• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Әлемдік турдың гран-при финалында екі қазақ күш сынасты

    Португалияның Алмада қаласында әлемдік турдың гран-приінде атыраулық дзюдошы Әбиба Әбужақынова алтын медаль жеңіп алды.

    Бір қызығы, 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда екі қазақстандық бір-біріне қарсы бақ сынады. Сол сәтте Әбиба Әбужақынова Ғалия Тынбаевамен кездесіп, вадза-ариді бағалауға лақтыру арқылы жеңіске жетті.

    Қазақстандық спортта әйелдер арасында мұндай жағдай бірінші рет болып тұр. Спортшыларға медальдарды халықаралық дзюдо федерациясының бас директоры Влад Маринеску табыстады.

    25 жастағы жеңімпаз Әбиба Әбужақынова – 2022 жылғы Ташкенттегі әлем чемпионатының қола жүлдегері, Абу-Дабидегі «Үлкен дулыға» турнирінің қола жүлдегері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

     

    Еркеғали БЕЙСЕНОВ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *