Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Австрияның Кицбюэль қаласында жалауы желбіреген ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды. Ол финалда әлемнің 100-ракеткасы, франциялық Артур Казоны 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Бұл жеңіс — Александр Бубликтің ATP жарысындағы жетінші жеңісі. Сонымен бірге ол биыл үшінші рет теннис турнирінің жеңімпазы атанып отыр. Енді ол алдағы дүйсенбіде жаңартылатын рейтингіде 25-орынға көтеріледі. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Tag Archives: жеңімпаз
Бублик алғаш рет топырақ төсенішіндегі турнирді жеңіп алды
Қазақстанның бірінші, әлемнің 34-ракеткасы Александр Бублик Швейцарияның Гштаад қаласында ATP 250 турнирінде үздік шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол осыған дейін ATP турнирлерінде 12 рет финалға шығып, соның бесеуінде жеңімпаз атанған. Сондай-ақ бұл — Бубликтің топырақ төсенішіндегі жарыстағы алғашқы финалы. Отандасымызбен финалда дүниежүзілік рейтингіде 109-орында тұрған Хуан-Мануэль Серундоло ойнады. Финалдық матчты қарсыластар брейк алмасумен бастады. Бублик партияны 6:4 есебімен ...
Read More »Жібек Құламбаева — ITF W15 турнирінің жеңімпазы!
Әлемнің 306-ракеткасы Жібек Құламбаева Сербияның Курсумлийска Баня қаласында өткен ITF W15 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркеліп, финалда дүниежүзілік рейтингіде 751-орында тұрған сербиялық Драганья Вуковичпен алтын жүлдені атақты сарапқа салды. Бірінші сетте Жібек Құламбаева 2:0 есебімен алға шыққанымен, корт иесі таразы басын теңестірді. Есеп – 2:2. Дегенмен, Құламбаева тағы бір брейк жасап, ...
Read More »Түркияда Нұрқожа Қайпанов пен Ризабек Айтмұхан алтын жүлдені жеңіп алды
Грек-рим күресінен Түркияның Коджаэли қаласында өтіп жатқан Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Каплан атындағы халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының үш балуаны жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спорт істері және дене шынықтыру комитеті. Турнирде Нұрқожа Қайпанов (-74 кг) пен Ризабек Айтмұхан (-97 кг) жеңімпаз атанса, Азамат Дәулетбеков (-86 кг) екінші орынды иеленді. Нұрқожа Қайпанов финалда Рамазан Рамазановты ...
Read More »Анна Данилина Ұлыбританиядан жеңіспен келе жатыр
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Анна Данилина Ұлыбританияның Истбурн қаласында жалауы көтерілген WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды. Осыған дейін Францияның ашық чемпионаты — «Ролан Гаррос», турнирінде, Лондон, Ноттингем қалаларындағы жарыстарында финалға дейін жеткен теннисші бұл жолы чехиялық Мари Боузковамен бірге бақ сынаған еді. Данилина мен Боузкова дуэті финалда австралиялық Майя Джойнт пен Тайбэй өкілі Се Шувэймен бас жүлдені сарапқа ...
Read More »Александр Бублик Галле турнирінің екі дүркін жеңімпазы атанды
Еліміздің бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Бублик Германияның Галле қаласында өткен ATP 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол финалда әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевпен бірінші орын үшін ойнады. Осыған дейін қарсыластар бір-бірімен алты рет ойнап, соның бәрінде Медведев жеңген еді. Бубликтің өзі де ресейлік теннисшілерден тек Медведевті жеңе алмай жүргенін мойындаған болатын. Бұл жолы бірінші партияда есеп ...
Read More »Астанада арбадағы теннистен алғашқы ITF Futures Series турнирі аяқталды
Астанада арбадағы теннистен ITF Futures Series бойынша алғашқы турнирдің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Орталық Азия бойынша алғаш рет ұйымдастырылған жарысқа АҚШ, Жапония, Австралия, Франция, Оңтүстік Корея, Үндістан, Польша, Қырғызстан, Ресей, Беларусь және өз еліміздің өкілдері қатысып, бірнеше күн бойы бақ сынасты. Ерлер арасында жекелей сында тұрақты ойын өрнегін көрсеткен жапониялық Фудзимото Ёшинобу чемпион атанса, австралиялық Мартин Данн ...
Read More »Рыбакина биылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне жетті
Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол жарыстың төртінші ракеткасы болып тіркеліп, финалда әлемнің 19-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсоновамен ойнады. Бірінші партияда есеп 2:1 болған кезде Рыбакина брейк жасай білді. Содан кейін қарсыласына дес берген жоқ. Есеп — 6:1. Екінші сетте отандасымыз брейкпен алға шыққанымен, Самсонова ...
Read More »Бейбіт Жукаев алғаш рет жұптық сында челленджер турнирінің жеңімпазы атанды
Теннисші Бейбіт Жукаев жұптық сында Бахрейннің Манама қаласында челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жукаев Украина спортшысы Виталий Сачкомен бірге финалда Беларусь өкілі Иван Лютаревич пен франциялық Люка Санческе қарсы бас жүлдені сарапқа салды. Бұл матчта Жукаев пен Саяко 6:4, 6:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Бейбіт Жукаев алғаш рет жұптық сында челленджер додасында үздік шықты. Бұған дейін ...
Read More »Күрестен халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды
Күрестен мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлады Olympic.kz. Оған Қазақстан, АҚШ, Қытай, Қырғыстан, Өзбекстан, Аустралия, Бразилия, Ресей, Моңғолия спортшылары қатысты. 21 желтоқсанда 57 кг, 65, кг, 74 кг, 86 кг және 97 кг салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаздар анықталды. Төменде турнирдің жеңімпаздары көрсетілген: 57 кг: Рахат Қалжан (Қазақстан) 65 кг: Әділ Оспанов (Қазақстан) 74 ...
Read More »