Қазақстан дзюдошылары әлемдік рейтингтегі позициясын жақсартты. Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Португалияда өткен Гран-при жарысынан кейін әлемдік рейтингті жаңартты. Қазақстан дзюдо федерациясының хабарлауынша, Гран-при турнирінде жеңімпаз-және жүлдегер атанған спортшылар рейтингте жоғарылады. Атап айтқанда, Әбиба Әбужақынова 8-ден 6-ға, Ғалия Тынбаева 52-ден бірден 37-ге, ал Жансай Смағұлов 13-орынға көтерілді. Қазақстан дзюдошыларының әлемдік рейтингтегі көрсеткіштері мынадай: Ерлер: 60 кг Мағжан Шамшадин – 13 (2513) ...
Read More »Tag Archives: Гран-при
Әлемдік турдың гран-при финалында екі қазақ күш сынасты
Португалияның Алмада қаласында әлемдік турдың гран-приінде атыраулық дзюдошы Әбиба Әбужақынова алтын медаль жеңіп алды. Бір қызығы, 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда екі қазақстандық бір-біріне қарсы бақ сынады. Сол сәтте Әбиба Әбужақынова Ғалия Тынбаевамен кездесіп, вадза-ариді бағалауға лақтыру арқылы жеңіске жетті. Қазақстандық спортта әйелдер арасында мұндай жағдай бірінші рет болып тұр. Спортшыларға медальдарды халықаралық дзюдо федерациясының бас директоры Влад Маринеску ...
Read More »Қазақстан таеквондошы Гран-при финалына қатысады
Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында 8-10 желтоқсан күндері таеквондодан Гран-придің финалы өтеді. Париждегі Олимпия ойындарына маңызды рейтингілік ұпай әкелетін турнирге әлемдегі таеквондоның мықтылары қатысады. Финалда Қазақстан командасынан Жансель Дениз (+67 кг) бен Смайыл Дүйсебай (+80 кг) күш сынасады. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »