Елімізде жасөспірімдер үшін жаңа QJ League құрылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Турнирдің бірінші маусымына 18 жасқа дейінгі 12 команда қатысады: «Астана»; «Жас Қыран» (Алматы); «Қайрат» (Алматы); «Оңтүстік» (Шымкент); «Ордабасы» (Шымкент); «Ақсу» (Павлодар облысы); «Ақтөбе»; «Атырау»; «Қайсар» (Қызылорда); «Каспий» (Ақтау); «Тараз»; «Шахтер» (Қарағанды). QJ League-те 2023 жылғы маусымда матчтар апта сайын («үйде-сыртта» форматында, барлығы 132 матч) өткізіледі. Бұл футболшыларға кәсіби футбол талаптарына ...
Read More »Tag Archives: жасөспірімдер
Жасөспірімдер шаңғымен тұғырдан секіруден Олимпиадаға жолдама алды
Алматыда IV қысқы Жастар спорт ойындары болып жатыр. Бүгін Алатау бөктеріндегі қалада шаңғымен тұғырдан секіруден үздік жасөспірімдер анықталып, марапатталды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы хабарлады. Соңғы жарыс күні аралас командалық сында (2 қыз бен 2 ұл, — ред.) Алматы қаласының бірінші командасы айтарлықтай басымдықпен жеңіске жетті. Одан кейінгі орынға Алматы-2 командасы мен Шығыс Қазақстан облысының спортшылары ...
Read More »Қазақстан құрамасы Әлем кубогында екі жүлде алды
Бүгін семсерлесуден Қазақстан қыздар құрамасы жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогында үздік үштікті түйіндеді. Бәсекенің соңғы, 2-күні командалар өзара кім мықтыны анықтады. Қайша Жәнібек, Диляра Исабекова, Полина Ко мен Әдемі Серікбайдан құралған ұлттық құрама Грузияны 45:17 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды. Алайда онда Өзбекстаннан келген құрбыларына есе жіберді. Ал қола медаль үшін болған кездесуде Болгариядан 45:37 есебімен басым түсті. Командалық турнирге ...
Read More »Самбошы Бейбарыс Әбдіғани – әлем чемпионы
Самбодан Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 87 килодан аса салмақта сынға түскен Бейбарыс Әбдіғани қарсылас шақ келтірмей әлем чемпионы атанды. Енді сіздердің назарларыңызға өзге қазақстандық самбошылардың нәтижелерін ұсынамыз: Жасөспірімдер: Маргарита Бажаева — 3 орын (44 кг) Шадияр Қуандық — 3 орын (65 кг) Бейбарыс Әбдіғани – 1 орын (+87 кг) Жастар: Айжан Құдыретилла – ...
Read More »Қазақстан самбошылары жүлдені санап жатыр
Самбодан Сербияда өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы күні Қазақстан самбошылары жеті жүлдені жеңіп алды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, жастар арасында Рамазан Мамаев (62 кг) әлем чемпионы атанса, Жадыра Пайыз (44 кг), Маржан Бизақ (56 кг) пен Ерасыл Бақыт (48 кг) күміс медальді, Дәурен Болатбекұлы (82 кг) қола жүлдені жеңіп алды.Ал олардың ізбасарлары Асқар Усбосынов (48 кг) пен ...
Read More »