Алматыда амброзияның гүлдеуіне байланысты маусымдық аллергия өршіп тұр. Әдетте ол шілденің соңы мен қазан айының аралығында байқалады, тамыз-қыркүйекте шарықтау шегіне жетеді. Амброзия ең күшті аллергендердің бірі саналады. Аллергияның белгілері: мұрыннан су ағу, бітелу, түшкіру, көздің қышуы мен қызаруы, тері бөртпелері, сондай-ақ бронх демікпесінің асқынуы мүмкін. Ауруды жеңілдету жолдары туралы «Оқ-Жетпес» «Алматы» емдеу-сауықтыру кешенінің терапевт дәрігері Жәнібек Зейналғабды айтып берді. – ...
Read More »