева жұптық сында Испанияның Мадрид қаласында өткен ITF W100 турнирінде үздік шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Финалда Құламбаева мен Уэрго испаниялық Марина Бассольс пен Андреа Ласаро Гарсияны жеңді. Бірінші сетте испандықтар 7:6 (9:7) есебімен жеңіске жетті. Алайда екінші сетте Жібек пен Николь 7:6 (7:4) есебімен есесін қайтарды. Жеңіс тағдырын шешкен чемпиондық тай-брейкте Қазақстан мен Италия өкілдері қарсыластарын 10:4 ...

    Read More »