• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Қазақстан теннис федерациясы

    Путинцева WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды

    Теннисші Юлия Путинцева Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өткен WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Финалда теннисші дүниежүзілік рейтингіде 190-орында тұрған Аустралия өкілі Айла Томляновичті 6:1, 7:6(8) есебімен жеңді. Бірінші партияда Путинцева үш брейк жасап, партияны 6:1 есебімен аяқтады. Екінші партияда да  2:0 есебімен алға шыққанымен, оның қарсыласы дес бермеді. Енді Айла Томлянович 5:3 есебімен алға шықты. Дегенмен ...

    Read More »

    Астанада алғаш рет Азия теннис федерациясының директорлар кеңесі бас қосты

    Астанада алғаш рет Азия теннис федерациясы директорлар кеңесінің жиыны болды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Оған  Қытай, Үндістан, Корея Республикасы, Өзбекстан, Камбоджа, Пәкстан, Түркменстан, БАӘ, Сауд Арабиясы, Малайзия, Сингапур, Гонконг, Иорданияның өкілдері қатысты. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе инфрақұрылымды жақсарту, екіншісі, жаттықтырушылардың әлеуетті арттыру және үшінші мәселе теннисті қаржыландыруға арналды. Елімізде теннис спортын дамыту үшін Азия теннис федерациясының ...

    Read More »

    Теннистен әйелдер құрамасының капитаны ауысты

    Қазақстан теннис федерациясы басшылығының шешімімен әйелдер құрамасына Юрий Щукин жетекшілік ететін болды, деп хабарлады Rraketkasi. Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасына Ярослава Шведова басшылық етіп келген болатын. Шведова 2020 жылдың ақпанынан 2021 жылдың сәуіріне дейін әрі капитан, әрі ойыншы ретінде қызмет атқарды. Кейін капитандыққа біржола ауысты. Кейінгі жылдары әйелдер құрамасында Юрий Щукин көмекші жаттықтырушы ретінде жұмыс істеді. Ол сондай-ақ 2020 жылдың ...

    Read More »

    Қазақстанның екі жас теннисшісі үздік шетелдік ойыншы атанды

    Еліміздің екі жас теннисшісі 14 жастағы Ева Корышева мен 16 жастағы Даниэль Тазабеков Tennis Europe сериясы бойынша 2023 жылдың үздік шетелдік ойыншысы атанды.  Олар Еуропа теннис қауымдастығынан (Tennis Europe Tour) «Жылдың үздік ойыншысы» (Еуропалық одақ елдерінен емес) сыйлығына ие болды. Е.Корышева биылғы жылды Ыстанбұл турниріндегі жеңісімен бастады. Содан кейін ол Бельгияда бірінші санаттағы жарыста үздік шықты. Ева Tennis Europe рейтингінде ...

    Read More »

    Азия теннис федерациясының басшысы болып Қазақстан азаматы сайланды

    Юрий Польский алдағы 4 жылға Азия теннис федерациясының (ATF) президенті болып сайланды. Сайлау Таиландтың Бангкок қаласында өткен ATF бас сессиясы аясында болды, деп хабарлады Olympic.kz. Сайлауда Таиланд, Жапония және Шри-Ланкадан тағы үш үміткер ATF президенті болуға үміткер болды. Онда Юрий Польский ең көп дауыс жинады. Енді Юрий Польский ATF президенті қызметімен бірге Азия теннис федерациясының директорлар кеңесін басқарады. Бұл жерде ...

    Read More »

    Болат Өтемұратов Теннис федерациясының президенті болып қайта сайланды

    Астана қаласында Қазақстан теннис федерациясының жыл сайынғы конференциясы болып жатыр. Осы жиында конференцияның делегаттары мен федерация филиалдарының өкілдері Болат Өтемұратовты алдағы төрт жылға Қазақстан теннисі ұйымының басшысы етіп сайлады, деп хабарлады Теннис федерациясы. Болат Өтемұратов 2007 жылдан бері федерацияға жетекшілік етіп келеді. Бүгінде елде 48 қазіргі заман сай жасалған теннис орталықтары болса, ондағы 364 корттың басым бөлігі – жабық корттар. ...

    Read More »

    Теннисші Бейбіт Жұқаев әлемдік рекордын жаңартты

    Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингісінде Бейбіт Жұқаев 187-орыннан 186-ға көтерілді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Бұл – оның дүниежүзілік рейтингтегі үздік көрсеткіші. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 32-орнын сақтаса, Тимофей Скатов – 215, Денис Евсеев – 226, Михаил Кукушкин 229-сатыда тұр. Жұптық сында Александр Недовесов – 44, Андрей Голубев 61-орнында қалды. Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингісінде Елена Рыбакина ...

    Read More »

    Меруерт Каукеева теннистен төрешінің күміс белгісін алды

    Меруерт Каукеева мінбедегі төрешінің күміс белгісіне ие болды. Сөйтіп ол әлемдік төрешілер қауымдастығынан мұндай жоғары атақ алған екінші қазақстандық қазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Теннис федерациясының мәліметіне қарағанда, «Күміс белгі» (Silver Badge) төрешілерге кәсіби қызметіне қарап беріледі. Бұл белгіні алу үшін кемінде 60 матчқа төрелік ету керек. Бұл матчтардың бәрі халықаралық деңгейде өткізілетін ойындар болу керек. Сондай-ақ «Алтын ...

    Read More »

    Теннистен жасөспірімдер құрамасы үздік ондыққа кірді

    Қазақстанның 16 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы қыздар құрамасы Испанияның Кордова қаласында өткен Billie Jean King Juniors Finals турнирінің қорытындысы бойынша үздік ондыққа кірді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Бұл 16 жасқа дейінгілер арасындағы қыздар үшін алғашқы командалық әлем чемпионаты болды. Құрама команда алдымен В тобында үшінші орынға ие болды. Құрама бірінші ойында Аргентина командасын 2:1 есебімен жеңгенімен, Бразилия мен Ұлыбританияға ...

    Read More »

    Рыбакина үшін бар жағдайды жасап жатырмыз — Теннис федерациясы

    Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне қатысқан ел құрамасының ойынын қорытындылады. Ол Теннис федерациясының атынан Қазақстанның әйелдер  құрамасының Испанияның Севилья қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы сәтсіздігін түсіндірді. Федерацияның вице- президенті Қазақстан теннис құрамасының «Билли Джин Кинг кубогының» финалдық кезеңіне жақсы ойыншылармен барғанын айтты.  Оның айтуынша, шын мәнінде Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне әлемнің үздік ...

    Read More »