Бүгін Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирі мәресіне жетті. Бұл жарыста отандастарымыз екі күміс және бес қола медаль жеңіп алды. Оған Азия, Африка, Америка, Еуропадан 235 спортшы қатысты. Турнирде мына спортшылар жүлдегенлер қатарынан көрінді. 2-орын Алан Құрманғалиев (жаттықтырушысы — Эльмира Алиева, Қарағанды). 2-орын Злата Стадник (жаттықтырушысы — Татьяна Ким, Қарағанды). 3-орын Қарақат Мейрхан (жаттықтырушысы Бауыржан Шайхин, Семей қ.). 3-орын Аделя Әлжанова (жаттықтырушылары — Ернар Ыбырай, Дмитрий Переверзев, Қызылорда). 3-орын Нұрдәулет Азаматұлы (жаттықтырушысы — ...
Read More »Tag Archives: қола медаль
Универсиада: Қазақ қызы алғашқы жүлдені жеңіп алды
Германияда өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті. Бұл медальді көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы таспа жаттығуда қалтасына басты. Ол үздік үштіктен орын алды. Бас жүлдені 18 дүркін Азия чемпионы Тахмина Икромова (Өзбекстан) жеңіп алса, күміс медальді бейтарап спортшы, әлем чемпионы Алина Харнаско иеленді. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Challenge Cup: Қазақстан спорттық гимнастикадан үш медаль алды
Ташкент қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup турнирінде ұлттық құраманың үш спортшысы құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Қоссырық жаттығуының финалында Ильяс Азизов күміс (13.100 ұпай), тағы бір отандасымыз Дмитрий Патанин қола жүлдегер (12.700 ұпай) атанды. Бұл жаттығуда жарыс иесі Акрорхон Темірхонов 13.550 балл жинап, топ жарды. Әйелдер арасында бөрене ...
Read More »U23 Азия чемпионаты: Қазақстан балуандары топ жарды
Вьетнамның Вунгтау қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен U23 жас санатындағы Азия чемпионатында басқа салмақтағы жүлдегерлер анықталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бүгін ерлер 4 салмақта сынға түсті. Соның ішінде Қазақстан командасына 2 жүлде бұйырды. Алтын медальді Ерасыл Мамырбеков (-55 кг), күміс жүлдені Мақсат Сайлау (-87 кг) алды. Сөйтіп, грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі ұлттық ...
Read More »Қазақстан садақ атудан Азия кубогының кезеңінде қола жүлде алды
Сингапурда садақ атудан Азия кубогының кезеңі болып жатыр. Жарыста Қазақстан садақшылары әйелдер командалары арасында блоктық садақ атудан қола медаль үшін бақ сынады. Қазақстан құрамасы Бангладеш спортшыларымен нысана көздеп, оларды 230:224 есебімен жеңді. Команданың намысын Әдел Жексенбинова, Роксана Юнусова мен Виктория Лян қорғады. Енді Азия кубогының алтын жүлдесі үшін Үндістан мен Малайзия командалары бақ сынайды. Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Үндістаннан небәрі ...
Read More »Қазақстан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы спорттық гимнастикадан командалық көпсайыста қола жүлдегер атағына ие болды. Бұл жүлдені Нариман Курбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Роман Маменов, Ілияс Әзізов пен Әлішер Тойбазаров жеңіп алды. Олар жалпы 240.301 ұпай жинады. Ұлттық Олимпиялық комитеттің хабарлауынша, бірінші орынды Жапония құрамасы (253.002 ұпай), екінші орынды Қытай құрамасы (248.265 ұпай), үшінші орынды ...
Read More »Көркем гимнастика: Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды
Көркем гимнастикадан Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан әлем кубогы үшін жарыста Қазақстан құрамасы 5 лента жаттығуында 21.850 ұпай жинап, қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Қытай спортшылары (25.150) жеңімпаз атанса, Израиль командасына 23.000) күміс медаль бұйырды.
Read More »Қазақстан балуандары Азия чемпионатын төрт жүлдемен аяқтады
Осымен грек-рим күресінен Иордания астанасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан қоржынында 2 күміс, 2 қола медаль бар, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Жүлдегерлер: Күміс медаль – Омар Сатаев (82 кг), Әлімхан Сыздықов (130 кг) Қола жүлде – Ибрагим Магомадов (77 кг), Шамиль Ожаев (87 кг) Ұпай саны бойынша жалпыкомандалық есеп: Иран құрамасы (201 ұпай) Өзбекстан құрамасы (168) ...
Read More »Шорт-трекшілер Универсиаданың қола медалисі атанды
Италияның Турин қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиадада еліміздің қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Шорт-тректен аралас эстафетада Қазақстан командасы мәреге үшінші болып жетті. Бұл сында Алина Ажғалиева, Малика Ермек, Дінмұхамедалдияр Тәжібай мен Валерий Клименко жарысты.
Read More »Қазақстан еркін күрестен Азия чемпионатында үш қола жүлде алды
Иорданияның Хашимит қаласында күрес түрлерінен 17 және 23 жасқа дейінгі балуандар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үш қола жүлде алды, деп хабарлады olympic.kz. Әмір Оразбаев, Ерғали Бейбарыс пен Бақдәулет Әкімжанов өз салмақтарында үздік үштіктен көрінді. Балуандарды Азия чемпионатына аға жаттықтырушылар Дәулет Ниязбеков пен Расул Қалиев бастап апарды. Грек-рим күресінің шеберлері Азия чемпионатын жалпы есепте үшінші орынмен аяқтады.
Read More »