Теннистен еліміздің қыздар құрамасы Испанияның Кордова қаласында 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Billie Jean King Juniors Finals турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Қыздар құрамасы алғашқы ойында Аргентина теннисшілерін жеңді.
Мачта бірінші болып кортқа Полина Слепцова шықты. Қазір Полина ITF Juniors рейтингінде 224 келеді. Ол ITF тізімінде 117-оныда тұрған Соль Айлинді 7:6 (9:7), 6:3 есебімен жеңді.
Екінші ойында Анастасия Крымкова (576 ITF Juniors ranking) Жозефина Эстевистен (271 ITF Juniors ranking) 6:1, 3:6, 6:1 есебімен басым түсті.
Жұптық сында Іңкәр Дүйсебай мен Анастасия Крымкова қарсыластарынан жеңілді. Бұл матчта есеп 5:7, 6:4, 10:12 болып аяқталды.
Жалпы есепте 2:1 ұпайымен Қазақстан жасөспірімдері жеңіске жетті.
Командалық әлем чемпионатының В тобында Ұлыбритания мен Қазақстан құрамалары алда келеді. Ұлыбритания командасы бірінші матчта Бразилия өкіледрін 3:0 есебімен жеңді.
Бүгін Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мен Бразилия теннисшілері кортқа шығады.
Құраманың бас жаттықтырушысы — Марат Шәріпов.