Ташкент қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында ерлер арасында Қазақстан құрамасында екі спортшы помостқа шықты. Соның бірі — 81 келіге дейінгі салмақта Александр Уваров күміс медаль иеленді. Ол биыл Қытайдың Ханчжоу қаласында Азия ойындарында жұлқа көтеруде қола жүлдені (153 кг), серпе көтеруде 190 кг зілтемірді басынан асырып, қоссайыс қорытындысында 343 кг көрсеткішпен екінші орынды иеленді. Ташкентте тағы бір ауыр ...
Read More »Tag Archives: Азия чемпионаты
Ауыр атлетикадан АЧ: Сайрамкез Ақмолда – күміс жүлдегер! (ФОТО)
Ташкент қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта помостқа шыққан Сайрамкез Ақмолда күміс жүлдегер атанды. Ол жұлқа көтеруде 126, серпе көтеруде 166 келіні еңсеріп, қос жаттығудың қорытындысында 292 келі көрсеткішпен екінші орынды иеленді. Осы салмақта Солтүстік Кореяның спортшысы Ри Вон Джи 317 келі (137+180) көтеріп, Азия чемпионы атанды. Сайрамкез Ақмолда жұлқа және серпе көтеруді ...
Read More »Ташкентте ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталды
Өзбекстанның астанасы -Ташкент қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионатының жалауы көтерілді. Чемпионаттың бірінші күні еліміздің атынан Айнұр Абдықалықова посмостқа шықты. Ол 45 келіге дейінгі салмақта жұлқа көтеруде 62 келіні, ал серпе көтеруде 75 келіні басынан асырып, екі жаттығудың қорытындысы бойынша 137 келімен төртінші орынға табан тіреді. Солтүстік Кореяның спортшысы Вон Сим Хюн 192 (86+106) келіні көтеріп, Азия чемпионы атанды. Күміс жүлдені ...
Read More »Нысана көздеуден Қазақстан командасы Олимпиадаға бес жолдама алды
Қазақстан ұлттық құрама командасының мергендері Индонезияның астанасы – Жакарта қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының соңғы күні тағы 3 күміс жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады уризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Аралас қарқында қозғалатын жылжымалы нысана көздеуде (10 метр) Фатима Ирназарова күміс жүлдегер атанды. Ол жарыста 361 ұпай жинап, тек Қатар спортшысына есе жіберді. Ал ерлер арасында Асадбек Назиркульев та ...
Read More »Нысана көздеу: Азия чемпионатында құраманың қоржынына үш медаль түсті
Индонезияның астанасы Жакартада өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында Қазақстан мергендері тағы 3 жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Әйелдер арасында 10 метрден жылжымалы нысана көздеуде Фатима Ирназарова 567 ұпай жинап, тағы да құрлық чемпионы атанды. Ал ерлер сайысында Илья Зотеев үздік үштікті түйіндеді. Дәл осы жаттығудағы командалық бәсекеде құрамында Андрей Худяков, Илья Зотеев ...
Read More »Қазақстан нысана көздеуден Олимпиадаға тағы екі лицензия алды
Нысана көздеуден 5-18 қаңтар аралығында Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында отандастарымыз екі жолдаманы иеленді. 50 метрлік қашықтықтан нысанаға винтовкамен ату сайысында Александра Ле 7-орынға тұрақтап, Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алды. Бұл бағдарламада бұған дейін 2023 жылы Азия чемпионатында Арина Алтухова жолдама алған еді. Ал 25 метрден жылдам атылатын тапаншамен сынға түскен Никита Чирюкин іріктеу кезеңінде 584 ұпай ...
Read More »Стенд атудан Азия чемпионатына қатысатын құрама анықталды
12-22 қаңтар аралығында стенд атудан Азия чемпионаты болады. Онда Париж Олимпиадасына берілетін 8 жолдама үлестіріледі. Чемпионат лицензиялық жарыс болған соң, оған көп мемлекет қатысуға ниет білдіріп отыр. Туризм және спорт министрілгінің мәліметіне қарағанда, биылғы додаға 40 елден 500-ге жуық спортшы қатысады. Ал Қазақстанның намысын жарыста 18 мерген қорғайды.Олардың арасында жазғы Азия ойындары, Әлем кубогында үздік нәтиже жүрген Әсем Орынбай, Зоя ...
Read More »Каратэден АЧ: Қазақстан 8 алтын, 8 күміс пен 14 қола жүлде алды
Алматыда каратэден ересектер арасында Азияның I ашық чемпионаты аяқталды. Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметіне қарағанда, Қазақстан құрамасы 8 алтын, 8 күміс пен 14 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Екінші орынға 3 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль алған Иран спортшылары ие болса, одан кейін орынды екі алтын жүлде иеленген Біріккен Араб Әмірліктері қанағат ...
Read More »Каратэшілер Азия чемпионатында 24 медаль жеңіп алды
Алматыда WKF каратэден жастар мен жасөспірімдер арасындағы XXI Азия чемпионаты мәресіне жетті. Бұл жарысқа сары құрлықтың 30-ға жуық елінен 600 татами шебері қатысты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Чемпионатта Қазақстан спортшылары 8 алтын, 5 күміс және 11 қола медаль алып, жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Жапония каратэшілері 14 алтын, 5 күміс, 4 қола медальмен көш бастаса, үздік үштікті ...
Read More »Қазақстан спортшыларының өткен аптадағы жүлделері
Туризм және спорт министрлігі хабарлағандай, өткен аптада Қазақстан спортшылары бірнеше жарысқа қатысып, жүлдені жеңіп алды. Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында нысана көздеу және стенд атудан өткен лицензиялық Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары 33 медаль, оның ішінде 8 алтын, 11 күміс және 14 қола жүлде (нысана көздеу – 7-7-9; стенд ату – 1-5-4) иеленді. Бұл жарысқа Азияның 32 елінен 800-ден аса ...
Read More »